Ақпараттық хат құрметті әріптестер!



Дата27.11.2023
өлшемі21,77 Kb.
#128617
Байланысты:
Ақпараттық хат. Смарт конф.-2023г. От К.И. (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Сіздерді «Digital-білім: тәжірибе және перспективалар» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысына мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, техникалық және жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлері қатыса алады.
Секциялық отырыс уақыты: 2023 жылдың 23 қараша, сағат 14: 00.
Өтетін орны: «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы, Абай даңғылы 238/2
Конференция жұмысы бетпе-бет және онлайн Zoom платформасында өткізіледі.
Zoom платформасына сілтеме:
https://zoom.us/j/9286588281?pwd=OHQ2dTRzNno1NzMzcGRwYThra3J4Zz09
Конференции идентификаторы: 928 658 8281
Кіру коды: acdbn3
Пленарлық мәжіліс уақыты: 2023 жылдың 23 қараша, сағат 10.00
Өтетін орны: №33 ЖББОМ, Сыбаға көшесі, 1/2
Конференцияның мақсаты: Смарт-білім беру идеяларын іске асыру тәжірибесін және білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу нәтижелерін зерделеу, цифрлық технологияларды енгізу бойынша озық тәжірибемен алмасу.
Конференцияның міндеттері:
- білім беру жүйесінде смарт-технологияларды қолданудың нәтижелілігін талдау;
- оқу қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің жаңа идеяларын талқылау;
- білім беру процесін цифрландыру жағдайында смарт-технологияларды енгізу тәжірибесін тарату.
Конференции секциялары:
1. Цифрлық әлемдегі мектеп жасына дейінгі заманауи бала.
2. Отандық білім беруді цифрлық трансформациялау тәжірибесі мен перспективалары
3. Цифрлық білім беру ресурстарының шағын жинақталған мектепте білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуі
4. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, үздік баяндамашыларға «Диплом», қатысушыларға «Қатысушы куәлігі» беріледі.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:
Мақаланың көлемі 3-5 беттен аспауы тиіс, Times New Roman шрифті 14 кегль, бет параметрлері: сол жағы – 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғары және төмені
2 см, жол аралығы - 1,0 интервал.

Мақаланың безендірілу үлгісі
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНЕН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
КОНТЕНТІН ЖАСАҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ


Кадырбаева Асима Магзомқызы
БҚО, Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының
химия пәні мұғалімі
Мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін.
Пайдаланылған әдебиеттер міндетті түрде көрсетіледі. Мәтіннің ішінде сілтемелер келесі түрде беріледі: [1, б. 75], 1 – әдебиеттің атауы, 75 – беті.
Мәтінде пайдаланылатын суреттер мен сызба нұсқалар мақалаға қосымша «JPG» форматында тіркеледі.
Ұйымдастыру комитеті жіберілген мақалаларды конференция тақырыбына сәйкес сұрыптап, жарияланатын материалдарды іріктеп алатындығын ескертеді.


Өтініш үлгісі:



Аты-жөні (толық)




Жұмыс орны (мекеменің толық
атауы, қысқартылмаған)




Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы




Мақаланың тақырыбы




Секция атауы




e-mail




Байланыс телефоны




Мақала мен өтініш 2023 жылдың 18 қарашаға дейін zkoipk_in@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.




Байланыс телефоны:
87055909586 - Мурзабулатов Менжан Тлепкалиевич
87056721602 - Дүйсенгалиева Кулан Аяпбергеновна


ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет