Ақпар Тақырыбы: Текстиль бейматалар өндірісінде Арахне тоқып-тігу машинасындағы ілмекқалыптастыру процестерін жобалау Орындаған: Асқар Жұлдыз Топ: 4 ткп-18-1 Қабылдаған: Коданова Самал «Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма пәндері»



бет4/8
Дата15.06.2022
өлшемі0,57 Mb.
#36905
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
ІІ Технологиялық бөлім
2.1.Цилиндрдің қозғалыс механизмі және шеңберлі шұлықты автоматының жұмысын басқару механизмі. Автоматтың өнімділігі

Цилиндрдің біржақты айналу қозғалысы кезіндегі оның жылдамдығы, реверсивтік қозғалысы кезіндегі жылдамдықпен салыстырғанда жоғарылауы мүмкін. Машинаның жетегінде, И>1 берлісті қатынастары бар 12,11,6,4 цилиндрлі тісті дөңгелектерден тұратын (8-сурет) бұрыштық жылдамдықты өзгертуге арналған тісті беріліс болады.





8-сурет. Цилиндрдің қозғалыс механизмі


Машинаның негізгі білігінде 1 үш шкив орнатылған: бос жүрісті 9, баяу жүрісті 8 және жылдам жүрісті 7. Баяу жүрісті шкив 8 және дөңгелек 12, негізгі білікке 1 еркін отырғызылған жалпы төлкеге 5 бекітілген. Дөңгелек 12, негізгі білікке қозғалыс беретін ауыспалы муфтамен 13 ілінісуі мүмкін. Машинаның жылдам жүрісі, аспалы муфтаның редукторы арқылы шкивтің 7 және дөңгелектің 11 айналу берілісімен жүзеге асырылады. Муфта 13 дөңгелекпен 12 байланысқан және цилиндрге қозғалыс береді. Төменгі бұрыштық жылдамдықпен цилиндрдің қозғалысы, шкивтегі 8 белдемшенің қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.


Муфта, тісті дөңгелекпен 12 байланысты болып қалады. Цилиндрдің айналу жиілігі, шкивтің айналу жиілігіне тең болады. Қазіргі заман талабына сәйкес, машиналардағы цилиндрдің айналу жиілігі, үш жылдамдығы бар электрқозғағышты ауыстырып қосумен өзгертіледі.



9-сурет. Басқару механизмі

Ал басқару механизміне келетін болсақ, ол есепті тізбектен және бөлгіш барабанынан тұрады


Есепті тізбек жеке тізбектерден тұрады. Ал бұл тізбектің дөңес жерлері болады, ал дөңес жерлер бұйымның жеке бөлімдері өлшемдерінің есептемелеріне сәйкес қойылған. Тізбек қозғалған кезде, машинаның барлық механизмдерін басқаратын бөлгіш барабанға әсер етеді. Тізбектің қозғалысымен байланысты тісті сектордың толық бір құлашында есепті тізбек, түйіннің үштен бір бөлігіне жылжиды. Реверсивтік қозғалыс кезінде сектордың бір толық құлашына, цилиндрдің екі айналымы сәйкес келеді.
Осыған байланысты бір түйінге тізбектің қозғалысы, цилиндрдің 12 айналымына сәйкес келеді (бір жақты қозғалысы кезінде) және реверсивтік қозғалысы кезінде 6 айналымға сәйкес келеді. Бөлгіш барабан алдыңғы және артқы барабандардан тұрады. Алдыңғы барабанда аспалы муфтаны басқаратын бастырма орналастырылған. Ал артқы барабанда машинаның жеке механизмдерімен байланысқан секциялар орнатылған.
Енді шеңберлі шұлықты автоматтың өнімділігін қарастырайық.
Бір бұйымды дайындауға кеткен уақыт, мин:
Тм=S/(mn)+S1/(m1n1)+S2/(m2n2) (15)
S, S1 жәнеS2 – цилиндрдің жылдам, бәсең және бау айналымында жасалатын ілмекті қатарлардың саны;m, m1және m2 - әртүрлі жылдамдықта цилиндрдің бір айналымында өндірілетін қатарлар саны;n,n1және n2– цилиндрдің айналу жиілігі.
Машинада шұлық-ұйық бұйымдарын тікелей тоқуға есепті тізбектің есебі әсер етеді. Егер тізбектің түйін саны белігілі болса, онда мына формуланы қолданған ыңғайлы:
Тм=zb/n+z1b1/n1+z2b2/n2(16)
мұндағы: b, b1 және b2 – белгілі бір жылдамдық режимінде бір тізбектің түйініне сәйкес келетін цилиндр айналымының саны; z, z1 және z2 – n, n1 және n2сәйкес цилиндрдің айналу жиілігінде тізбек түйінінің саны.
Бұйым қатарларының саны, трикотаж технологиясында қабылданған әдістеме бойынша есептелінеді.
Машинаның өнімділігі мына формуламен анықталынады:
Р= 60ПУК/(2Тм) (17)
Беймата материалдарының топтастырылуы және оларды өндіру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Беймата дегеніміз – бір немесе бірнеше текстиль материалдарының түрлерінен жасалған кездемені немесе олардың текстильді емес материалдармен үйлесімін айтамыз.
Беймата материалдарының топтастырылу негіздерінің әртүрлі белгілері бар. Олар: өндіріс әдісі, қолданылатын шикізаттың түрі, дайын материалдың қолданылу және т.б.
Беймата материалдарының негізі – талшықты жайғақ – оларды әр кезде әр қалай атап келген, яғни кейде талшықты кездеме немесе талшықты қабат, тіпті мақта деп те атаған. Бірақ соңғы кездері оның дұрыс аталуы жолға қойылған, оны «талшықты жайғақ» немесе қарапайым тілмен жай ғана «жайғақ» деп атайды. Бұл атау материалдың сипаттамалы қасиеттерін жақсы анықтайды, сонымен бірге бұл термин – «жайғақ» - текстиль өндірісінде бұрыннан қолданылады.
Беймата материалдарының өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға жататындар: көлемділігі, ауа өткізгіштігі, ылғал сіңіргіштігі, қаттылығы, жылу және дауыс айырушы қабілеттілігі, жоғарғы серпімділігі, құрылымының біркелкілігі, иілгіштігі.
Беймата материалдарын алу негізіне жататын технологияға байланысты оларды екі негізгі түрге бөледі: 1) механикалық технология бойынша алынған беймата материалдары, 2) химиялық технология бойынша алынған беймата материалдары немесе желімделінген беймата материалдары. Механикалық технология негізінде алынған жаймаларға қарағанда желімделген беймата материалдарының қаттылығы төмен, яғни жұмсақ және жақсы бүрмеленетін, ауа өткізгіштік қабілеттлігі жоғары болып келеді.
Беймата материалдары қолданылуына байланысты техникалық және тұрмыстық болып екіге бөлінеді. Беймата жаймаларынан техникалық мақсаттарға арналған – сүзгіш материалдар, брезенттер, қаптайтын материалдар, сонымен бірге пресс-үтік құрал-жабдықтарына, конвейерлі таспаларға, құрылыс мақсаттарына арналған материалдарды дайындайды; ал тұрмыста қолданылуына байланысты – мақталы бұйымдар, перделер, жамылғыштар, барлық жеңіл және сырт киім материалдары, жасанды былғары, іш-киімдер, махерлі жаймалар және басқа да бұйымдар дайындалады. Медицинада беймата жаймаларын емдік-профилактикалық және санитарлы-гигиеналық бұйымдарға қолданылады. Мысалы: хирургиялық тампондар, халаттар, күрдешелер, салфеткалар, сүлгілер, орайтын материалдар дайындалады.
Беймата материалдары қолданылатын шикізаттың түріне қарай тарамдалған мақта, мата немесе жіп жүйесі түрінде кездесуі мүмкін.
Беймата материалдарының ең көп қолданылатын топтастырылуы- өндіріс әдістері бойынша, яғни талшықты жайғақта талшықты бекіту немесе байланыстыру әдісі. Талшықты байланыстыру механикалық, химиялық және аралас әдістер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Химиялық әдіспен байланыстыру дегеніміз – жылытуда немесе қысымда полимерлі байланыстырушылар арқылы талшықты бекіту әдісі; механикалық әдіспен байланыстыру дегеніміз – сол талшықтардың өздерімен немесе жіптердің көмегі арқылы талшықтарды бекіту.
Беймата материалдарының өндіріс әдістерінің түрлілігін үш технологияға бөледі: механикалық, физика-химиялық және қиыстырылған.
Механикалық технология бойынша талшықты жайғақтың талшықтарымен немесе жіптерінен тоқылатын, жіптен немесе талшықтан жасалатын ілмектері бар текстильді емес материалдарды үйлестіру арқылы тоқып-тігілетін беймата жаймалары алынады. Осы технология бойынша талшықты жайғақты матамен үйлестіре отырып, инені түйреу арқылы жасалатын инемен тесілетін жаймалар алынады.
Физика-химиялық технология бойынша талшықты жайғақтардан алынатын желімді жаймалар, сонымен қатар құрылымын дисперсиямен және полимердің балқымасымен бекіте отырып, қарапайым жіптер мен маталар арқылы жайғақ алынады. Фильерлі жаймалар, полимерлердің ерітіндісінен жасалынатын үзіліссіз жіптердің тікелей қалыптасту процесіндегі талшықты жайғақтан жасалады.
Қиыстырылған технология бойынша тафтингілі, электрфлокирленген инемен тесілетін беймата материалдары өндіріледі.

Өндіру әдістері





Жіптерді желімдеу



Тоқып-тігу әдісі



Механикалық технология

10-сурет. Беймата материалдар өндірісінің әдістері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет