Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Бұқаралық спортты дамытуға және қазақстандық



Pdf көрінісі
бет37/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
Бұқаралық спортты дамытуға және қазақстандық 
оқушылардың әлемдік гимназиадаға қатысу 
мүмкіндіктерін қарастыруға арналған кешінді іс-
шараларды өткізу бойынша ұсынымдар 
Бүгінгі заманда дене шынықтыру мен спорт саласы жасына, әлеуметтік 
мәртебесіне қарамастан қоғамда берік, салауатты ортаны біріктіріп, болашақ  
бірегей ұлт қалыптастырып,  ұрпақты жүйелі түрде патриотизмге тәрбиелеуге 
ықпал ететін негізгі перспективалық алаңдардың бірі болып табылады.    
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  идеологиялық  қағидаларын  іске 
асыру  тұрғысында  бұқаралық  спортты  дамытудың  және  қазақстандық 
оқушылардың  әлемдік  гимназиадаға  қатысу  мүмкіндіктерін  қарастырудың 
өзектілігі  жоғары.  Бұл  прагматизмге  тәрбиелеп,  сананың  ашықтығын 
қалыптастыруға,  салауатты  өмір  салтын  сақтап,  спортты  күнделікті 
тіршіліктің ажырамас бөлігіне айналдыруға септігін тигізеді.  
Бүгінгі  таңда  спортпен  шұғылдану  және  салауаттылықты  ұстану 
экономикалық  тұрғыда  азаматтардың  өмір  салтының  маңызды  көрсеткіші 
болып  табылады.  Сондай-ақ,  халықтың  бос  уақытын  тиімді  әрі  пайдалы 
жұмсаудың негізгі әрі маңызды аспектісі болып табылады.  
Дүниежүзілік гимназиада – мектеп оқушылары арасында екі жылда бір 
рет  қысқы  және  жазғы  жарыс  түрлерінен  өткізілетін  халықаралық  кешенді 
жарыстар  жиынтығы.  Дүниежүзілік  гимназиада  бұл  –  мектептегі  спорт 
түрлерін және мектеп лигасын дамытуға бағытталған, мектептердегі спорттық 
қозғалыстарды 
насихаттайтын, 
мектепаралық 
жарыстар 
арқылы 
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыруға серпін беретін әлемдегі ең 
үлкен әрі ашық кешенді жарыстардың бірі.  
Кешенді шараларды ұйымдастырудың мақсаты көпшіліктің санасында 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастырып,  жаппай  бұқаралық  спорт  түрлерін 
дамыту. 
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет: 
1)  спорт  нысандарының  халықтың  тұрғылықты  жеріне  жақындығын 
қамтамасыз ету; 
2)  дене  шынықтыру  материалдық-техникалық  базасын  нығайту  және 
дамыту; 
3)  балалар  мен  жас-өспірімдер  спортын  дамыту,  балалар  мен 
жасөспірімдерге  арналған  спорт  мектептеріне  балалар  мен  жасөспірімдерді 
тарту;  
4)  спортшылардың  әлемдік  гимназияда  сәтті  өнер  көрсетулерін 
қамтамасыз ету; 
5) спорт резервін даярлау жүйесін жетілдіру; 
6) оқушылар мен студенттерге дене тәрбиесіне арналған бағдарламалық-
әдістемелікті құрастыру, дене шынықтыру сабақтарының санын арттыру, оқу 
мекемелеріндегі  спорттық  үйірмелерді  көбейту,  денешынықтыру-сауықтыру 
және спорттық қызмет түрлерінің жаңа формаларын енгізу;  


25 
 
7) елді мекендердің тұрғындары үшін демалыс және мереке күндерінде 
барлық  жас  санаттарын  ескере  отырып  бұқаралық  спорттың  әр  түрінен  іс-
шаралар ұйымдастыру; 
8) кәсіби, қолданбалы, ұлттық
 
спорт түрлерін дамыту;
 
9) қарт адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға белсенділік 
пен  ұзақ  өмір  сүруді  насихаттау  мақсатында  жүйелі  түрде  дене  тәрбиесіне 
тартатын шаралар жиынтығын ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет