Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет73/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
Күтілетін нәтиже:  
- жас ұрпақты бағдарламаны іске асыруға субъект және қозғаушы күш 
ретінде тарту.  


52 
 
-  табысты  кейстер  базасын  қалыптастыру  және  жастар  арасында 
қоғамдық құндылықтарды біріктіру.  
- жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  
Іске асыру мерзімі: бір жылдың ішінде. 
Көрсеткіштер: 
Қатысушылар саны - 10 000 адамнан кем емес; 
Қазақстандық  жас  буын  өкілдері  арасынан  бағдарламаның  оң 
өзгерістерінің агенттері, бейресми идеологтар пулының санын арттыру.  
 
 
 
Мұқтаж отбасыларды қолдау, жетім балаларға, мүгедек 
адамдарға, қарт адамдарға және т.б. көңіл бөлу бойынша 
«Жасампаз мейірімділік күші» әлеуметтік акциясын 
өткізуді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 
 
Бүгінгі  күні  елімізде  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  көрсетуге  үкіметтік 
емес ұйымдар тартылуда. Мәселен, 2019 жылғы 1 қаңтарға арнайы әлеуметтік 
қызметтерді ұсыну бойынша әлеуметтік тапсырыс 17 өңірде жүзеге асырылды 
және оған жалпы көлемі 11 мың адам қамтылды. Сонымен қатар, бұл жұмыс 
гранттық қаржыландыру тетігі, демеушілердің қайырымдылық көмегі арқылы 
жалғасуы тиіс. Көп адамдарды өзара көмек, қайырымдылық құндылықтарын 
қолдауға  тарту  үшін мұқтаж  отбасыларды  қолдау,  жетім  балаларға,  мүгедек 
адамдарға,  қарт  адамдарға  көңіл  бөлу  бойынша  «Жақсылықтың  жасампаз 
күші» әлеуметтік акциясын өткізу маңызды. 
Осы  бағыттағы  қоғамдық  бастаманың  мысалы  Әл-Фараби  атындағы 
ҚазҰУ-дың  студенттері  Әл-Фараби  мерейтойы  жылында  бастаған  челлендж 
«Қайырымды  қоғам»  болып  табылады.  Жоба  жастар  арасында  волонтерлік 
қозғалысты  дамытуға,  әлеуметтік  ынтымақтастықты  нығайтуға  және  тек 
жаһандық  проблемаларды  ғана  емес,  сонымен  қатар  жергілікті 
қоғамдастықтардың 
шешімі 
бойынша 
бастамашылық 
топтарды 
ұйымдастыруға,  нақты  адамдарға  көмек  көрсетуге  бағытталған.  Игі  істер 
жасай отырып, студенттер эстафетаны еліміздің әртүрлі ЖОО-ға, жақын және 
алыс шетелдерге тапсырады. 
Мұндай 
акцияларды 
өткізу 
бір 
жағынан, 
ынтымақтастық 
құндылықтарына  негізделген  қоғамды  құруға  мүмкіндік  береді,  екінші 
жағынан,  Бағдарламаның  мақсатына  –  мықты  және  жауапты  адамдардың 
Біртұтас  ұлтын  құрумен  сәйкес  келетін  қоғамдық  бастаманы  жандандыру 
факторы болады.  
«Жақсылықтың  жасампаз  күші»  әлеуметтік  акциясының  мақсаты  - 
мұқтаж  отбасыларды  қолдау,  жетім  балаларға,  мүгедек  адамдарға,  қарт 
адамдарға көңіл бөлу, сондай-ақ бағдарламаның құндылықтарын ілгерілету. 
Міндеттер:  


53 
 
-
_
қазақстандықтардың 
әлеуметтік 
ынтымақтастық 
сезімін 
қалыптастыру; 
-  әлеуметтік  жұмысқа  қатысатын  азаматтық  қоғам  институттарының 
санын арттыру; 
-  азаматтардың  қайырымдылық,  жомарттық  сезімдерін  көрсетуге 
қызығушылығын арттыру; 
- әлеуметтік кәсіпкерлік механизмдерін дамытуға жәрдемдесу; 
-  әлеуметтік  жағынан  осал  азаматтардың  проблемаларын  шешуде 
мемлекеттің,  бизнестің,  азаматтардың,  жергілікті  қоғамдастықтардың 
әріптестігін дамытуға жәрдемдесу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет