Ақпараттық қауіпсіздік негіздері


Дәріс №12 Тақырыбы: Желілік шифрлары



бет23/45
Дата19.09.2023
өлшемі258,19 Kb.
#108838
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
À?ïàðàòòû? ?àó³ïñ³çä³ê íåã³çäåð³

Дәріс №12
Тақырыбы: Желілік шифрлары
Қазіргі шифрлау жүйесінде желілі шифрлау кең қолданылады. Блокты шифрлаудан ерекшелігі, криптосистемада үзіліссіз берілгендерді элементтері бойынша шифрлейді. Ашық мәтіннің әрбір символы шифрленеді, беріледі және басқа символдарға байланыссыз дешифрленеді. Басқа сөзбен айтқанда, ашық мәтіннің элементін шифрлеумен өзгерту бір элементтен екіншісіне ауысып отырады, ал блокты шифрлеу үшін әр блоктың шифрлеумен өзгертулері өзгеріссіз қалады. Кей жағдайда ашық мәтіннің символы шектелген символдар санымен шифрленуі мүмкін.
Желілі шифрлеудің маңызды қасиетіне берілгендерді өзгертудің жоғары жылдамдығы жатады, берілетін ақпаратты шифрлеу мен шифрлерін ашып оқуды іс жүзінде үлкен көлемде нақтылы уақыт масштабында өткізуді қамтамасыз етеді. Желілі шифрлеу жүйесі жоғары криптотұрақты, мұндай жүйені бұзу үшін генератордың кілттік тізбек структурасын (ГКП-ГКТ) және оның алғашқы. Желілі шифрлеудің тиімді жағы мен оның техникалық жүзеге асыруына кететін арзандығына байланысты шифрлеу жүйелерінің ішінде алдыңғы орынға қойды.
Желілі шифрлер кездейсоқ сандардың алдын ала берілген қасиеттерінің тізбегі мен ақпараттық мәліметті екі еселеп қолдануға негізделген. Шифрлеу мен шифрды ашып оқу қосу операциясын ашық мәтіннің 2 элементтер модулі бойынша және псевокездейсоқ кілтті тізбекті қолдану арқылы орындалады. Кейінгілері кезекті символдың пайда болуын болжай алмайтын қаиеттеріне ие тізбектелген символдардан тұрады.
Тарихта алғашқы желілі шифр ретінде Вернам шифры болды, кілтті тізбек ретінде кездейсоқ гамма қолданылды. Сонымен бірге кілттің размері кілтті тізбектің ұзындығына тең болды. Шифрлеу мен шифрды ашып оқу принципі 8- суретте көрсетілген.
Вернам шифрының ерекше айырмашылығына әр қайсысы шифр болатын кілттік тізбектер гаммасын шифрлеу жатады. Бұл шифрды іс жүзінде іске асыру өте ұзын кілттік тізбектердің күрделілігі мен оларды сақтаудың ыңғайсыздығына байланысты қиынға соқты.
Желілі шифрларды қолдану ыңғайлы, оларды кілттік ретінде псевдокездейсоқ тізбектер /псевдослучайные последовательности (ПСП)/ (ПКТ) қолданылады, олар ПКТ (ПСП) генераторларымен құрылады. Бұл жағдайда құпия кілт /секретный кляч/ ПКТ генераторының бастапқы жағдайымен анықталады, ал оның размері ашық мәтіннің размерінен әлдеқайда кіші, сондықтан кілтті техникалық іске асыру, сақтау мен беруді жеңілдетеді.
Қазіргі кезде бір-бірінен ерекше айырмашылықтары бар, мысалы желілі шифрларды синхронизациялау әдісіне қарай көптеген түрлері бар желілі шифрлар қолданылады ; синхронды және өздігінен синхронизацияланатын деп бөлінеді./синхоннные и самосинхронизирующие/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет