Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Бірыңғай тақырыптар бойынша (тақырыптар



Pdf көрінісі
бет188/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
Бірыңғай тақырыптар бойынша (тақырыптар 
тұлғалық даму, мемлекет пен қоғамның дамуына, 
ұлттық бірегейлікті сақтауға негізделуі және ҚР 
АҚДМ-мен келісілуі тиіс) ай сайынғы негізде жұмыс 
кеңестері, еңбек ұжымдарында кездесулер форматында 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары мен бағыттарын 
талқылау жөніндегі іс-шаралар өткізу бойынша ұсынымдар 
 
Еңбек тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады, оның 
аясында  адамның  қоғамдық маңызы  бар  мінез-құлқы  түбегейлі  қалыптасып, 
өмірі жасампаздық мағынамен толықтырылады.  
Қазақстан жаһандық кеңістіктің бір бөлігі ретінде жаңа өндірістер, білім 
мен ғылымның жаңа жүйелері пайда болып жатқан, орта таптың қалыптасуы 
жүріп  жатқан  тұрақты  өзгермелі  әлемнің  ықпалында  тұр.  Бұл  процестің 
барлығы  қазақстандықтардың  санасында  үлкен  өзгерістерге  итермелейді. 
Сонымен  қатар,  бір  жағынан,  қазақстандық  қоғамды  әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту кезеңінде жоғарыда аталған процестердің ықпалына 
байланысты  әлеуметтік  инфантилизм,  жеке  инерция,  масылдық  көріністері 
бар,  екінші  жағынан,  нарықтық  тетіктердің  ықпалының  артуы  салдарынан 
қоғамның  өзін-өзі  ұйымдастыру,  белсенділіктің  күшеюі,  азаматтардың 
шығармашылық  әлеуетін  ашу  дәрежесі  өсуде.  Бұл  қарама-қайшы  процестер 
оларға  әртүрлі  әсер  етеді,  көбінесе  жаңа  процестерге  бейімделмеген 
адамдардың қанағаттанбаушылығын тудырады.  
Осыған  байланысты  еңбек  етіп  жатқан  халықты  рухани  жаңғырту, 
жасампаз  еңбек,  инновациялық  экономика  құру  құндылықтарын  қолдау, 
сондай-ақ  волонтерлік,  қайырымдылық,  азаматтардың  өзін-өзі  ұйымдастыру 
тетіктерін  қолдау,  мемлекеттің,  жеке  сектордың,  кәсіби  және  өзге  де 


133 
 
бірлестіктердің,  еңбек  қатынастарының  түрлі  субъектілерінің  әріптестігін 
қолдау процесіне тарту маңызды.  
Жұмыс  кеңестері,  кездесулер  форматында  еңбек  ұжымдарында 
бағдарламаның қағидаттары мен бағыттарын талқылау жөніндегі  іс-шаралар 
кешенін  өткізу  жауапты  және  мықты  адамдардың  ұлтын  қалыптастыру 
процесінің маңызды құрамдас элементтерінің бірі болуы мүмкін.  
Еңбек  ұжымдарын  бағдарламаның  қағидаттары  мен  бағыттарын 
талқылауға  енгізу  еңбек  қатынастарына  қатысушылардың  үлкен  тобына 
кешенді ықпал етуге мүмкіндік береді, олармен байланысты олардың отбасы 
мүшелері,  азаматтық  қоғамның  мүдделі  институттары  арқылы  кең 
жұртшылыққа әсер етеді.  
Бұл  шаралар  мінез-құлық  үлгілерінің  өзгеруіне,  еңбекшілердің  жаңа 
әлеуметтік  мәдениетінің,  бизнес-қоғамдастық  атынан  орта  таптың 
қалыптасуына  ықпал  етуге,  ал  олар  арқылы  барлық  қоғамға  әсер  етуге 
мүмкіндік береді.  
Қазіргі әлемде жылдам және тиімді білім ала алатын, бәсекеге қабілетті 
және  прагматикалық,  ұлттық  бірегейліктің  негізін  құрайтын  өз  халқының 
тарихы  мен  мәдениетінен  хабардар  адамдар  өз  Отанының  жауапты  азаматы 
бола алады.  
Осыған байланысты білім беру процесіне тұлғаны, мемлекетті, азаматтық 
және  жергілікті  қоғамдастықты  дамыту  құндылықтарын  зерделеу  мен 
талқылауды,  сондай-ақ  бағдарламаның  тұжырымдамаларына  сәйкес  ұлттық 
бірегейлікті  сақтауды  енгізу  –  сананың  архетиптері  мен  мінез-құлық 
үлгілерінің өзгеруіне, бір жағынан, тұрақты өзгеріп жатқан әлемнің жаңа сын-
қатерлеріне  сәйкес  келетін  азаматтардың  жаңа  әлеуметтік  мәдениетін 
қалыптастыруға кешенді ықпал етуге, екінші жағынан, оларға өз отанын құру 
процесінің белсенді қатысушылары болуға мүмкіндік береді.   
Іс-шаралар  кешенін  ұйымдастырудың  мақсаты  –  сананы  жаңғырту, 
әлеуметтік  мәдениеттің  жаңа  үлгілерін  қалыптастыру,  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының  қағидаттарын  көпшілікке  тарату  арқылы  еңбек  етуші 
азаматтардың,  отандық  бизнес-қоғамдастықтардың,  орта  таптың  жаңа 
әлеуметтік мәдениетін қалыптастыру.  
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 
1)  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  мазмұнын,  құндылықтарын 
насихаттау»; 
2)  әлеуметтік  мінез-құлықты  өзгерту,  бағдарлама  құндылықтарына 
негізделген  еңбекшілердің  жаңа  әлеуметтік  мәдениетін,  отандық  бизнес-
қоғамдастықты, орта таптың қалыптасуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет