Іске асыру мерзімі: 2020 жылдың ішінде
Күтілетін нәтижелер: - патриотизмді дамыту;
- Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысу;
- дәстүрлі классикалық қазақ музыкасын насихаттау;
- отандастар
мен шетел азаматтары арасында Қазақстанның
музыкалық мәдениетіне қызығушылықты қалыптастыру;
- халықты
дала
тұрмысындағы
музыканың
рөлі
туралы
ақпараттандыру.
Көрсеткіштер: - Адамдар көп жиналатын жерлерде дәстүрлі классикалық қазақ
музыкасын кемінде 3 сағаттық трансляциялау;
- Адамдар көп жиналатын 10 орыннан кем емес дәстүрлі классикалық
қазақ музыкасын ойнату.
«Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстанның киелі объектілері туралы деректі фильмдер шығару бойынша ұсыным Өзектілік. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани
құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
жобасының құрылуына бастама жасады.
Халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру
қажет. Бұл жоба біздің еліміздің аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде де
үлкен қызығушылық тудырады. «Қазақстанның рухани ғибадатханалары»
туралы деректі фильмдер сериясы осы орындардың тарихын сақтап қана
қоймай, олар туралы ақпаратты көрермендердің кең ауқымына дейін жеткізуге
көмектеседі, сондай-ақ ішкі туризмді дамытуға және инвестиция тартуға
ықпал етеді .