130
жоғалтпайтын бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың кепілі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың
2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
шеңберінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын іске асыру
жоспарланған. Бағдарлама бойынша бұл жоба барлық мектептер мен
колледждерде жүзеге асырылады. Бағдарламаның негізгі мәні ұлттық және
отбасылық құндылықтарды дамыту, мектеп пен ата-аналардың өзара іс-
қимылының жаңа форматын енгізу арқылы балаларды тәрбиелеуде отбасының
рөлін арттыру. Жобаны іске асыру барысында оқыту мен тәрбиелеудің
құндылықтық-бағдарлы тәсіліне баса назар аударылады, ол мектеп
атмосферасында, мәдениетте, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және
қатынасында көрініс табады. Бұл бағдарлама өзін-өзі тануды, өзін-өзі
дамытуды, әлеуметтік жауапкершілікті және оқушыларды әлеуметтендіруді
қалыптастыруға ықпал етеді және құндылықтардың оқу бағдарламаларының
мазмұнына кірігуін көздейді.
Жоғарыда көрсетілген жобаның негізгі қағидаттары мемлекеттің одан әрі
дамуының идеологиялық платформасы болып табылатын «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының қағидаттарымен сәйкеседі.
Осыған байланысты жобаның ауқымын кеңейту және оған жоғары оқу
орындарын қосу қажет. Осылайша, білім алушылар білім беру процесінің
барлық сатыларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары мен
бағыттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылатын болады.
Аталған бағдарламалардың негізгі бағыттары бойынша жастармен кең
ақпараттық жұмыс жүргізу, олардың қағидаттарын, мәнін және іске асыру
тәсілдерін талқылау қазақстандықтардың жаңа буынының рухани дамуына
және оның санасын жаңғыртуға ықпал ететін болады.
Осы бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жүргізілуге тиіс, іс-шаралар
тақырыптары жеке тұлғаны, мемлекетті, азаматтық және жергілікті
қоғамдастықты дамыту, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне
негізделуге тиіс. Бағдарлама қағидаттарын дұрыс, терең түсіну әрбір жас
адамның жеке басын дамытуға, оның өмірлік бағдарлары мен құндылықтарын
қалыптастыруға көмектеседі, бұл өз кезегінде болашақта мемлекеттің
дамуына тікелей ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: