Ақпар Тақырыбы: Текстиль бейматалар өндірісінде Арахне тоқып-тігу машинасындағы ілмекқалыптастыру процестерін жобалау Орындаған: Асқар Жұлдыз Топ: 4 ткп-18-1 Қабылдаған: Коданова Самал «Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма пәндері»



бет3/8
Дата15.06.2022
өлшемі0,57 Mb.
#36905
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
С=Пгв=В/А (7)
Дипломдық жобаның негізгі бөлімінде Трикотажға созылғыштық және өлшем тұрақсыздығы қасиеттес болып келеді. Сондықтан трикотаждың Пг және ПВ тығыздықтарын қолдана отырып, оның ілмек құрылымын нақты анықтау мүмкін емес. Трикотаждың ілмек құрылымын геометриялық параметрлермен, яғни ілмектегі жіптің ұзындығымен және жіптің сызықтық тығыздығымен сипаттаған орынды болып табылады. Ілмектегі жіптің ұзындығы дегеніміз – трикотаждың бір ілмегін тоқуға қолданылатын, миллиметрмен өлшенетін жіп кесіндісінің орташа ұзындығы болып табылады. Бұл параметр – трикотаждың әртүрлісозылу дәрежесі кезіндегі ілмек биіктігінің және енінің өзгеруіне тәуелді болмайды

1.2. Трикотаж өрімдерін топтастыру


Трикотаждың құрылымы кез-келген текстиль бұйымдары сияқты өзін құрайтын элементтердің өлшемдерімен, формасымен және өзара орналасуымен анықталынады. Трикотаж құрылымы элементтерінің формасына байланысты олар ілмектер, нобайлар және созылма түрінде болады. Трикотаждың бірнеше түрлерінде ілмектер, нобайлар және созылмалармен қатар оның құрылымына жіптердің қосымша кесінділері кіруі мүмкін. Белгілі бір тәртіпте құрылым элементтерінің байланысы трикотажды қалыптастырады. Байланыстыру түрімен яғни құрылым элементтерінің өзара байланысымен трикотаждың өрімі сипатталады.


Трикотажды тоқуда қолданылатын жіптің түрімен қатар өрімнің түрі де оның: созылғыштығын, тарқатылғыштығын, массасын, қалыңдығын, форма тұрақтылығын анықтайтын трикотаждың сапалы сипаттамасы болып табылады. Трикотаж өрімінің көптілігімен немесе әртүрлілігімен ажыратылады. Әртүрлі өрімдерді қолдана отырып, әртүрлі қасиеттері, өрнектерді немесе құрылымдары ерекше трикотажды алуға болады.
Трикотаж өрімдері топтастырылуының жалпы жүйесін 1944 жылы бірінші рет профессор А.С. Далидович ұсынды. Одан кейін өрімдер топтастырылуының бұл жүйесі жетілдірілді және өрімнің жаңа класстарымен толықтырылды.
Қазіргі кезде трикотаждың негізгі, туынды, суретті және қиыстырылған класстарын ажыратады.
Негізгі өрім класына құрылымның бірдей элементтерінен (ілмектерінен) тұратын қарапайым өрімдер жатады. Негізгі өрімдердің құрылымы қарапайым болып келеді.
Туынды өрім кластарына бірнеше бірдей негізгі өрімдердің үйлесімімен тоқылған өрімдер жатады. Олар бір өрімнің ілмекті бағаналарының арасында екінші өрімнің ілмекті бағаналары орналасып тоқылады.

Суретті өрім класына қосымша элементтерді (нобайлар, созылмалар, қосымша жіптер) қосу жолымен, немесе жаңа қасиеті бар трикотажды алу мақсатымен өндіру процестерін өзгерту жолымен негізгі және туынды өрімдер негізінде алынатын өрімдер жатады.


Негізгі, туынды және суретті өрім негізінде жасалған кластар тармағының саны шектеулі.
Ал қиыстырылған өрімді трикотаж әртүрлі негізгі, туынды және суретті өрімдердің белгілерімен үйлеседі. Әр қиыстырылған өрімді трикотаждың екі әртүрлі класс белгілері болады.
Трикотаждың әртүрлі класты өрімдерінің үйлесім әдісіне байланысты қарапайым, туынды-қиыстырылған, суретті және күрделі қиыстырылған өрімді трикотаж түрлері бар.
Класс және класс тармағынан басқа өрім раппортпен сипатталады. өрім раппорты дегеніміз – ілмекті қатарлардың (биіктік бойынша раппорт ) немесе ілмекті бағаналардың (ені бойынша раппорт ) ең төменгі саны ілмекті қатар немесе ілмекті бағана тоқылғаннан кейін өрімдегі ілмектер, созылмалар немесе нобайлар кезектесу тәртібі қайталанып отырады.
Иілмелі өрімді трикотажда ілмекті қатар бір жіптен жүйелі түрде тоқылады, ілмектің артынан ілмек немесе ілмекті қатарды тоқуға бағытталған ілмекке иілетін бір немесе бірнеше жіптердің белгілі бір тізбектелуі кезінде тоқылады. Негіз өрімді трикотажда ілмекті қатар бір уақытта бір немесе бірнеше жіптер арқылы тоқылады. Мұнда әр жеке негіз жіптерден бір ілмектен немесе екі ілмектен қалыптасады.
Трикотаждың қалыңдығын сипаттайтын ілмекті қабаттардың саны бойынша оларды бір қабатты және көпқабатты трикотаждар деп ажыратады. Бір қабатты өрімді трикотаж бір инешегі бар машиналарда өндіріледі, ал кейбір көп қабатты өрімді трикотаж екі немесе бірнеше инешектері бар машиналарда өндіріледі.
Трикотаж өрімдерінің әр жеке класстарының ілмектерінің де түрлері әртүрлі болып келеді: ашық және жабық созылмалары бар ілмектер.
Әртүрлі класс тармақты трикотаж өрімдеріне шартты белгілер енгізіледі. Негізгі және туынды өрімнің класс тармақтарын бір немесе бірнеше әріптермен белгілейді, яғни бір қатарда. Мысалы: Ж – жатық, БЖ – беттік жатық, Т – трико, А – атлас, ТТ – туынды трико, ҚТТ – қосарлы туынды трико, ТЛ – туынды ластик және тағы да басқалары.
Суретті өрім класс тармақтарын бөлшек түрінде жазады. Алымында суретті өрім негізінде алынған негізгі және туынды өрімдердің класстары үлкен әріптермен белгіленеді, ал бөлімінде суретті өрімінің класс тармақтары әріптермен белгіленеді. Мысалы: Ж/С – жатық негізіндегі селдір өрімі трикотажы, Л/Ж – ластик негізіндегі жаккард өрім трикотажы.
Қиыстырылған өрімді қосынды түрінде жазады. Мысалы: Л+Ж – ластик және жатық өрімдерінің элементтерінен тұратын қиыстырылған өрім, Л/Ж+Л/Пр – ластик негізіндегі қиыстырылған пресс-жаккардты өрім.
.

1.3. Трикотаж машинасының негізгі жұмысшы бөлшектері


Трикотаж машинасында берілген қозғалысты және жіптің жағдайын, қасиетін, формасын өзгертуді жүзеге асыратын механизмдер біріктірілген Трикотаж машинасының негізіне – ілмекқалыптастыру бөлшектері жатады. Ал ілмекқалыптастыру бөлшектеріне инелер, платиналар, пресс, көзшелер жатады. Ілмекқалыптастыру бөлшектерінен басқа бөлшектер де болады. Ілмекқалыптастыру бөлшектерімен бірге барлық осы бөлшектер инелі-платиналы бұйымдар деп аталады.


Негізгі жұмысшы бөлшектердің құрылымы, бірінші кезекте машинада тоқылатын жайманың немесе бұйымдардың түріне байланысты болып келеді. Ілмекқалыптастыру процестері де құрылымға өзіндік ерекшелігін білдіреді. Егер ілмекқалыптастыру жүйесінің бөлшектері күрделі шарттарда жұмыс істейтін болса (үлкен айналу жиілігі, соққылы жүктемелер, күрделі иілу немесе майысу), онда олардың физика-механикалық қасиеттері жоғары болуы керек. Инелі-платиналы бұйымдардың түрлері өте көп. Инелі-платиналы бұйымдар шығаратын өнім номенклатурасы каталогқа енгізіледі. Бұл каталогта әр бұйымға «позиция» деп аталатын шартты белгілеу берілген. Ал өлшемі кішірек болу керек, өйткені ол ілмекқалыптастыру процесінде иненің жүрісін алдын-ала анықтайды және осылай ілмекқалыптастыру процесінің бойлық ұзындығына өз әсерін тигізеді. Иненің формасы тілшенің ашық және жабық жағдайында да өзегімен қамтамасыз ету керек.
Ал енді бұл бөлшектердің құрылымдарына жеке-жеке тоқталайық. Мысалы, тілшелі ине. Тілшелі инелердің ілгегі 1, тілшесі 2, тостағаны 3, осьі 4, өзегі 5, өкшесі 6 және арты жағы 7 болады. Тілшелі иненің ерекшеліктеріне айналатын тілшесі жатады. Оның қызметі – ескі ілмекті пресстеу және келтіру операциясын орындаған кезде иненің ілгегін жабады (3,а – сурет).
Иненің пішіні инеден ескі ілмекті түсіруге мүмкіндік туғызуы керек. Пресстелінген инелерден ескі ілмектердің түсуі қиын болады. Ілмектің түсуін жеңілдету үшін тілшенің тостағанын 3 ілгекке қарағанда кеңірек жасайды. Сонда ескі ілмек тостағанда ұлғайып, жаңа ілмекке жылдам және жеңіл түседі.
Ілмекқалыптастыру процесінің ерекшеліктері, тілшелерінің және өкшелерінің санымен ерекшеленетін тілшелі инелердің құрылымын анықтайды. Каталогтағы тілшелі инелердің позициясы, инелердің жеке бөлшек формаларына, өкше биіктігіне байланысты әртүрлі болады.



4-сурет. Трикотаж машинасының инелері және платинасы
а – тілшелі ине; б – ілгекті ине; в – платина
Ал ілгекті инеде (4,а – сурет) өзек 1, ілгек 2, тостаған 3 болады. Тостағанның белгілеуі – пресстеу операциясы кезінде ілгек ұшының өзекке жатуын қамтамасыз етеді. Ілгекті инелер ұзын және майысу кезінде қаттылығы төмен болуы қажет.
Машинаның өнімділігін жоғарылатуда, тілшенің және ілгектің ұзындығымен анықталынатын иненің жүрісін төмендету елеулі орын алады. Бұл өлшемді төмендету үшін иненің құрылымы өзгертілген. Осының нәтижесінде иненің жаңа түрі – құрама инелер пайда болды. Ал бұрын құбырлы инелер өңделіп қолданылған. Қазіргі кезде негіздеп тоқу өндірісінде ең көп қолданылатын ине – саңылаулы инелер болып табылады (4,в – сурет).
Платиналар, ілмектің қалыптасуы жүретін кеңістік жасайды; бекіту операциясын орындаған кезде қозғалатын инелермен көтерілетін ескі ілмекті ұстап қалады, сонымен қатар тоқу аймағынан ілмекті тартуды жүзеге асырады. 3,в-суретінде бірфонтурлы шеңберлі тоқу машинасының платинасы көрсетілген. Платина иектен 1, мұрыншадан 2, мойындықтан 3, өкшеден 5, негізден 4 тұрады. Платиналардың құрылымы әртүрлі және ілмек тоқу кезіндегі олардың жұмысы, нақты трикотаж машинасын оқып үйренуде жеке қарастырылады (4,г – сурет).
Пресс. Бұл ілмекқалыптастыру бөлшек пластина немесе диск түрінде болады. Мұның көмегімен ине ілгектеріне қысым жүзеге асырылады және күзу жабылады.
Жіпжүргізгіш. Бүл бөлшек саңылауы бар пластина түрінде дайындалады және инеге жіптің төселуін қамтамасыз етеді.
Құрылымы әртүрлі машиналарда құрылғыларының өзіндік өрекшеліктері бар пресстер және жіпжүргізгіштер қолданылады.
Трикотаждың қасиеті екі негізгі факторлар арқылы анықталынады: 1) трикотаж қалыптасқан жіптердің қасиеттерімен, 2) трикотаж құрылымымен. Ілмектегі жіптің формасы және ұзындығы, ілмектердің өзара орналасуы – трикотаж машинасында олардың тоқылу шарттарына байланысты болып келеді. Трикотаждың түрлері өте көп. Бірақ, ілмекқалыптастыру процестерінің негізіне бір принцип қойылған. Ал негізі ілмекқалыптастыру процесінің екі түрі болады – трикотажды және тоқу.
Ілмекқалыптастыру процестерін қарастыра отырып, трикотажды және тоқу процестерінде бірізділігі әртүрлі болып келетін, жеке сипатты операцияларды бөлуге болады. Ілмекқалыптастыру процестерін оқып үйрену кезінде операцияның кез-келген түрі, уақыт бойынша жүретінін есепке алу керек. Әр операцияның мәнін ашатын суреттер, ілмекқалыптастыру бөлшектерінің және жіптерінің тек лездегі жағдайын көрсетеді.
Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесі он операциядан тұрады (5-сурет): 1-бекіту; 2-төсеу; 3-иілдіру; 4-шығару; 5-пресстеу; 6-келтіру; 7-байланыстыру; 8-түсіру; 9-қалыптастыру; 10-тарту.



5-сурет. Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесі

Бекіту операциясы иненің және ескі ілмектің салыстырмалы қозғалысынан тұрады. Мұнда ескі ілмек, ілгектің шектеуінде иненің негізіне қарай жылжиды. Ілгектің ұшы мен ескі ілмектің инелі доғасы арасындағы ара-қашықтық, инеге жаңа жіптің төселуін қамтамасыз ету керек.


Төсеу операциясының түсінігімен, өрім суретімен анықталынатын бағдарламаға сәйкес инеге жіптің берілуі түсіндіріледі. Мұнда жіп, шығару операциясы әлі орындалмаған инелердің ілгектеріне төселуі керек. Жіпті берудің ілмекті және инелі бұрыштары – жіптің инемен өзара қатынасын сипаттайды. Ал мұнда жіпті берудің ілмекті бұрышы дегеніміз – егер жіпті горизонтальды жанама кеңістіктерде жобаласақ, ескі ілмектер орналасқан горизонталь кеңістігі бойынша жіптің иілу бұрышы болып табылады. Ал жанама кеңістіктегі қатынасы бойынша жіптің жақындау бұрышы, жіпті берудің инелі бұрышы деп аталады.
Иілдіру операциясының түсінігімен, қажетті формадағы және ұзындықтағы ілмектің тоқылуына арналған инедегі қойылған жіптердің иілуі түсіндіріледі. Ілмектегі жіптің ұзындығы l, трикотаждың құрылымын және қасиетін анықтайтын негізгі параметр болып табылады. Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесінің басында, трикотажды жобалау кезінде есептелінетін ілмектегі жіптің ұзындығы алдын-ала қарастырылады.
Шығару операциясы дегеніміз – инедегі жіптің ілгек астындағы қозғалысы. Ілмекқалыптастырудың трикотажды процесінің шығару операциясы кезінде барлық ілмектер бірдей тартылуы керек, ал ондай болмаған жағдайда, жіптің үлкен тартылатын бөлімшесіне қарай бағытталуы мүмкін. Жеке ілмектер арасында жіпті қайта бөлу - трикотаждың тегіссіз болуына әкеп соқтырады. Шығару операциясы кезінде жаңа ілмектегі жіптің керілуін төмендету керек.
Келесі операция – пресстеу, яғни ине өзегімен ілгек арасындағы саңылауды жою. Трикотаж машинасындағы пресстеу операциясы, инелерге белгілі бір тәртіптілікпен әсер ететін пресс арқылы жүзеге асырылады. Иілдіру және шығару операцияларынан кейін, инелер, цилиндрдің ары қарай айналуында, өзінің арнайы формасы бар, қозғалмайтын прессті кездестіреді немесе жұмыс істейді. Осының нәтижесінде ине тостағанына ілгектің ұшы кіреді. Престеу операциясымен қатар, ескі ілмектерге бекітетін құрылғының қозғалысы тоқтатылады. Ескі ілмек иненің ілгегі бойынша көтеріледі. Пресстеу операциясы кезінде, жаңа ілмек ілгектің ұшына қысылып қалмас үшін, ине ілгегінің астына орналасуы керек. Әтпесе бұл, ілгекке ескі ілмектің түсіп кетуін тудырады.
Ал келтіру операциясы кезінде, ескі ілмек, иненің пресстелінген ілгегі бойынша, жаңа қойылған ілгек бағытымен жылжиды.
Осы уақытқа дейін ілмекқалыптастыру процесіндегі ескі және жаңа ілмектің жіптері, бір-біріне тәуелсіз иненің әртүрлі беті бойынша жылжыды. Келтіру операциясы кезіндегі жіптің ең соңғы жағдайын келтіретін болсақ, онда ескі және жаңа ілмектер бір-бірінен ажыратылған. Жаңа ілмектер, ілгек астында орналасқан, ал ескі ілмектер иненің ілгегінде майысып тұрады. Трикотаждың жаңа элементі – ілмекті тоқу үшін жаңа жіпті ескі ілмек арқылы тарту қажет. Шығару және келтіру операциялары орындалғаннан кейін, жаңа және ескі ілмекті байланыстыру операциясы жүреді.
Байланыстыру – ілгек шыңының ішкі нүктесінің ескі ілмектің орналасу кеңістігіне сәйкес келеді. Осыдан кейінгі иненің және ілгектің салыстырмалы қозғалысы, ине ілгегінен ескі ілмектің жаңа ілмекке түсуін анықтайды. Бұл операция – лақтыру деп аталады.
Ескі ілмектер лақтырылғаннан кейін жаңа ілмектер қалыптасады. Қалыптастыру дегеніміз – инелерден түсірілген ескі ілмектер арқылы жаңа жіптерді тарту, осының нәтижесінде жаңа ілмектер пайда болады. Ілмекқалыптастырудың трикотажды әдісінде, қалыптастыру операциясы кезіндегі жаңа ілмектегі жіптің ұзындығы, иілдіру операциясы кезіндегі ілмектегі жіптің ұзындығына тең.
Қалыптастыру операциясымен ілмекқалыптастыру циклы аяқталады, яғни нәтижесінде жаңа ілмек тоқылады. Ілмекқалыптастыру бөлшектері, тоқудың жаңа циклын бастайды. Иненің алғашқы қозғалысы, одан ескі ілмекті тарту арқылы жүреді. Қалыптастыру операциясынан кейін инеден түсірілген ескі ілмектер, инелерге салыстырмалы түрде ілмектер иненің ілгегіне қайта түсе алатындай болып орналасады. Бұл құбылыс трикотаждың ақаулығына әкеп соқтырады. Тарту операциясы кезіне ескі ілмек, қозғалынатын ине траекториясынан алынып тасталынады. Тарту операциясы платинаның көмегімен жүзеге асырылады.
Дипломдық жобаның негізгі бөлімінде трикотажды тоқуда қолданылатын жіптің түрімен қатар өрімнің түрі де оның: созылғыштығын, тарқатылғыштығын, массасын, қалыңдығын, форма тұрақтылығын анықтайтын трикотаждың сапалы сипаттамасы болып табылады. Трикотаж өрімінің көптілігімен немесе әртүрлілігімен ажыратылады. Әртүрлі өрімдерді қолдана отырып, әртүрлі қасиеттері, өрнектерді немесе құрылымдары ерекше трикотажды алуға болады.Трикотаждың қасиеті екі негізгі факторлар арқылы анықталынады: 1) трикотаж қалыптасқан жіптердің қасиеттерімен, 2) трикотаж құрылымымен. Ілмектегі жіптің формасы және ұзындығы, ілмектердің өзара орналасуы – трикотаж машинасында олардың тоқылу шарттарына байланысты болып келеді. Трикотаждың түрлері өте көп. Бірақ, ілмекқалыптастыру процестерінің негізіне бір принцип қойылған. Ал негізі ілмекқалыптастыру процесінің екі түрі болады – трикотажды және тоқу.

1.4. Қос көлденең трикотаж тоқу өндірісі


Қосарлы трикотажда екі жағының беткі ілмектері ішкі ілмектерімен үйлеседі. Екі бетті қосарлы трикотаждың беткі ілмекті бағаналары, белгілі бір тәртіпте ішкі ілмекті бағаналармен үйлеседі. Мұндай трикотажды ластикті деп те атайды. Қосарлы трикотаж, екі инешегі бар екі фонтурлы машиналарда тоқылады. Тілшелі инелі екі фонтурлы машиналарда тоқылады. Тілшелі инелі екі фонтурлы машиналарда ілмекқалыптастыру процесі, екі инешекте де тоқу әдісі арқылы орындалады.



6-сурет. Екі фонтурлы машинадағы ілмекқалыптастыру процесі


Сонымен қатар тоқу әдісі, үлестіріп тұратын және жүйелі болып екіге бөлінуі мүмкін. Үлестіру әдісімен тоқу кезінде ілмектер, бірінші бір инешек инесінде тоқылады. Мұнда ілмектердің шамасы, екінші инешектің инелері, бірінші инешек ілмектерінен жіпті ала отырып, өзінің ілмектерін тоқуға болады. Үлестіру әдісінсіз тоқу процесі екі инешекте де ілмектің жүйелі тоқылуымен сипатталады.


Енді әр инешекте ілмектің жүйелі тоқылуы кезіндегі екі фонтурлы машинадағы ілмекқалыптастыру процесін қарастырайық. Толық емес бекіту операциясының алғашқы жағдайы 6,а-суретінде көрсетілген. Ескі ілмектер ине тілшесінің соңында орналасқан. Бекіту операциясын орындау үшін инелер V1 және V2 бағытына қарай қозғалады. Ескі ілмектер, үйкеліс күшінің әсерінен инелермен бірге қысылып қалмас үшін ілмектер, жайманы тарту механизмі арқылы инешектер арасынан тартылады. (F күші). Бекіту операциясынан кейін жіпжүргізгіш екі инеге де жіп береді. Бірінші жіптің төселуі кезінде вертикальды ине жылжиды, одан кейін горизонтальды ине қозғала бастайды (6,б-сурет). Жіпті алғаннан кейін цилиндрдің вертикальды инесі төмен қарай түсе бастайды. (6,в-сурет). Ескі ілмек цилиндрдің тойтарма тістерінде орналасады. Цилиндр инесінің тілшесі пресстеу операциясын орындай отырып, ескі ілмекпенен айналады. 6,г-суретінде жабық тілшеге ескі ілмектің келтірілу операциясы және дискінің горизонтальды инесіндегі пресстеу операциясы көрсетілген. Бұрынғы бағыттағы иненің қозғалысы, вертикальды инемен жаңа ілмектің Н1 қалыптасуына (6,д,е-сурет) әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда ескі ілмектер, тойтарма тістерінің арасында ұсталынып қалады және олар арқылы жаңа ілмектің жібі инемен тартылады. Цилиндр инесімен ілмектің тоқылуы кезіндегі инемен ілмектің өзара орналасуы 6,е-суретінде көрсетілген. Осы уақытта горизонтальды ине, жаңа ілмекті Н2 қалыптастырады (6,ж-сурет). Цилиндрде және дискіде жаңа ілмек тоқылып болғаннан кейін, сол жіптен ілмек тоқуды келесі вертикальды ине бастайды, одан кейін жұмысқа горизонтальды ине кіріседі.
Осындай жолмен, ілмекқалыптастыру операциялары бір инеде не болмаса екінші инеде кезекпенен орындалады.
Ілмектердің біркелкілігі, үлестіретін немесе бөлетін ілмекқалыптастырудың тоқу әдісімен жүзеге асырылады. Цилиндр инелері үлкен өлшемді ілмектер қалыптастырады, осыдан кейін дискінің инелері цилиндр ілмектері жағынан алынатын жіптерден ілмектер тоқиды. Жіп цилиндр және дискі инелеріне төселеді, ілмектер бірінші цилиндр инелерінде тоқылады, ал бұл кезде дискінің инелері қозғалыссыз болады. Ілмектегі жіптің ұзындығы бойынша трикотаждың біркелкілігі, ластик машиналарында өндірілетін жаймаларға сипаттас болып келеді.
Егер жоғарғы және төменгі инешектің инелері шахматты тәртіпте емес, бір-біріне қарама-қарсы орналасса, онда шеңберлі ластикті машина екі ластикті немесе интерлок машинасына айналады. Мұндай машинадағы цилиндрдің және дискінің инелері бір жүйеде бірге жұмыс істей алмайды.
Қосластикті машиналарда ілмекқалыптастыру, үдемелі шарттарда жүреді. Бекіту операциясы кезінде инелердің жартысы, мысалы жұп сандағылары, инешеккке салыстырмалы түрде қозғалады, ал қалғандары тақ сандағылары бұрынғы жағдайда қалады және ілмектерді инелермен бірге жылжып кетпеуі үшін, ұстап тұрады. Осыған байланысты қосластикті машиналар трикотаждың төменгі шиеленісу шарттарында жұмыс істейді. Сондықтан интерлок машиналарының тоқу жылдамдығы жоғары (1,3 м/с дейін) ал ластикті машиналардың тоқу жылдамдығы 0,7-0,8 м/с болады.
1.5.Иілмелі трикотаждың біртекті өрімдерінің құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктері. Қос иілмелі трикотаж ерекшеліктері

Иілмелі жатық негізінде барлық біртекті иілімелі өрімдер тоқылатын негізгі өрім болып табылады. Тәжірибе жүзінде және теориялық есептемелерде көбінесе А.С. Далидович ұсынған геометриялық модель қолданылады:


(8)
Егер ілмектегі жіптің ұзындығына арналған жалпы теңсіздікті қолданатын болсақ, онда онда тепе-теңдік күйдегі трикотажға арналған тығыздық қатынастары арасындағы коэффициент мынаған тең болады:
(9)
Трикотаждың беттік тығыздығы (1м2 массасы) М=LT тең, мұнда L-2 трикотаждағы жіптің ұзындығы; Т – жіптің сызықтық тығыздығы. Егер ілмектегі жіптің ұзындығы l, мм, ал 1м2-дегі ілмек саны N=10Пг10ПВ болса, онда беттік тығыздық, г/м2, мына формуламен анықталынады:
(10)
немесе осыған ұқсас мынандай формула қолданылуы мүмкін
(11)
Ал енді қос иілмелі трикотаж ерекшеліктеріне тоқталайық. Негізгі өрімді трикотаж формасы және өлшемі бойынша әртүрлі болып келетін ілмектерден тұрады. Негізгі қосарлы өрімдердің ішінде ең көп таралғаны ластик өрімі болып табылады. Ластик өрімі, тізбектелген ішкі және сыртқы ілмекті бағаналардан тұрады.



3-сурет. Ластик және қосластик өрімі


Ілмекті қатар ілмектері созылмалармен байланысқан. Ластик ішкі жағынан да сыртқы жағынан да түрі бірдей болады. Сондықтан ластик өрімін қосбетті деп атайды. Ілмекті бағаналардың (бір ішкі және бір сыртқы) бірізділігінен тұратын ластикті 1+1 ластигі деп атайды. Егер раппорт шектеуінде ішкі және сыртқы бағаналарының саны мүлдем басқа болса, онда 2+2, 2+1 типтес ластиктер тоқылады.


Ластик 1+1 тоқудың кері бағытында ғана тарқатылады. Ал басқа раппортты өрімдер (2+2, 3+2, 5+2 және т.б.) кез-келген бағытта тарқатыла береді. Бұл мұндай жағдайда ластиктің тоқу бағытында да, тоқудың кері бағытында тарқатылатын жатық өрімінің жеке бөлімшесінің жиынтығы түрінде болатындығымен түсіндіріледі.
Раппортында ішкі және сыртқы ілмектер саны тең болған жағдайда, ластик өрімі ұзындығы жағынан да, ені жағынан да ширатылмайды. Өйткені ілмек қабаттары бірін-бірі теңестіріп тұрады.
Ластик негізінде ең көп таратылған өрімнің бірі – қосластик өрімі тоқылады. Кейде бұл өрімді интерлокты өрім деп те атайды. Қосластик екі ластиктің жиынтығы болып табылады, яғни бір ластиктің ілмекті бағаналарының арасында екінші ластиктің ілмекті бағаналары орналасады. Туынды өрімдерде, сонымен қатар қосластикте формасымен ажыратылатын элементтер болады – ілмектер және созылмалар. Қосластик өрімінің әр қатары, екі әртүрлі жіптерден тұратын екі жүйе арқылы тоқылады. Бірінші жүйеде, мысалы бір ине тұғырының тақ инелері және екінші ине тұғырының жұп инелері жұмыс істейді, ал екінші жүйеде қатардың екінші жібінен қалған инелер тоқиды. Осының нәтижесінде бір ластиктің сыртқы ілмекті бағаналары келесі ластиктің ішкі ілмекті бағаналарына қарама-қарсы орналасады. Қосластик өрімді трикотаж қосбетті болып табылады.
Ілмектегі жіптің үзілуі кезіндегі құбылыс, ластиктің тарқатылғыштығына ұқсас болып келеді. Қосластик өрімінің өзінің құрылымымен байланысты бірнеше ерекшеліктері болады. Негізгі өрімді трикотаж шамасы және формасы бойынша бірдей ілмектерден тұрады. Негіздеп тоқу өрімдері класына тізбекше, трико және атлас өрімдері жатады.
Тізбекше өрімі – бір инеге жіптердің төселуімен жасалатын немесе тоқылатын өрім болып табылад. Ілмекті бағаналары бір-біріне тәуелсіз болып келеді және ашық немесе жабық ілмектерден тоқылады. Көбінесе тізбекше өрімі, жайманың немесе жайманың құрама бөлігі ретінде және басқа өрімдер үйлесімінде көптеген бұйымдарда қолданылады.
Трико өрімінде ілмектер екі көрші ілмекті бағаналарда кезектесіп орналасады. Трико өрімі тізбекше өрімі сияқты ашық немесе жабық ілмектерден тұрады. Трико өрімін қосқанда негіздептоқу өрімдерінің сипатты ерекшеліктері – зигзаг тәрізді құрылымы болып табылады. Ілмектер, созылмалардың кері орналасу бағытына қарай иілген. Трико өріміндегі барлық созылмалар бір жақты болып табылады. Жіптердің ілмекке иілу деформациясының қуаты, трикотаждағы ілмек бағытын анықтайды. Ілмектердің иілу немесе бүгілу шамасы, көбінесе иілу кезіндегі жіптің қаттылығына және трикотаждың тығыздығына байланысты болып келеді.



7-сурет. Негіздеп тоқу өрімдері
Трико өрімінің туындысы сукно өрімі болып табылады. Сукно өрімдері біреуден кейін екі ілмекті бағаналарда кезектесіп орналасқан жіп жүйелері арқылы тоқылады (7,в-сурет). Қарастырылып отырған негіздеп тоқу өрімдеріне, ілмекті бағаналардың санын көрсететін n параметрін енгізуге болады.тізбекше өрімі үшін n=0, трико өрімі үшін n=1, сукно өрімі үшін n=2 болады.
n параметрі жоғарылаған сайын трикотаждың беттік тығыздығын және созу ұзындығы жоғарылайды, және ілмекті қатарлар сызығына созылмалардың иілу бұрышы төмендейді. Созылмалар мұндай жағдайда ені бойынша бағытталады, ал бұл – трикотаждың ені бойынша созылуын төмендетуге әкеп соқтырады.
Ал негізгі өрім кластарына келетін болсақ, оларға атлас өрімі жатады. Атлас - әр жіп, аралас ілмекті бағаналарда ілмектерінің екі жақты созылмаларын белгілі бір тәртіппен тоқитын негіздеп тоқу өрімі болып табылады. Қарапайым негіздеп тоқу машиналарында атлас өрімінің ілмекті қатарлары трико өрімінің қатарларымен тізбектеледі (24,г-сурет). Мұндай трикотажда өрімнің минималды раппорты ені бойынша Rг=3, биіктігі бойынша RВ=4 болады. Раппортты бейімделу бағытын өзгертетін трико қатарларынан алғашқы қатарларын қайталайтын трико қатарларына дейін анықтайды. Көрші ілмекті бағаналарын байланыстыратын созылым раппорттары үлкен болған жағдайда, олар бірінші бір бағытқа бейімделеді, одан кейін кері қарай алғашқы ілмекті бағанаға қайтып оралады. Ілмектердің шығатын созылманың қарама-қарсы бағытына қарай иілмелі болады немесе солай қарай иіледі. Осының нәтижесінде бір түсті жіптерден тоқылатын атлас өрімді трикотаждың әртүрлі көлденең жолақтары болады. Егер негіз жіптер түрлі-түсті болып келетін болса, онда атлас өрімінің бетінде зигзаг тәрізді сурет болады.
Екі жақты созылмалары бар атлас өріміндегі ілмектегі жіптің ұзындығы, ілмекті бағаналар мен қатарлардың иілуін есепке ала отырып, мына формуламен анықтайды:
(12)
мұндағы A′ - иілу қатарларының сызығы бойындағы ілмекті қадам (A′=A sin α); B′ - ілмекті қатардың биіктігі (B′=B/sin α, мұндағы α – ілмекті қатарларға ілмекті бағаналардың иілу бұрышы ).
Атлас өрімі үшін, яғни трико өрімінің қатарларымен тізбектелінетін атлас өрімінің ілмектегі жібінің орташа ұзындығы табылады. Трико өріміндегі айналу ілмектеріндегі жіптің ұзындығы n=1 болған жағдайда анықталынады:
(13)
Сонда ілмектегі жіптің орташа ұзындығы былай анықталынады:
(14)
мұндағы R - өрім раппортының биіктігі
Барлық негіздеп тоқу өрімдерінің ерекшеліктеріне - олардың тарқатылмайтындығы жатады. Раппорты аз өрімді тізбекше, трико, атлас – тоқудың кері бағытында ғана тарқатылады.
Енді трикотажды автоматты жобалау түсініктемесіне келетін болсақ, трикотажды технологиялық жобалаудың алғашқы шарты – көркем жобалау нәтижесінде алынатын бұйым бөлшегінің формасы немесе жайма өрнегінің патроны болып табылады. Өңделген сурет немесе бұйым бөлшектері тоқу машинасында алынуы керек. Бұйымның жеке элементтері тікелей тоқу процесінде өндіріледі немесе жаймадан пішу әдісі арқылы алынады. Жобалаудың бірінші кезеңінде трикотаж құрылымы тоқу машинасының түрін анықтайды. Ал екінші кезеңінде трикотаж өрнегінің көшірмесіне арналған мәліметтер және берілген формадағы трикотажды дайындаудың басқару бағдарламасы жобаланады. Өрнек көшірмесіне арналған мәліметтерге, дискілі немесе барабанды өрнек құрайтын механизмдерді перфотаспа немесе перфокартты кертіп түсірудің сызбалары жатады. Технологиялық жобалаудың осы кезеңінде трикотаждың негізгі технологиялық параметрлерінің есептемесі келтіріледі:

  • әртүрлі шикізаттың пайызды құрамы, беттік тығыздығы, тоқу тығыздығы;

  • бір бұйымға кететін шикізат шығыны және қалдықтар мөлшері;

  • құрал-жабдықтың өнімділік нормасы, ПУК;

  • өндіріс көлемі.

Трикотажды технологиялық жобалау үшін көптеген сансыз және қиын есептемелерді орындау қажет. Трикотажды автоматты жобалаудың жүйесін қолданған кезде барлық есептемелер электронды есептегіш машиналарда жүргізіледі. Бұл уақыт шығынын төмендетеді және дәлдікті жоғарылатады. Есептемелердің нәтижелерін, тоқу машинасының толтыру параметрлері ретінде қолданады. Бұл машинада трикотаж үлгілері тоқылады. Үлгілерді техникалық шарттармен жобаланатын параметрлер бойынша салыстырады. Ауытқу нәтижелері бойынша тоқу машиналарының толтырылу параметрлері анықталынып, енгізіледі. Осыдан кейін стандартты өнім өндіріледі.
Трикотажды автоматты жобалау жүйесін іске асыру үшін мыналар қажет: трикотаж құрылымының математикалық жазбасы; трикотаж өрнегінің патроны бойынша оның құрылым элементтерін автоматты сандық анықтау тәсілдері; трикотаж параметрлері есептемелерінің алгоритмі (беттік тығыздық, кішірею, әртүрлі шикізат шығындары, құрал-жабдықтардың өнімділігі); өрнек есептемелерінің алгоритмдері және өрнек жасайтын механизмі бар машиналардағы өрнек көшірмесіне арналған кестелерді дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет