Іске асыру тетіктері: 1. Спорт нысандарының қаржылық және қашықтық қолжетімділігін
қамтамасыз ету: тегін жаттығу күндерін өткізу, спорттық нысандардың кең
желісін салу, азаматтардың жеке топтарына спорттық қызметтердің бағасын
төмендету.
2. ЖОО-да спортпен айналысатын жастарға арнайы жеңілдіктер
қарастыру (жатахана беру, шәкіртақы, оқы ақысына жеңілдіктер)
Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге арналған қалалық және
ауылдық спорттық инфрақұрылымдарды дамыту (шағын футбол алаңдары,
жүгіру жолақтары т.б.).
3. Еуропа
елдерінің
тәжірибесіне
сүйене
отырып
отбасы
құндылықтарын нығайту және бұқаралық спортты дамыту мақсатында
жексенбі күндері барлық ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының,
мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысын тоқтату ұсынылады. Жексенбі
күндері аулаларда, саябақтарда, стадиондар және т.б. жерлерде бос уақытты
тиімді өткізудің жаңа мәдениетін қалыптастыру мақсатында тақырыптық
мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
4. Әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызметкерлердің спорт
нысандарына баруын қамтамасыз ету.
5. Дүниежүзілік гимназиадаға қатысатын резервті дайындау мақсатында
мектептерде дене шынықтыру сабақтарының санын арттырып, оқу
бағдарламасына дүниежүзілік гимназиадағы спорттық ойын түрлерін қосу,
мектептердің спорттық материалдық-техникалық базасын жақсарту.
6. Гимназиаданың спорт түрлері бойынша мектептер арасында жыл
сайынғы (қысқы/жазғы) спорттық жарыстарын ұйымдастыру.
7. Мектептерде сабақтан кейінгі спорттық үйірмелерді ақысыз негізде
өткізу.
8. Оқу орындарының білім беру бағдарламасына дене шынықтыру
бойынша ұлттық спорт түрлерін енгізу.
9. Қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға спорттық
мекемелерге тегін кіруге мүмкіндіктер жасау.
10.
Танымал тұлғалар мен спортшылардың қатысуымен жаппай
бұқаралық спорттық шаралар өткізу.
11.
Салауатты өмір салтын қалыптастырған танымал тұлғаларды
(саясаттанушылар, ғылым қызметкерлері, мәдениет қызметкерлері т.б.) БАҚ-
да көпшілікке үлгі ретінде насихаттау.