Іске асыру мерзімі: 2020 жыл.
Күтілетін нәтижелер:
Республика деңгейінде жас дарындар анықталды.
Жас орындаушылардың әлеуетін дамыту үшін қолдау көрсетілді және жағдай
жасалды.
Көрсеткіштер:
Қатысушылар саны – 50 000 адамнан кем емес. 20-дан астам жас
орындаушыға қолдау көрсетіледі.
8
«Ақсұңқар» дарынды жасөспірімдерді анықтауға
арналған республикалық арт-жобалар байқауы
бойынша ұсынымдар
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және
«Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында ұлттық сана-
сезімнің көкжиегін кеңейтіп, жас ұрпақты мәдениетсүйгіштікке тәрбиелеудің
маңыздылығына баса мән берілген. Жас дарындарға қолдау танытып,
шығармашылық қиялдарын дамыту Қазақстанның болашақ мәдениетіне зор
үлесін қосады. Өнердің әр саласында таланттарды тауып, мүмкіндіктерін,
еңбекке, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырудың өзектілігі
жоғары.
Өнер саласында эстетикалық талғам қалыптасу үшін жастардың
белсенділігін оятып, қарым-қабілеттерін шыңдау керек. Республиканың
түкпір-түкпірінде талантты, дарынды жастар жетерлік. Солардың басын бір
арнада тоғыстырып, өнерге деген таным-түсініктерін, қызығушылықтарын
ұлғайта отырып, бәсекеге қабілетті, санасы ашық, өнерлі жасөспірімдерді
тәрбиелеудің мәні зор.
Еліміздің ұлттық және рухани құндылықтарын заманауи бағытта
жаңғыртып, жастардың көзқарасымен дәріптеу өскелең ұрпақтың санасына
қонымды болады.
Дарынды жастардың қиялынан туған арт-жобалар Қазақстанның
құндылықтарын әлемдік ареналарға шығару тұрғысынан да өзекті.
Сондықтан, «Ақсұңқар» республикалық арт-жобалар байқауын ұйымдастыру
– жасөспірімдердің танылуына, жаңа заманауи туындылардың өмірге келуіне,
мәдени құндылықтардың ұлықталуына септігін тигізеді.
Мақсаты: Республиканың әр өңіріндегі дарынды жасөспірімдерді
тауып, туындыларына, шығырмашылықтарына қолдау таныту.
Міндеттері:
жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттырып, өнерге деген
құлшынысын ояту;
жастарды отансүйгіштікке баулып, ұлттық рухты бойларына сіңіру;
жасөспірімдердің қолөнер, бейнелеу, сәулет өнері және дизайнерлікке
деген қабілеттерін ашу;
жастар арасындағы креативті, ерекше өнер туындыларына қолдау
көрсету;
өңірлердегі ең талантты, дарынды балаларды республика көлемінде
таныту;
өнер саласындағы жасөспірімдер арасында тәжірибе алмасуға
мүмкіндік жасау;
әр өңірдегі жасөспірімдердің арасында достық қарым-қатынас
орнатып, таным-көкжиектерін кеңейту.
|