Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет31/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

маусымдық, наным-сенімдер деп үшке топтаған. Тойбастар, жар-жар, неке 
қияр, беташар, жоқтау, жарамазан, бата, бесік жыры және т.б. ғұрыптар осы 
топқа жатады. Ал, Мұхтар Әуезов ғұрыптық фольклорды төмендегідей үшке 
бөлген : 
-  ел салтындағы шер өлеңдер (жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту); 
-  дінмен байланысты өлеңдер (жарамазан, бақсылық сарын); 
-  қыз-ұзату үстіндегі салт-өлеңдері (жар-жар, сыңсу, беташар). 
Осы  негізге  сүйене  отырып,  қазақ  тұрмысындағы  әдет-ғұрыптарды 
саралап, қолданыстағыларын топтастыру маңызды. Әсіресе бесік жыры, бата 
сынды тәрбиелік мәні жоғары ғұрыптарды жаппай ұлықтауымыз керек.  
Сондай-ақ,  қазақта  ежелден  «бала  асырап  алу»  ғұрпы  қалыптасқан. 
Баласы жоқ адамдар, жөн-жоралғысын жасап шарананы етегіне салған. Көбіне 
ағайын-туыстың  баласын  асырап  алу  ғұрпы  сақталған.  Бүгінгі  таңда  мұндай 
ғұрыптар заң аясында жүзеге асады. 
Маусымдық  ғұрыптардың  ішінде  ЮНЕСКО  мұраларының  тізіміне 
кірген  қазақ  атбегілерінің  көктемгі  әдет-ғұрыптарын  кең  көлемде 
насихаттауымыз керек. «Қымыз мұрындық», «Бие байлау» сынды ғұрыптарды 
халық арасында таратудың маңызы жоғары.  
Ғабит  Мүсірепов  айтқандай:  «Өткенді  білмей,  келешекті  білу  мүмкін 
емес.  Бұрынғының  парқын  білгендер  ғана  бүгінгінің  нарқын  білер».  Яғни, 
ұрпаққа  өткенін  таныту,  жеті  атасын  жаттатып  өсіру  барлық  отбасыларда 
жаппай  үрдіске  айналу  керек.  Осыған  байланысты  мектептерде, 
балабақшаларда ұрпақты жеті атасын тануға баулудың маңызы жоғары. 
Қазақ  халқы  ұрпағына  өзінен  бастап  әкесі,  атасы,  бабасы,  т.б.  жеті 
атасының  есімдерін  кішкентайынан  жаттатқан.  Ағайындықтары  жеті  атаға 
толмай,  жақын-жуықтар  бір-бірінен  қыз  алыспайды.  Некелесуде  «жеті  ата» 
ұстанымына  берік  болу  –  этникалық  қан  тазалығын  қамтамасыз  етеді.  Жеті 
ата  институты  қазақ  халқының  өткеннен  болашаққа  деген  сенімін мың  сан 
ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік болып сақталу керек.  


22 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет