Қорытынды
Дипломдық жоба «Текстиль бейматалар өндірісінде Арахне тоқып-тігу машинасындағы ілмекқалыптастыру процестерін жобалау» тақырыбы бойынша текстиль беймата материалдар өндірісіне арналған қалдықтардың түрлері және олардың қандай күйінде келіп түсуі үлкен роль атқарады. Қалдықтардың құнын Камволь фабрикаларының алғашқы шикізат құнымен салыстырғанда мынандай болады: иірілген таспаның ұштары - 71%, тарақшалы тарамдар - 60%, таза ширатылған жіп ұштары - 40%, кір ұштар - 28%; ал шұға фабрикаларында: тарамдар - 14%, сыдырғыштар - 5%. Беймата материалдар өндірісінде қолданылатын ақлдықтар қасиеттері, күйі және белгілеулері бойынша әртүрлі болып келеді.Сондықтан араластыруға қалдықтарды дайындау жоспары да әртүрлі, яғни қалдықтың жеке түрлеріне әртүрлі дайындаудың әртүрлі әдістері қажет.Беймата материалдар өндірісінде мақта-маталы қалдықтарынан басқа мақта тазалау зауыттарының талшықты қалдықтарын қолданады.Беймата текстиль материалдары өндірісінде араластыруға компоненттерді дайындау жоспары – қоспа құрамына байланысты белгіленеді және тарау құрал-жабдықтарын және жайғақ қалыптастыратын құралдарды таңдаумен анықтайды. Компоненттерді араластыруға және тарауға дайындау – беймата материалдарына арналған жайғақ қалыптастыру процесінің технологиялық және экономикалық нәтижелерін анықтайтын жауапты операция болып табылады.
Дипломдық жобаның негізгі бөлімінде трикотаждың қасиеті екі негізгі факторлар арқылы анықталынады: 1) трикотаж қалыптасқан жіптердің қасиеттерімен, 2) трикотаж құрылымымен. Ілмектегі жіптің формасы және ұзындығы, ілмектердің өзара орналасуы – трикотаж машинасында олардың тоқылу шарттарына байланысты болып келеді. Трикотаждың түрлері өте көп. Бірақ, ілмекқалыптастыру процестерінің негізіне бір принцип қойылған. Ал негізі ілмекқалыптастыру процесінің екі түрі болады – трикотажды және тоқу. Трикотаждың құрылымы кез-келген текстиль бұйымдары сияқты өзін құрайтын элементтердің өлшемдерімен, формасымен және өзара орналасуымен анықталынады. Трикотаж құрылымы элементтерінің формасына байланысты олар ілмектер, нобайлар және созылма түрінде болады. Трикотаждың бірнеше түрлерінде ілмектер, нобайлар және созылмалармен қатар оның құрылымына жіптердің қосымша кесінділері кіруі мүмкін. Белгілі бір тәртіпте құрылым элементтерінің байланысы трикотажды қалыптастырады. Байланыстыру түрімен яғни құрылым элементтерінің өзара байланысымен трикотаждың өрімі сипатталады.Трикотажды тоқуда қолданылатын жіптің түрімен қатар өрімнің түрі де оның: созылғыштығын, тарқатылғыштығын, массасын, қалыңдығын, форма тұрақтылығын анықтайтын трикотаждың сапалы сипаттамасы болып табылады. Трикотаж өрімінің көптілігімен немесе әртүрлілігімен ажыратылады. Әртүрлі өрімдерді қолдана отырып, әртүрлі қасиеттері, өрнектерді немесе құрылымдары ерекше трикотажды алуға болады.Трикотаж өрімдері топтастырылуының жалпы жүйесін 1944 жылы бірінші рет профессор А.С. Далидович ұсынды. Одан кейін өрімдер топтастырылуының бұл жүйесі жетілдірілді және өрімнің жаңа класстарымен толықтырылды.Трикотаждың қалыңдығын сипаттайтын ілмекті қабаттардың саны бойынша оларды бір қабатты және көпқабатты трикотаждар деп ажыратады. Бір қабатты өрімді трикотаж бір инешегі бар машиналарда өндіріледі, ал кейбір көп қабатты өрімді трикотаж екі немесе бірнеше инешектері бар машиналарда өндіріледі.Трикотаж өрімдерінің әр жеке класстарының ілмектерінің де түрлері әртүрлі болып келеді: ашық және жабық созылмалары бар ілмектер.
Дипломдық жобаның технологиялық бөлімінде текстиль өндірісінің басқа салаларына қарағанда беймата материал өндірісіне арналған шикізат базасы үлкен жүйелілікпен ерекшеленеді, яғни беймата жаймаларын өндіру үшін, барлық табиғи және химиялық талшықтардың түрлері, олардың қоспалары, текстиль өндірісінің қалдықтары, химиялық талшықтар өндірісінің қалдықтары, тоқыма және тігін өндірістерінің қалдықтары, тұрмыстық және өндірістік-техникалық белгілеулері бар киілген текстиль бұйымдарынан алынатын тұтыну қалдықтары, химиялық комплексті жіптер, табиғи және химиялық талшықтардан жасалынған жіптер, каркасты материалдардың түрлері, полимерлер, пленкалар және басқа материалдар қолданылады. Беймата материалдарын алудың желімді әдісі – талшықтары бағытсыз орналасқан талшықты жайғақтарды алуға негізделген.Беймата материалдарының 60%-нен жоғары мөлшері талшықтары бағытсыз орналасқан жайғақтардан өндіріледі.Текстиль өнеркәсібіне арналған Санкт-Петербургтегі «Вулкан» машина жасау бірлестігінде шығарылатын тоқып-тігу агрегаттарының бірнеше түрлері өңделген. Осы уақытқа дейін техникалық сонымен қатар тұрмыстық белгілеудегі беймата текстиль материалдарының әртүрлі ассортименттерін шығаратын кәсіпорындарда әртүрлі типтегі 800 агрегаттың түрі шығарылған. Бірақ тоқып-тігу агрегаттарының түрі көп болғанымен, олардың барлығы бір технологиялық сызбамен жұмыс істейді, құрылғыларының жұмыс принциптері де бірдей болып келеді. Бірақ бір-бірінен айырмашылығы тарау машиналарының әртүрлілігі, сонымен қатар, жеке тораптарының және механизмдерінің құрылымы Арахне машинасында талшықты жайғақты тоқу технологиясы ВП-180 машинасындағы тоқу технологиясына ұқсас болып келеді. Ілмекқалыптастыру механизмдері бірнеше құрылымды ерекшеліктерімен жасалған.Талшықты жайғақ 1 қоректендіргіш тасымалдағыштардың 2 көмегімен, қозғалмайтын тор көз 3 және қозғалатын платиналар 4 арасындағы саңылаудан өтіп, машинаның ілмекқалыптастыру бөлшектеріне келіп түседі.Жіңішке металл таяқшалары түріндегі қозғалмайтын тор көз ВП-180 машинасындағы қозғалмайтын платиналардың қызметін атқарады, яғни инеден талшықтың шығуы кезінде оны ұстап қалады және жаңа ілмектің қалыптасуына және тартылуына шарт жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |