Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Бақытты бала» республикалық конкурсын өткізу жөніндегі



Pdf көрінісі
бет7/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   221
 
 «Бақытты бала» республикалық конкурсын өткізу жөніндегі 
ұсынымдар 
Шығармашылық  конкурстар  өткізу  жаңа  таланттарды  ашуға, 
сондай-ақ олардың орындаушылық шеберліктерін жетілдіруге және танымал 
етуге септігін тигізеді. 
Қазақстанда  өткізілетін  түрлі  конкурстар  көп  болғанымен,  талантты 
балалар  негізінен  халықаралық  конкурстар  арқылы  мойындалып,  соның 
нәтижесінде Қазақстанда танымал болуда. 
Дарынды  балаларды  қолдау  жүйесін  дамыту  болашақта  талантты 
жастардың  санын  көбейтуге,  ал  бұл  өз  кезегінде  осы  бағытта  бәсекелестікті 
дамыту  үшін  қажетті  жағдайлар  жасауға  мүмкіндік  береді.  Бәсекелестік 
шығармашылық  әлеуетті  үнемі  арттыру  қажеттілігіне  алып  келеді, 
нәтижесінде халықтың рухани мәдениетін дамытуға негіз болады. 
Халықтың  рухани  мәдениетінің  дамуы  жалпы  қоғамның  даму 
көрсеткіштерінің біріне жатады. 
Шығармашылық байқаулар өткізу арқылы дәстүрлі әндер мен билерді, 
ұлттық  аспаптарда  ойналатын  музыканы  көрсету  жолымен  Қазақстанның 
жетістіктерін, оның тарихын халықаралық деңгейде насихаттауға болады және 
бұл мәдени салада тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, шалғай өңірдегі  балалардың вокалдық және музыкалық 
қабілеттерін  дамытуға  арналған  қажетті  жабдықтардың,  секциялардың 
болмауы, бұл аумақтағы жеткіншектердің ірі конкурстарда бәсекеге қабілетті 
болуын шектейді. 
«Бақытты бала» республикалық музыкалық конкурсын өткізу еліміздің 
барлық талантты балалары үшін қолжетімді ауқымды оқиға болуы тиіс. 
Байқаудың  мақсаты  -  классикалық  және  заманауи  өнердің  үздік 
үлгілерін  үйрену  мен  орындау  арқылы  балалар  мен  жастардың 
шығармашылығын қолдау, дамыту. 
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 

 
дарынды  жас  вокалистерді  анықтау,  олардың  өзін  көрсетуіне 
мүмкіндік жасау; 

 
қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай туғызу; 

 
қатысушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру; 

 
классикалық  және  заманауи  вокалдық  музыканы  насихаттау  және 
танымал ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет