Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет3/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру мерзімі: 
2020 жылдың ішінде 
Күтілетін нәтижелер: 
Берілген  іс-  шара  жас  ұрпақ  арасында  жетістікке  жету,  бәсекеге 
қабілеттілік  және  білімнің  ссалтанат  құруы  идеяларын  ілгерілетуге  ықпал 
етеді және жоғары оқу орындарында гранттар/ жеңілдіктер / жеңілдіктер алуға 
қосымша мүмкіндік береді 
Көрсеткіштер: 
2020 жылғы сериялар саны-10-нан кем емес 
Барлық кезеңдерде қатысатын оқушылар саны-500-ден кем емес 
Хабар тарататын телеарналар саны-кемінде 2. 
 
 
 
 
Мектеп оқушылары, кәсіптік-техникалық және жоғары 
оқу орындары студенттері арасында «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының ұстанымдары мен құндылық 
бағыттарын талқылауға арналған дебаттық турнирлер 
өткізу (облыстық және республикалық деңгейде) 
 
Жалпы, білімгерлердің бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, жастарды озық 
қоғамға  сай  етіп  тәрбиелеуде  дебат  технологиясының  берер  пайдасы  мол. 
Жастардың сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі күннің басты өлшемі. 
Өз  позициясын  жақтап  шығуға  тырысқан  оқушы/студенттердің  бос  уақытта 
сенделмей,  кітапханаға  барып  түрлі  материалдар  іздестіреді.  Қазіргі  таңда 
ғаламтордың  шеңберінен  шырматылып  шыға  алмай  қалған  балалардың 
көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта  түседі. Ойын барысында өз ойларын 
келелі  сөз,  шынайы  шеберлікпен,  шешен  тілмен  жеткізуге  тырысады.  Кез 
келген  тыңдаушыға  жүйелі  сөз  әсер  етері  хақ.  Шешендік  салтанат  құрған 
жерде  оқушы/студенттер  ұлттық-рухани  құндылықтарды  бойына  сіңіріп, 
алдағы  күнде  ел  жүгін  мойнымен  арқалауға  дайын  тұрады.  Жаһандану 
заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге 
қол жеткізу – бүгінгі заманның басты талабы. 
Дебат ойындарында қатысушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы 
сұрақ  сәтінде  анық  байқалады.  Білімді,  көп  ізденетін  жастардың  өзіндік  ой-
өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш суырғандай сұрақтары қарсы 
топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек. 
Мақсаты: Жас буынын арасында«Рухани жаңғыру» бағдарламасының 
қағидалары мен құндылық бағыттарын талқылау және арттыру. 
Міндеттері: 



 

 
жастар  арасында  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  қағидалары 
мен құндылық бағыттарын түсіндіру және насихаттау; 

 
бәсекеге  қабілетті,  ізденімпаз,  білімді,  шығармашыл  жеке  тұлға, 
білімнің салатанат құруын қалыптастыру; 

 
сыни пайым мен талдаулық ойлау қасиеттерді дамыту; 

 
сөйлеу мәнері мен ойды жинақы жеткізу қасиетін жетілдіру; 

 
рухани 
құндылықтарға, 
өзгенің 
пікірін 
сыйлауға 
және 
толеранттылыққа тәрбилеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет