Ақпар Тақырыбы: Текстиль бейматалар өндірісінде Арахне тоқып-тігу машинасындағы ілмекқалыптастыру процестерін жобалау Орындаған: Асқар Жұлдыз Топ: 4 ткп-18-1 Қабылдаған: Коданова Самал «Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма пәндері»


Бейматалар өндірісінде қолданылатын жіптер мен талшықтардың түрлері



бет5/8
Дата15.06.2022
өлшемі0,57 Mb.
#36905
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
акпар жулдыз

2.2.Бейматалар өндірісінде қолданылатын жіптер мен талшықтардың түрлері

Барлық текстильді талшықтар – құрылым ерекшеліктеріне, алғашқы полимерлердің пайда болуына немесе оларды өндіру әдісіне, сонымен қатар химиялық құрамына байланысты екі класқа бөлінеді – табиғи және химиялық.


Текстиль өндірісінің басқа салаларына қарағанда беймата материал өндірісіне арналған шикізат базасы үлкен жүйелілікпен ерекшеленеді, яғни беймата жаймаларын өндіру үшін, барлық табиғи және химиялық талшықтардың түрлері, олардың қоспалары, текстиль өндірісінің қалдықтары, химиялық талшықтар өндірісінің қалдықтары, тоқыма және тігін өндірістерінің қалдықтары, тұрмыстық және өндірістік-техникалық белгілеулері бар киілген текстиль бұйымдарынан алынатын тұтыну қалдықтары, химиялық комплексті жіптер, табиғи және химиялық талшықтардан жасалынған жіптер, каркасты материалдардың түрлері, полимерлер, пленкалар және басқа материалдар қолданылады.
Талшықты жайғақ табиғи және химиялық талшықтардан қалыптасады. Көбінесе бұлар төменгі сортты талшықтар, иіру өндірісінің қалдықтары. Беймата текстиль материалдар өндірісіне немесе талшықты қабатты бекіту ретінде, капрон, лавсан, хлорин жіптері немесе мақтадан алынатын біртекті және ширатылған иірімжіптер қолданылады. Арнайы беймата текстиль материалдар өндіру үшін шыны немесе металды жіптер де қолданылады.
Жіпті, маталы және басқа да каркас дайындау үшін зығыр, мақта талшықтарынан алынатын иірімжіптер, химиялық жіптер, химиялық штапельді талшықтардан алынатын иірімжіптер, полимерлі пленкалар, металды сеткалар қолданылады.
Беймата өндірісіне келіп түсетін шикізат, дайындық кезеңдерінен өтеді. Шикізатты дайындау процестері, шикізаттың түріне және беймата текстиль материалдар өндірісінің әдісіне байланысты таңдалынады. Талшықты шикізатты дайындау: қопсыту, тазалау, араластыру, кардты тарау және жайғақтың қалыптасуынан тұрады. Кардты тарауға талшықтарды дайындау және кардты тарау талшықтың түріне байланысты жүзеге асырылады.
Жайғақ механикалық, аэродинамикалық және гидравликалық әдістермен өндіріледі.
Мақта – текстиль өндірісіне арналған шикізаттың маңызды түрі. Біздің елімізде текстиль бұйымдарының жартысынан көбі мақтадан өндіріледі. Мақтаның негізгі көрсеткіштері: төзіміділігі, жетілу коэффициенті, ылғалдылық коэффициенті, ақаулардың және қоқымдардың құрамдары.
Мақта жеңіл ағарады, ылғал тартқыш, химиялық тазалауда қолданылатын заттарға төзімді және жақсы боялады. Мақта талшықтарының кемшіліктеріне: ұзындығы, сызықтық тығыздығы, жетілу дәрежесі бойынша тегіссіздігі және шөптердің, қыл-қыбырлардың мөлшері үлкен болады. Мақта талшықтарының үзілу салмағы бойынша тегіссіздігі жоғары (25-65%) болады.
Талшықты жіктеу кезіндегі тазартуға қарамастан, мақта арасында жарылған және жетілмеген дәндер, талшықты қабық, бұрқаулар, түйіншілер, өлі талшықтар, жапырақ, құм және тозаң тәрізді қоқымдар қалады.
Таза иірімжіп алу үшін, мақтаны қоқымдардың бәрінен тазалау қажет. Аталмыш қоқымдар қопсытылған мақтадан оңай алынады. Біртекті қоспаны алу, негізгі міндет болғандықтан, бұл үшін қоспаның құрамдас бөлшектерін араластыру қажет. Мақта түйдектері неғұрлым аз болса, соғұрлым мақта жақсы араласады. Демек, мақтаны жақсылап араластыру үшін, оны қопсыту керек. Қопсыту, тазарту және араластыру процестері қопсытып-тазартатын агрегатта жүзеге асырылады.
Қопсыту процесінің мәні – талшықты материалдың көлемді салмағының азаюында және оны майда түйдектерге бөлінуінде. Қопсыту процесінің мақсаты – талшықты массаны қоқымдардан тазартуға жағдай жасау және барлық құрамдас бөлшектердің жақсы араласуын қамтамасыз ету болып табылады. Талшықты массаны майда түйдектерге бөлу екі әдіс арқылы жүзеге асырылады: тікенекті торлы машиналарда түтелеу және ұрғылау.
Талшықты массаны түтелеу, оны машинаның екі бөлшегі бір мезгілде ұстау арқылы орындалады. Бұл аталған екі бөлшегінің тікенекті немесе тісті беті болады және әртүрлі бағытта немесе түрлі жылдамдықпен бір бағытта қозғалыс жасайды.
Қопсыту қарқындылығы дегеніміз - талшықты материалға машина бөлшектерінің белгілі бір қарқынмен әсер етуі. Қопсытудың қарқындылығын өңделіп жатқан талшық салмағының бірлігіне сәйкес келетін ұстаралы барабандардағы ұстараның ұрғылау саны арқылы бағалауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет