І Негізгі бөлім.
Трикотаждың элементтері мен сипаттамалары
Трикотаж ілмек тоқу және олардың өзара айқасуы нәтижесінде жіптер жүйесінен немесе бір жіптен алынатын бұйым немесе жайма.
Трикотаждың негізгі элементтеріне ілмектер 1 (1,а-сурет), нобайлар 2 және созылмалар 3 жатады. Үзіліссіз элементті қатарларды түзетін ілмекті құрылым элементтерінің үйлесімі және осы қатарлардың тізбектелуі, сыртқы түрін және қасиеттерін анықтайтын трикотаж өрімін құрайды.
1-сурет. Ілмекті құрылымның 2-сурет. Иілмелі
элементтері және оның трикотаж
графикалық жазбасы
Қатарлардағы элемент үйлесімдерін және қатарлардың тізбектелу тәртібін қарастыру үшін графикалық сызба қолданылады. Нүкте қатарлары, ілмекті қатарлардың тоқылуы кезінде машинадағы иненің орналасуына сәйкес келетін көрші ілмектердің орталығын көрсетеді. Екі инешегі бар машиналарда алынатын трикотаждың ілмекті қатарлары екі сызықты құрайтын нүктелер бойынша орналасады.
Трикотаждың негізгі геометриялық параметрлеріне ілмектегі жіптің ұзындығы l, ілмекті қадам А (2-сурет) және ілмекті қатардың биіктігі В және жіптің сызықтық тығыздығы Т жатады.Ұзындық бірлігінде орналасатын ілмекті бағаналар (ілмекті қадамдардың саны) горизонталь бойынша тығыздығы деп аталады және Пг деп белгіленеді. Трикотаж тығыздығын анықтау кезіндегі ұзындық бірлігін 50 мм деп қабылданған. Яғни,
Пг=50/А (1)
Ұзындық бірлігіндегі ілмекті қатарлардың саны вертикаль бойынша тығыздығы деп аталады және ПВдеп белгіленеді.
ПВ=50/B (2)
Трикотажға созылғыштық және өлшем тұрақсыздығы қасиеттес болып келеді. Сондықтан трикотаждың Пг және ПВ тығыздықтарын қолдана отырып, оның ілмек құрылымын нақты анықтау мүмкін емес. Трикотаждың ілмек құрылымын геометриялық параметрлермен, яғни ілмектегі жіптің ұзындығымен және жіптің сызықтық тығыздығымен сипаттаған орынды болып табылады. Ілмектегі жіптің ұзындығы l дегеніміз – трикотаждың бір ілмегін тоқуға қолданылатын, миллиметрмен өлшенетін жіп кесіндісінің орташа ұзындығы болып табылады. Бұл параметр – трикотаждың әртүрлісозылу дәрежесі кезіндегі ілмек биіктігінің және енінің өзгеруіне тәуелді болмайды. Сонымен қатар, ілмек параметрлерінің мәні тұрақты болған жағдайда, трикотаждың созылғыштығына байланысты А және В параметрлерінің мәні әртүрлі болып келуі мүмкін.
Тоқу процесінде ілмектегі жіптің ұзындығын бекіту қиынға соқтырмайды. Өйткені осы параметрлердің мәнін ретке келтіріп, қажетті ілмекті құрылымын алуға болады.
Бірақ горизонталь бойынша тығыздық Пг және вертикаль бойынша тығыздықта ПВ трикотаж жиілігі туралы дұрыс түсінік бере алмайды, өйткені трикотаж жиілігі қай бір тығыздықта болмасын жіп қалыңдығына тәуелді болып келеді. Трикотаждың жиілігін анықтау үшін, оның құрылым параметрлерін l, A және В жіптің қалыңдығымен қиыстыру немесе ұштастыру қажет.
Ал текстильді жіп қалыңдығы, сызықтық тығыздық Т, текс (г/км) көрсеткішімен сипатталатыны белгілі.
Технологиялық есепті орындау үшін жіптің шартты диаметрі мына формула бойынша анықталынады:
(3)
мұндағы С- эксперимент түрінде анықталынатын тұрақты шама.
Ілмектің сызықты модульі σл, ілмектегі жіптің ұзындығында жіптің қандай қалыңдығы болатындығын көрсетеді:
σл=l/dy (4)
Ілмектің беттік модульі σп, трикотаждағы бір ілмек ауданының ілмектегі жіп алып жатқан ауданға қатынасын көрсетеді, яғни:
σл=АВ/(ldy) (5)
Ілмектің көлемді модульі σо трикотаждағы бір ілмек алып жататын көлемнің ілмектегі жіп алып жататын көлемге қатынасымен сипатталады:
σо=4ABM/(πd2yl) (6)
мұндағы М-трикотаж қалыңдығы
Ілмек модульін анықтаған кезде жіптің қалыңдығын оның шартты диаметріне dyтең деп қабылдайды.
Ілмектің сызықты модульі σл трикотаж жиілігін сипаттайды. Ал ілмектің беттік модульі σп трикотаж жиілігін және оның жарық өту дәрежесінің ерекшеліктерін сипаттайды. Ілмектің көлемді модульі σо ауа сыйымдылығын, сонымен қатар трикотаждың көлемді массасын сипаттайды.
Горизонталь және вертикаль бойынша тығыздықтардың қатынас коэффициенті былай анықталынады:
Достарыңызбен бөлісу: |