11
- бағдарламаны іске асыруға жаңа, ғылыми негізделген элементтерді
енгізу;
- осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибе мен дереккөздерді зерттеу.
Іске асыру тетіктері:
Осы іс-шараны іске асыру шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу
орындары әкімшілігінің назарын бағдарламаның негізгі қағидаттарын
(бағыттарын) зерделеуге және ғылыми қызметкерлердің осы мәселеге
қызығушылығын ынталандыруға аудару маңызды.
Мәселен:
«Рухани
жаңғыру»
бағдарламасы
бойынша
ғылыми
конференциялар, симпозиумдар мен басқа да іс-шаралар өткізу»;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ЖОО ішіндегі зерттеу
құрылымдарын белсенді қолдау;
студенттер мен магистранттар үшін дипломдық жұмыстар жазуға
арнайы ұсынылатын тақырыптар тізімін анықтау;
монографиялар жазуға магистранттарды тарту;
зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық дереккөздерді зерттеу
мәселелері мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген
қағидаттар (бағыттар) бойынша тәжірибеге назар аудару қажет;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша зерттеулер шеңберінде
ары қарай жұмысқа тартылуы мүмкін жоғары оқу орын ішіндегі
сарапшылар пулын қалыптастыруды
қарастыруға болады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша монографиялардың
жариялануын қамтамасыз ету қажет.
Монографиялар міндетті түрде аталған еңбектерге мүдделі тараптардың
қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарының сайттарында
электронды түрде орналастырылуы, сондай-ақ қағаз түрінде басылып, оқу
орнының студенттері үшін кітапханаларда қолжетімді болуы тиіс. Бір данасы
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-на
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: