Іске асыру тетігі:
1. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне арналған «Рухани
жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары мен бағыттары бойынша іс-шаралар
кешенін өткізу бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу.
2. Әзірленген әдістемелік материалдарға сәйкес «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының қағидалары мен бағыттарын талқылау бойынша жұмыс
кеңестері, денсаулық сақтау ұйымдарында ай сайынғы негізде кездесулер
форматында еңбек ұжымдарында іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға және
өткізуге жауапты тұлғаны ҚР ДСМ анықтайды.
136
3. Іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, мақсатты аудиторияға
байланысты форматтарды, іс-шаралардың мазмұнын анықтау, ҚР АҚДМ-мен
келісу.