Іске асыру мерзімі: 2020 жылдың ішінде.
Күтілетін нәтижелер: - патриотизмді дамыту;
- Бағдарламаның негізгі бағыттарын ілгерлету;
- Бағдарлама жобаларын іске асыру барысы туралы халық арасында
хабардарлықты арттыру.
Көрсеткіштер: -
республикалық газеттерде ақпараттық-талдамалық сипаттағы
материалдар жарияланымдарының саны – 5 кем емес;
- республикалық теледидарда ақпараттық-талдамалық сипаттағы
материалдар жарияланымдарының саны – 3-тен кем емес.
Танымал мемлекеттік емес интернет-ресурстарда танымдық, ойын- сауық контентіне баса назар аудара отырып, арнайы жобалар (айдарлар, тестілер, қасиетті орындардың карталары) ашу бойынша ұсынымдар Өзектілігі. Цифрландыру дәуірінде интернет-ресурстар ақпараттың
басты көздерінің бірі болып табылады. Мұндай порталдарға қатысу тәулігіне
500 000 көрініске жетуі мүмкін, бұл үлкен аудиториямен өзара іс-қимылды
қамтамасыз етеді.
Танымдық, ойын-сауық контенті форматында берілген ақпарат
нысаналы аудиториямен оңай қабылданады және игеріледі. Бұл пішім
көбінесе сезімпаздыққа, көзбен шолуға бағытталған, бұл пайдаланушылардың
үлкен тартылуын қамтамасыз етеді.
Танымдық және ойын-сауық контентіне баса назар «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) арнайы жобаларына аудиторияның
назарын аударуға және Бағдарламаның беделін нығайтуға мүмкіндік береді.