Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Республиканың барлық өңірлерінде өтетін бұқаралық шаралар



Pdf көрінісі
бет33/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   221
Республиканың барлық өңірлерінде өтетін бұқаралық шаралар. 
1. Аймақтарда  салт-дәстүрді  сақтап,  жетік  білетін  отбасылар  арасында 
«Салт-дәстүр  білгірі»  отбасылық  байқауларын  ұйымдастыру.  Сол  арқылы, 
салт-дәстүрді насихаттап отырған Қазақстанның үздік отбасыларын анықтауға 
болады.  Немесе  «Мерейлі  отбасы»  байқауын  салт-дәстүрге  бағыттап, 
форматын өзгерту; 
2. Өңірлерде «Әжелер сайысы», «Келіндер сайысы» сияқты отбасылық 
сайыстар өткізіп, дәстүрді жетік білетін үздік әже, мықты келіндерді анықтау; 
3. 
Ұлттық  руханиятта,  түбі  бір  түркі  халқының  салт-сана,  әдет-
ғұрпын  жіліктеп,  өз  заманындағы  маңызын,  құндылықтарын  оқырманға 
жеткізуде  қазақ  әдебиетінің,  қазақ  тарихының  заңғар  жазушысы  Мұхтар 
Мағауиннің  шығармаларының  рөлі  жоғары.  «Аласапыраннан»  бастап 
«Шыңғыс ханға» дейінгі шығармалары тегіс қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен 
қабысып  жатыр.  Жазушының  мұрасын,  студенттер  мен  оқушылар  арасында 
кеңінен насихаттау керек.  
4. 
Ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптарды  шығармаларына  арқау 
еткен ұлт зиялыларымен кездесулер, танымдық телебағдарламалар түсіру; 
5. 
Ғұрыптарды  насихаттау  бойынша  бата  жаттаудан,  бесік  жырын 
айтудан байқаулар, челлендждер ұйымдастыру; 
6. 
Ғұрыптық  фольклор  бойынша  бата,  бесік  жыры,  жар-жар, 
жарамазан жырларының үлгілері «Дәстүр мен ғұрып жинағына» енуі керек. 
7. Оқушылар мен студенттер арасында салт-дәстүрден интеллектуалдық 
сайыстар, олимпиадалар өткізу. Олипиадалар онлайн түрде өтсе де болады; 
8. Мектеп  оқушыларына  салт-дәстүрден  викториналық  ойындар, 
танымдық тестілеулер өткізуді ұйымдастыру; 
9. Мектеп  бағдарламасына  «Ұлттық  дәстүр»  факультативті  сынып 
сағаттарын енгізуді қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет