Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Бірыңғай тақырыптар бойынша ай сайынғы



Pdf көрінісі
бет191/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
Бірыңғай тақырыптар бойынша ай сайынғы 
негізде денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс 
кеңестері, кездесулер форматында «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының қағидаттары мен бағыттарын 
талқылау жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша ұсынымдар 
(тақырыптар тұлғалық даму, мемлекетті, азаматтық және жергілікті 
қоғамдастықты дамытуға, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтауға 
бағытталуы және ҚР АҚДМ-мен келісілуі тиіс) 
 
Өзектілігі.  Мемлекеттің  әлеуметтік  әл-ауқаты  мен  экономикалық 
өркендеуінің  негізі  ретінде  азаматтардың  денсаулығын  қорғау  –  отандық 
денсаулық  сақтау  жүйесі  қызметінің  маңызды  мақсаттарының  бірі.  Осы 
мақсатты жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау мекемелері халықпен ауқымды 
жұмыс  жүргізуде.  Сол  себепті  осы  сала  қызметкерлерінің  Бағдарламаның 
құндылықтарына  негізделген  әлеуметтік  мәдениеті  мен  мінез-құлық  жаңа 
үлгілерін  қалыптастыру    мемлекеттің  идеологиялық  жұмысының  маңызды 
бөлігі болып табылады.  


135 
 
Денсаулық сақтау қызметкерлерін рухани жаңғыру, инклюзивті қоғам, 
адамды 
дамыту 
құндылықтарын 
қолдау, 
сондай-ақ 
волонтерлік, 
қайырымдылық,  азаматтардың  өзін-өзі  ұйымдастыру,  мемлекеттің,  жеке 
сектордың  және  азаматтық  қоғамның  өзге  де  институттарының  серіктестігі 
тетіктерін қолдау процесіне тарту маңызды.  
Ай  сайынғы  негізде  денсаулық сақтау  ұйымдарында  жұмыс  кеңестері, 
кездесулер  форматында  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  қағидаттары 
мен бағыттарын талқылау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу жауапты және 
мықты  адамдардың  ұлтын  қалыптастыру  процесінің  маңызды  құрамдас 
элементтерінің бірі болуы ықтимал.  
Денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің  ұжымдарын  Бағдарламаның 
қағидаттары  мен  бағыттарын,  жеке  тұлғаны,  мемлекетті,  азаматтық  және 
жергілікті қоғамдастықты дамыту құндылықтарын талқылауға енгізу, сондай-
ақ  ұлттық  бірегейлікті  сақтау  –  әлеуметтік  салаға  қатысушылардың  үлкен 
тобына,  оның  ішінде  олардың  отбасы  мүшелеріне,  азаматтық  қоғамның 
мүдделі  институттары  атынан  кең  жұртшылыққа  кешенді  ықпал  етуге 
мүмкіндік береді.  
Бұл  сананың  архетиптері  мен  мінез-құлық  үлгілерінің  өзгеруіне,  жеке 
тұлғаны 
дамытуға, 
инклюзивті 
қоғам 
стандарттарын 
қолдауға, 
қайырымдылық  тетіктерін,  азаматтардың  қоғамдық  денсаулығын  сақтау 
саласындағы  волонтерлікті  қолдауға  бағытталған  азаматтардың  жаңа 
әлеуметтік мәдениетін қалыптастыруға кешенді ықпал етуге мүмкіндік береді.  
Іс-шаралар  кешенін  ұйымдастырудың  мақсаты  –  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының  қағидаттарын  насихаттау  арқылы  денсаулық  сақтау 
қызметкерлерінің,  осы  салада  жұмыс  істейтін  адамдардың  кең  ауқымының 
әлеуметтік мәдениетінің жаңа үлгілерін қалыптастыру, санасын жаңғырту.  
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 
1)  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  мазмұнын,  құндылықтарын 
насихаттау; 
2)  Бағдарламаның  құндылықтарына  негізделген  денсаулық  сақтау 
қызметкерлерінің,  әлеуметтік  саланың  азаматтық  қоғам  институттарының 
әлеуметтік мінез-құлқын өзгерту, жаңа әлеуметтік мәдениетін қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет