Диссертацияның зерттеу нысаны – антропоөзекті парадигма аясындағы көркем мәтіннің прагматикалық әлеуеті.
Зерттеу пәнін көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін құрайтын тілдік бірліктердің табиғатын ашу, сол арқылы автордың танымдық әлемін түсіну идеясы құрайды.
Зерттеужұмысыныңмақсаты – көркем мәтіннің коммуникативтік- прагматикалық әлеуетін антропоөзектік парадигма аясында ашу.
тілдік құралдардың өзектелу ерекшеліктерін коммуникативтік- прагматикалық контекст деңгейінде сипаттау және қатысым жағдаятының оқырманға ықпал етуінің негізгі қағидаттарын анықтау;
жазушының діттеміне сәйкес мәтін құруда қолданылған тілдік құралдардың прагматикалық уәждерін белгілеу;
мәтіндегі окказионалды сипаттағы стилистикалық құралдардың прагматикалық мәнін бөліп көрсету;