Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының медиа-



Pdf көрінісі
бет219/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   221
 «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының медиа-
өнімдерін (деректі фильмдер, бағдарламалар және т.б.) 
шығару және жеңімпаздар туралы  ақпараттық 
ілгерілету бойынша ұсынымдар 
 
Өзектілігі.  «Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жобасы  басталған  сәттен 
бастап  оған  5  000-нан  астам  адам  қатысты,  олар  жұртшылыққа  өз  тарихын 
баяндап берді. Әрбір қатысушы  – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін 
қосқан  бірегей  оқиға.  Жобаның  жеңімпаздары  –  тарихы  нағыз 
шабыттандыратын  және  ынталандыратын  қарапайым  адамдар.  Сондықтан 
халық арасында жаңа есімдердің бейнелерін барынша ілгерілетуді қамтамасыз 
ету маңызды. 
Осы  міндетті  іске  асыру  медиа-өнімдерді  (деректі  фильмдер, 
бағдарламалар  және  т.  б.)  шығару  және  жоба  жеңімпаздарының  қызметін 
республикалық,  өңірлік  және  салалық  деңгейлерде  жобаға  қатысушының 
ерекшелігіне сәйкес халықтың атаулы және нысаналы топтарының ақпараттық 
жылжытуы арқылы мүмкін болады: 


149 
 
-  жобаның  қатысушыларын  балалар  үйлеріндегі  кездесулерге,  түрлі 
табиғи  апаттардан  зардап  шеккендерге  көмек  ұйымдастыру  үшін 
қайырымдылық акцияларға тарту; 
- білім беру ұйымдарында жобаға қатысушылардың кездесулерін өткізу; 
-  жеке  басының  әлеуетін  ашу,  болашақ  мамандығын  саналы  таңдауға 
ықпал  ету,  табысты  өмірлік  тәжірибесін  кіші  ұрпаққа  беру  үшін  қала  және 
ауыл  мектептерінің  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  ашық  шеберлік 
сабақтарын өткізу; 
-  бизнес  жобалар  мен  стартап-идеяларды  іске  асыруда  тәжірибесі  бар 
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушыларын шағын және орта 
кәсіпкерлікте  белгілі  бір  жетістіктерге  қол  жеткізген,  түрлі  бизнес 
форумдарға, жаңа бастаған кәсіпкерлермен кездесулерге қатысуға тарту. 
Қосымша  жобаның кейіпкерлері  имидждік  іс-шараларға,  танымал  ток-
шоуларға,  әлеуметтік  акцияларға,  маңызды  қоғамдық-саяси,  мәдени-
бұқаралық  оқиғаларға  (форумдар,  конференциялар,  «дөңгелек  үстелдер», 
семинарлар, марафондар, фестивальдар және т.б .) қатыса алады. 
Бұл  ретте  олардың  қызметі  Қазақстан  Республикасының  аумағымен 
шектелмеуге  тиіс,  оларды  шетелде  де  (атап  айтқанда,  мәдениет  және  өнер 
қайраткерлерін, 
ғалымдарды, 
бейінді 
сарапшыларды) 
ілгерлетуді 
ұйымдастыру қажет. 
«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жобасының  жеңімпаздары  туралы 
медиа-өнімдер  (деректі  фильмдер,  бағдарламалар  және  т.  б.)  шығару  және 
ақпаратты  ілгерілетудің  негізгі  мақсаты  -  қоғамда  табыстылық, 
меритократия,  бәсекеге  қабілеттілік  ,  прагматизм,  білімнің  салтанат  құруы  
және Тәуелсіздік жылдары қазіргі Қазақстанның дамуына белгілі (салмақты) 
үлес  қосқан  адамдардың  нақты  тарихы  мысалында  білім  идеяларын 
көпшілікке  тарату  және  ақпараттық  ілгерілету  жолымен  қоғамдық  сананы 
жаңғырту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет