Нарратор– көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны баяндау қызметтері бөлінген тұлға.
Оқырман – әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын алатыны оқырманға байланысты.
Парадигма – англ. paradigm, фр. paradigme, нем. Paradigma,йог. paradigma.1. Белгілі бір сөз табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын флективтік өзгерістер жиынтығы. 2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді түрлендіру формаларының жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз формаларының жиынтығы.
Парадигматика– таңбаны басқа таңбалардың көптігіне жатқызуға негіз болатын байланыстар, кейін таңба сөзжұмсамда қолданылу үшін осы көптіктен шығарылып, іріктеліп алынады;
Прагматика – семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі; хабарлама адресатына әсер ету.