Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет10/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Диссертацияның зерттеу нысаны – антропоөзекті парадигма аясындағы көркем мәтіннің прагматикалық әлеуеті.

Зерттеу пәнін көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін құрайтын тілдік бірліктердің табиғатын ашу, сол арқылы автордың танымдық әлемін түсіну идеясы құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты – көркем мәтіннің коммуникативтік- прагматикалық әлеуетін антропоөзектік парадигма аясында ашу.

Осы мақсатқа сай мынадай зерттеу міндеттері анықталады:



  • тілдік құралдардың өзектелу ерекшеліктерін коммуникативтік- прагматикалық контекст деңгейінде сипаттау және қатысым жағдаятының оқырманға ықпал етуінің негізгі қағидаттарын анықтау;

  • жазушының діттеміне сәйкес мәтін құруда қолданылған тілдік құралдардың прагматикалық уәждерін белгілеу;

  • мәтіндегі окказионалды сипаттағы стилистикалық құралдардың прагматикалық мәнін бөліп көрсету;

  • көркем мәтін түзудегі мазмұндық-концептуалдық ақпараттың прагматикалық мәнін ашу;

  • автордың рухани әлемі мен аялық білімінің оның коммуникативтік діттеміне ықпалын дәйектеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет