Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет104/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтиже: 
-  еліміз қызғалдақтың шығу тарихы және түрлерімен танысады; 
-  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақсаттарының орындалуына және 
«Ұлы  даланың  жеті  қыры»  мақаласының  мән-маңызының 
насихатталуына үлес қосылады; 
-  отандастарымыздың отандық брендке деген махаббаты артады және 
фестивальді  жыл  сайын  өткізу  дәстүрге  айналып,  қоғамдық  шараға 
айналады; 
-  бәсекелестік  артып,  қызғалдақты  әлемдік  аренаға  шығаруға 
мүмкіндік алады.  
 
 
 
 «Alma fest» шарасын ұйымдастыру бойынша 
ұсынымдар 
 
Ұлттық және жеке байлықты нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған 
сәйкес  болашақты  жоспарлай  алу,  ысырапшылдық  пен  астамшылыққа  жол 
бермеу,  яғни,  праграмтизмді  дамыту  –  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының 
негізгі қағидаларының бірі. 
Елбасы  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
бағдарламалық мақаласында «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты 
өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы 
жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. 
Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты 
бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, 
елді  құрдымға  бастайтын  популистік  идеологиялар  пайда  болады»,-деген 
болатын. 
Бағдарлама  жұмысының  нәтижелілігі  жолында  атқарылып  жүрген 
істердің  негізі  қағидаларының  бірі  де  осы  азаматтарды  өз  құндылықтарын 
бағалауға шақыру болып табылады.  
 
2018  жылы  жарияланған  Тұңғыш  Президенттің  «Ұлы  даланың  жеті 
қыры»  атты  мақаласында  туған  жерді  бағалауға  тұрарлық  құндылықтары 
нақты  айтылды.  Оның  бірі  –  алма.  Мақалада  Елбасы:  «Қазақстан  қазір  де 
әлемдегі  алма  атаулының  арғы  атасы  –  Сиверс  алмасының  отаны  саналады. 
Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма 
–  біздегі  алманың  генетикалық  бір  түрі.  Ол  Қазақстан  аумағындағы  Іле 
Алатауы  баурайынан  Ұлы  Жібек  жолының  көне  бағыты  арқылы  алғашқыда 
Жерорта    теңізіне,  кейіннен  бүкіл  әлемге  таралған.  Осы  танымал  жемістің 
терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың 
бірі Алматы деп аталды»,-деді. 
Бүгінде  «Алматылық  алма»  Отандық  брендке  айналып,  Халықаралық 
деңгейде насихатталып, үлкен сұранысқа ие болуда. 


74 
 
Қазіргі  Қазақстан  жерінде  керемет  алмалардың  өсетіндігін  қытайлар 
1240  жылдан  бастап  жаза  бастаған,  сондай-ақ  алма  тұқымының осы  жерден 
таралғанын да айтқан. Ал біздегі жабайы алмалар осыдан 50 миллион жылдай 
бұрын  да  осында  өскен,  жер  жүзіне  осы  өңірден  тараған.  Жабайы  алманы 
ешкім  қолдап,  қорғап  отырмайды,  ол  өзі  дарвинизмнің  эволюциялық  даму 
заңдылығындағыдай,  өзін-өзі  сақтап,  табиғи  сұрыпталып,  дамып  жетіліп, 
таралып отырған. 
«Алма  fest»  фестивалін  өңірлік  деңгейде  ұйымдастыру  –  прагматизм 
терминінің  танымын  кеңейтуге,  азаматтардың  құндылықтарды  бағалау 
қасиеттерін  қалыптастыруға,  отандық  брендтің  насихатталуы  мен  оның 
тарихын  тануға,  табиғи  байлығымызға  айналған  Алматылық  алмаға  деген 
сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасайды. 
Мақсаты.  Алманың  шығу  тарихымен  танысу,  табиғат  байлығын 
барынша сақтап қалу, «Сиверс» алмасын әлемге таныту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет