Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет152/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру мерзімі: жыл бойы. 
Күтілетін нәтижелер: 
-  Жастардың  Қазақстан  тарихы  мен  мәдениетіне  қызығушылығын 
арттыру; 
-  Жастарды ынталандыру және оқушылар арасында патриотизмді ояту; 
-  Қазақстан тарихы туралы жастардың білімін арттыру; 
-  Даланың  маңызды  рухани  құндылықтары  мен  тарихи  ерекшеліктерді 
танымал ету. 
Көрсеткіштер: 
-  Кемінде 1500 оқушыны қамту; 
-  Республика деңгейінде экскурсиялар үшін кемінде 7 бағыт әзірлеу. 
 
 
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздер туралы 
(оның ішінде мемлекеттік геральдика) балалардың 
білімін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру 
бойынша ұсынымдар 
 
Мемлекеттік құрылыс процестері және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру 
символдық  жүйені  құрумен  тығыз  байланысты.  Ұрпақтар  сабақтастығы 
қамтамасыз  етіп  және  болашақ  перспективаларын  қалыптастыра  отырып, 
мұндай жүйені құрастыру және оның контенттік бөлігі алдыңғы дәуірлермен 
логикалық  байланысты.  Символдандырудың  жоғары  сатысын  мемлекеттік 
атрибуттар алады. Мемлекет өзінінің өмір сүруін рәміздер арқылы саяси ұйым 
ретінде  пайда  болған  уақыттан  бастап  білдіреді,  жергілікті  және  жаһандық 
деңгейде тануды қамтамасыз етеді. 
Мемлекеттік рәміздер, жүздеген жылдар бойы қалытасқан құндылықтық 
бағдар мен негізгі мағыналарды жинақталған түрде береді. Олар түсінікті және 
қоғамның ұмтылысы мен құндылықтық ұстанымдарымен үндесуі тиіс. 
Мемлекеттік  атрибутика  жүйесі  қоғам  мен  мемлекеттің  эмоциялық 
байланысын біріктіру мен қалыптастыру әлеуетіне ие. 
Бұл  жағдайда  жалпы  білім  беретін  мектеп  әлеуметтік  институт  ретінде 
білім  беру  функцияларымен  ғана  шектелмейтін  бірқатар  міндеттерді 
орындайды.  Ұзақ  уақыт  бойы  мектеп  тәрбие  ошағы  болып  келеді  және  оған 
бұл міндетті ата-аналардың өздері жүктеген. Патриоттық тәрбие беру мектеп 
міндеттерінің бірі болып табылады. 
Тәрбие бағдарламасына мемлекеттік рәміздерге арналған сағаттар мен іс- 
шараларды  енгізу  мемлекеттік  бірегейлікті  қалыптастыруға  байланысты 


108 
 
міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Балалар  – бұл егеменді Қазақстанның 
болашақ  ересек  азаматтары.  Тәуелсіз  Қазақстанның  құрылуы  мен  үлкен 
тарихына  деген  сезімін,  Қазақстан  мемлекетінің  өткені  мен  қазіргі  заманғы 
дамуына қызығушылықты қалыптастыра отырып, бала жастан үйрету керек. 
Жалпы  патриоттық  тәрбие,  тәрбиелік  және  оқу  процесінің      маңызды 
бөлігі  болуы  тиіс,  ал  оның  іске  асырылуы  мектептің  жүйелі  мақсатты 
жұмысын білдіреді.  
Шаралардың  мақсаты  балалардың  мемлекеттік  рәміздер  туралы  білім 
деңгейін арттыру және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және дәріптеу. 
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу керек: 
-  отандық  тарихқа,  оның  негізгі  оқиғаларына  деген  қызығушылықты 
арттыру; 
-  тарихи процестерге деген  сезімді тәрбиелеу және оқушылар арасында 
патриотизмді арттыру; 
-  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаларына негізделген әрекет 
моделін қалыптастыру.   
- мемлекеттік  рәміздердің  құрылу  тарихы  туралы  білім  алу  арқылы 
мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру; 
- ұлттық бірегейлікті біртұтас ұлт ретінде сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет