Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет122/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
 
 «Қазақ асханасы - ұлттық мәдениеттің негізі» іс-
шаралар кешенін өткізу бойынша ұсынымдар 
 
Қазақ  ұлттық  асханасы  –  қазақ  халқының  тұрмыс-
тіршілігінің айнымас бөлігі болып қана қоймай, көшпелі мәдениет пен қазақи 
қонақжайлылықтың көрінісі болып табылады.  
Қазақ халқы аз ғана өнім түрінен сан-алуан тағамдар дайындап, олардың 
сапасын, пайдалы қасиеттерін, дәмін сақтай отырып өңдеуді шебер меңгерген. 
Қазақ  дастарханындағы  әрбір  тағамның  өз  тарихы,  орны  мен  уақыты  бар. 
Ондағы  кез  келген  ас  мәнді  де  мағыналы  әдет-ғұрыптың  ұшқынындай 
көрінеді.  
Қазақ  ұлттық  асханасының  тағы  бір  ерекшелігі  өнімдердің  жергілікті 
экологиялық  таза  екендігіне  баса  назар  аудару  керек.  Себебі  әрбір  өнімнің 
құрамы  пайдалы  дәрумендерге  бай,  сапасы  жоғары,  энергетикалық  құнды, 
ешқандай  қоспасыз  дайындалады.  Ол  дегеніміз  адам  денсаулығына  өзіндік 
пайдасын беріп, дені сау ұрпақтың қалыптасуына өз септігін тигізеді.  
Ата-бабаларымыздың  тағамдық  талғамы  көптеген  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан, демек дәстүрлі тағам бізді пайдалы қоректік заттардың қажетті 
мөлшерімен  қамтамасыз  етіп  отырған.  Еліміздің  әр  өңіріндегі  тағамдардың 
өзіндік  ерекшеліктері  де  «жергіліктік»  ұстанымын  қолданады,  ал  таулы 
аймақтағы  сары  майдан  орман  бүлдіргенінің  дәмі  сезіледі.  Ұлттық 
өнімдеріміздің  рецептілері  ғасырлар  даналығына  толы.  Мысалы,  ата-
баларымыз қандай да бір өнімнің табиғи қасиеттерін жақсы білген және қажет 
болғанда тағамды күшті ынталандырғыш әрі иммунитетті арттыратын құрал, 
тіпті  дәрі  ретінде  пайдаланған.  Кейбір  тағам  түрлері  сәбилерге,  қарт 
адамдарға, жүкті немесе бала емізетін әйелдерге күш-қуат беру үшін арнайы 
әзірлеген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет