Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Жұмысшы кәсіптері мамандарының арасында «Мен



Pdf көрінісі
бет40/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   221
 
Жұмысшы кәсіптері мамандарының арасында «Мен 
супермін» республикалық телевизиялық шоу-кәсіби 
шеберлік конкурсын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 
 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың  жыл  сайынғы  жолдауларында,  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  және  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  бағдарламалық  мақалаларында 
қазақстандықтардың  әл-ауқатын  көтерудің  басты  негізі  еңбек  қоғамына 
жағдай  жасау  екендігі  айтылып  келеді.  Бұл  бағытта  халықты  еңбекке 
ынталандыру,  азаматтардың  еңбек  қызметіне  шығармашылықпен  қарауы, 
халық арасында еңбек құндылықтарын арттырудың маңызы жоғары.  
Еңбек  қатынастырының  әлеуметтік-реттелген  моделін  құру,  еңбек 
қызметіне  қатысты  жаңа  көзқарастарды  алға  жылжытуда  Елбасының 
«Қазақстанның әлеуметтік  жаңғыруы.  Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 
20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы негіз болып, ары қарай ҚР Тұңғыш 
Президентінің 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан 
дамуының басты бағыты» жолдауымен жалғасты.     
Елбасы  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  қоғамының  идеясына  негіздей  отырып, 
Қазақстанды  дамытудың  инновациялық  тұжырымдамасын  ұсынды.  Онда 
еңбек-әлеуметтік  жаңғыру  мен  ұлттың  жалпыға  бірдей  бәсекеге 
қабілеттілігінің шешуші факторы ретінде көрініс табуы керек
.  
Елдің  әлеуметтік-экономикалық  жаңғыруының  жаңа  міндеттерін  іске 
асыру  бойынша  ҚР  Тұңғыш  Президенті  Үкіметке  берген  тапсырмасының 
арқасында  заңнамалық  база  нығайып,  әлеуметтік  процестер  мемлекеттің 


27 
 
басқару  жүйесінің  тиімділігін  арттырды.  Жалпыға  Ортақ  еңбек  қоғамын 
қалыптастыру бойынша үкіметтік емес секторлармен серіктестікті жақсартты.    
Қазақстан үшін еңбек идеологиясының мемлекеттік саясат мәртебесіне 
ие болуы өте маңызды. Еңбек адамдарының имиджін, еңбек құндылықтарын, 
еңбек қызметінің құндылығын насихаттау үшін қазақстандықтардың бәсекеге 
қабілеттілігін  қалыптастырудың  шарты  ретінде  жұмысшы  мамандарының 
арасында «Мен профи» республикалық телевизиялық шоу-конкурсын өткізу 
қажет. 
Конкурсты  телеарна  арқылы  қазақстандықтардың  назарына  ұсыну 
көпшілікке экономиканың дамуына ерен үлес қосып жүрген әр саладағы еңбек 
адамдарының  кәсіби  жұмысын  көрсетіп,  шеберлігін,  кәсіби  біліктілігін, 
көрерменге  паш  етеді  (мысалы:  автогрейдер  жүргізушісі,  бульдозер, 
экскаватор, фронтал тиегіштер, (ауыр жүк көлігінің жүргізушісі және т.б.). 
Конкурс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілуі керек. Қатысушылар саны 
мен 
тақырыбы, 
номинациялары 
түрленіп, 
басқа 
да 
жұмысшы 
мамандықтардың  өкілдері  қатыса  алады.  Мұндай  шоу-конкурс  жастар 
арасында 
кәсіби 
бағдарлау 
жұмыстарын 
арттырып, 
жұмысшы 
мамандықтарының мәртебесін өсіріп, Еңбек адамының абыройын көтереді.   
Мұндай  құндылықтарды  насихаттап,  дәріптеу,  әлеуметтік  жобаларға 
қолдау таныту мақсатында мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауға 
бағыт-бағдар  беру  «Өзгерістердің  саруарлары»  жобасының  да  негізгі 
бағыттарының  бірі  («  Рухани жаңғыру»  бағдарламасының  елшілерінің  пулын 
дайындау) болып табылады. Әлеуметтік жобалар акселераторы – ҚР АҚДМ-нің 
қолдауымен  «Рухани  жаңғыру»  Қазақстандық  қоғамдық  даму  институты» 
КеАҚ арқылы іске асады. Бүгінгі таңда жобаға 120-ға жуық өтініш келіп түскен. 
Оның 75-і іріктеліп алынды. Солардың  ішінде «Арман» жобасы оқушыларды 
түрлі  компания  мен  заводтарға  апарып,  кеңейтілген  шеберлік  сағаттатарын, 
дәрістерін  өткізу  арқылы  мектеп  оқушыларына  мамандық  таңдауда    бағыт-
бағдар беруге бағытталған. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет