Міндеттері: - Қазақстан тарихи отаны болып табылатын «Алманың» тарихы мен
түрлерін таныстыру; - азаматтарды еліміздің құндылығын лайықты бағалауға шақыру;
- отандық брендті насихаттау;
- бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Іске асыру механизмдері. Өңірлерде фестиваль аясында апталықтар
ұйымдастырып, орталық көшелерде «Алма көрмелерін» ұйымдастыру қажет. Отандық брендтің тарихы мен пайдалы қасиеттерінен хабарлама беретін
көше билбордтарын дайындап, көрнекі жерлерге ілу қажет.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында «Алма» жемісін
насихаттау мақсатында #Алматыныңалмасы хэштегімен фото-видео челлендж
ұйымдастыру керек.
Республикалық және өңірлік телеарналар мен БАҚ-тардың ықпалымен
«Алма» жемісіне қатысты бағдарламалар мен ақпараттық мақалалар
дайындап, көрермен назарына ұсынып, насихаттау жұмыстарын жүргізу
қажет.
Алма жемісін өсіріп, баптаушылар арасында әртүрлі деңгейдегі
сайыстар мен мастер-класстар өткізу қажет.
Суретшілер арасында алманың суреттерін салудан түрлі деңгейдегі
сайыстар ұйымдастыру қажет.
Карантин уақытында алманың түрлерін түгел қамтуға тырысып,
виртуалды көрме дайындау керек.
Отанымыздың айшықтарын айқындайтын естелік белгішелер мен
кәдесыйларға алма бейнесіндегі дүниелерді дайындап, қосып, ел тұрғындары
мен қонақтарына ұсыну керек.
Жеміс өсірушілер арасынан кәсіби мамандарды тауып, үй жағдайында,
кәсіпкерлік мүмкіндік жағдайында алманы өсіріп, баптаудың жолдарын
75
таныстыратын видеобағдарламалар дайындап, көрермен назарына ұсыну
керек.