Күтілетін нәтиже: − халық ұмыт бола бастаған бірегей тағам түрлерін қарапайым үй
асханасында жасауға мүмкіндік алады;
− әр елді-мекенде жасалатын тағамдардың шығу тарихы, жасалу
жолдары мен ерекшеліктерін тұрғындар арнайы бейнефильмдер мен
кітапшалардан оқи алады;
− дәстүрлі астың ерекшеліктері арқылы бүгінгі ұрпаққа қазақтың
ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі, мәдениетімен танысуына кеңінен жол
ашылады;
− балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары қазақ ұлттық
тағамдарының түрлері, жасалу жолдары мен тарихына зер салады. Астың
қадір-қасиетін жете түсінеді;
− болашақта шетелден келетін қонақтар қазақ асханасының дәмін
татып, дәстүр-тарихына қанығады.
Көрсеткіштер: 1. Кітапшада өңірлерде сақталған тағамдар жинағы – 1.
2. Бейнефильм – 1.
3. Ұлттық асханалар ашу – 1-2.
4. Мектептер мен мектепалды даярлық топтары асханаларының ас
мәзіріне ұлттық тағам түрлерін кіргізу – 50%.