Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина
Үш тілді білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеулер нәтижелерін
енгізу мониторингі
Талдамалы анықтама
Мониторинг внедрения результатов исследований для улучшения
практики трехъязычного образования
Аналитическая справка
Астана
2016
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 маусымдағы №5 хаттама).
Үш тілді білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеулер нәтижелерін
енгізу мониторингі. Талдамалық анықтама. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016. – 96 б.
Рекомендовано к изданию решением ученого совета Национальной
академии образования им. И.Алтынсарина (протокол №5 от 17 июня 2016 г.).
Мониторинг внедрения результатов исследований для улучшения
практики трехъязычного образования. Аналитическая справка. – Астана:
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. – 97 с.
Бұл жұмыста Үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға
арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында үш тілді білім беру тәжірибесін
жақсарту үшін зерттеулер нәтижелерін енгізу бойынша жүргізілген мониторинг
қорытындысы ұсынылған.
Талдамалық анықтама ғалымдарға, мектеп мұғалімдеріне, колледждер
мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, білім беру басқармаларының
басшыларына, үштілді оқыту саласындағы барлық мамандарға арналған.
В настоящей работе представлены итоги мониторинга внедрения
результатов исследований для улучшения практики трехъязычного
образования, проведенного в рамках реализации Дорожной карты развития
трехъязычного образования на 2015-2016 годы.
Аналитическая справка адресована ученым, учителям школ,
преподавателям колледжей и вузов, руководителям управлений образования,
всем специалистам в области трехъязычного обучения.
©
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2016
3
Мазмұны
Кіріспе
1. Үш тілді білім беруге жүргізілген мониторингтің құрылымы мен
технологиялық карталары
2.
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беруге
мониторинг жүргізуде ақпараттар жинау және мәліметтер базасын
өңдеу әдістері
3.
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беруге
жүргізілген мониторинг мәліметтерін талдау нәтижелері
4. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру
мониторингісінің қортындысы бойынша ұсынымдар
Қорытынды
4
Кіріспе
Қазақстандық мектептерде үштілділікті енгізу кезеңдері үш министрліктің:
−
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (05.11.2015. №
622)
−
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
(09.11.2015. № 344)
−
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
(13.11.2015. № 1066) бірлескен бұйрығымен үштілді білім беруді дамытудың
2015-
2020 жылдарға арналған Жол картасында анықталған.
Жол картасының 2.2 пунктіне сәйкес үштілді білім беру
тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін енгізу мониторингін жүргізу
қарастырылған.
Осы пунктті орындау мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі Ұлттық білім академиясына жүргізілген мониторинг
қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындауды қажет ететін осы
мониторингті жүргізуді тапсырды.
Осыған байланысты келесі жұмыс жүргізілді:
−
үш тілді білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге жүргізілетін
мониторинг құрылымы және технологиялық карталары әзірленді;
−
үш тілді білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге мониторинг
жүргізуде ақпараттар жинау және мәліметтер базасын өңдеу жүргізілді;
−
үш тілді білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге жүргізілген
мониторинг мәліметтерін талдау нәтижелері жасалды;
−
жұмыс нәтижелері қорытындыланды және үш тілді білім беру
саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу бойынша қорытындылар
тұжырымдалды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен анықталған
мерзімге байланысты жүргізілген мониторингке елдің ұлттық және мемлекеттік
жоғары оқу орындары, сонымен қатар, үш ғылыми ұйым тартылды.
Мониторингке:
−
37
ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарынан – 20
жоғары оқу
орындары қатысты, сонымен қатар, үш тілді білім беру мәселесіне тікелей
қатысы бар ғылыми зерттеулер тоғыз жоғары оқу орнындарында жүргізілді;
−
үш ғылыми ұйымның үшеуі де ғылыми зерттеу құрылымына тартылды.
5
1
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру
саласындағы ғылыми зерттеулерге жүргізілген мониторингтің құрылымы
және технологиялық карталары
Педагогикалық жүйені басқару белгілі ақпараттар жүйесін қажет етеді.
Оны жүргізілген мониторингке негіздеп жаңадан жасауға болады.
«Мониторинг» сөзі латынның monitor – еске салушы, бақылаушы сөзінен
шыққан. Алғашқыда бұл термин экологияда жиі қолданылды және онымен
адамның экономикалық бағыттылығына байланысты қоршаған орта жағдайын
бақылау, бағалау, болжауды белгіледі. Соңғы уақытты осы термин кең мәнге ие
болды. Енді бұл сөзбен күтілетін нәтижелерге оның сәйкестігін табу
мақсатымен әрекеттерді бақылауды атайды
1
.
Бүгінгі күні мониторинг түсінігі өзінің қолданыс аясын кеңейтуде және
оның қолданылу тарихы ұзақ болмаса да түрлі білім саласына еніп, көп
мағыналылыққа ие болды. Ол жалпы танылған және әдеттегі ғылыми тілде де
белсенді қолданылғанымен әлі философиялық сөздікте жоқ. Оны қазіргі
мағынада меңгерудің бірқатар тәжірибесі де бар. Оның этимологиясының
негізінде бұрыннан таныс ең алдымен бағыт көрсету, кеңес беру, сақтандыру,
сендіруді білдіретін monitory – көпмағыналы түсінігі және monitor (латын
тілінен еске түсіруші, қадағалаушы) қазіргі мағынасына біршама жақын –
қандай да бір нысанды немесе құбылысты байқау жатыр. Бұл сөз бұрыннан
әрекетті білдірді, тәжірибелік қызметте кең қолданыс тапты, ол ғылыми
сөздікке айналып және термин ретінде қолданыла бастауы жиі кездесе
бермейтін жағдай екенін ерекше атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта мониторинг анықтамасы және оны қолдану нәтижелерінің
мәні – бұл түсінік «мониторингтік» түсінігімен бірігетін және осы және басқа
да тәжірибе саласындағы жағдайды анықтау үшін қызмет ететін және көп
жағдайда теориялық сияқты тәжірибелік негізде әзірлемелерде жүзеге
асырылатын нақты әрекеттерді немесе біршама аралас шараларды жүргізу
туралы мәселелерде қолданылуды білдіреді. Сонымен қатар, дәстүрлі
танымдық құралдар - байқау, бақылау, зерттеу, салыстырмалы талдау, тексеру,
бақылау қолданылады.
Соңғы уақытта дәл мониторингтік сияқты анықталатын зерттеудің жаңа
бағыттары: басты жұмыс әдісі болып табылатын әлемдік эко-мониторинг,
ғарыштық мониторинг, медиа-кеңістік мониторингі пайда болуда. Ол
мониторингтік сияқты білікті зерттеу жүргізілетін әлеуметтік салаға да енді.
Тәжірибенің эконом-мониторинг, қаржылық мониторинг, білім беру жүйесі
мониторингі және т.б. түрлері пайда болды.
2
А.С.Белкин мониторингті білім беру процесін тұрақты ғылыми негізделген
диагностикалық-болжамдық бақылау деп суреттейді.
3
.
1
Мониторинг процесса и результатов исследования.
https://author24.ru/spravochniki/pedagogika/metody_
pedagogicheskogo_i ssledovaniya/monitoring_processa_i_rezultatov_issledovaniya/
.
2
И.П. Фарман Мониторинг как метод исследования и представления знания.
3
Мониторинг процесса и результатов исследования.
https://author24.ru/spravochniki/pedagogika/metody_
pedagogicheskogo_issledovaniya/monitoring_processa_i_rezultatov_issledovaniya/
.
6
Э.Ф. Зеер мониторингті көптеген нақты негізгі көрсеткіштерді көрсететін
үнемі немесе мерзімді қайталанатын мәліметтер жинау көмегімен нысанның
(жүйелер немесе күрделі құбылыстар) жағдайын бақылау процесі ретінде
бағалайды. Мониторингті ағымдық бақылау нәтижелерін басқару процесіне
тартудағы қандай да бір процесті құруда үнемі шынайы болып жатқан пәндік
орта құбылыстарын қадағалау қажет болғанда қолданады
4
.
Мониторинг әр түрлі бақылау және түсіндіру құралдарын қолданады.
Дегенмен, мониторинг жүргізуде зерттеу пәні әдейі межеленген жағдайда
көптен-көп нақты және мақсатты бағытталған талдау қолданылады. Сондықтан
да оның ерекшелігі ол ғылым саласындағы жаңа ізденістер мен ашылулар
болмауы да мүмкін.
Сонымен қатар, осындай зерттеу статистикалық мәліметтерді және
әлеуметтік сауалдарды жинаумен, оның нәтижелерінің ұсыныстар үшін негізгі
болып табылуымен ерекшеленеді. Бұл – мониторинг жүргізудің нағыз нәтижесі
және мақсаты болып табылады. Сондықтан да мониторинг нәтижесі ретінде
деректердің өзіндік ерекшеліктері бар, себебі олар эмпирикалық таным
процесінде қалыптасады және оның нәтижесін тиянақтау болып табылады. Бұл
жерде сонымен қатар оның басты сипатының бірі – деректердің анықтығы да
бағаланады, оны алу жағдайы мен мәніне көңіл бөлінеді.
Дерек бағалау жүргізілетін және сол үшін арнайы әзірленетін қатаң
анықталған өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс.
Бұдан мониторингтің негізін диагностикалық жүйе білдіретінін көруге
болады. Оны іске асыру үшін өлшемшарттарды (жалпыланған көрсеткіштерді)
саралау қажет.
Қазіргі уақытта мониторингтік зерттеулердің түрлері мен типтерін жіктеу
әрекеттері жасалуда. Осындай зерттеулерді жіктеу үшін негіз ретінде ғылыми
пәндер бағыты, олардың мақсаттық міндеті, уақыттық параметрлері, оны
орындау маштабы мен деңгейі талап етіледі. Мониторингтің базалық және
фондық, ғаламдық, жергілікті, аймақтық, тұрақты мониторинг, сондай ақ
қоғамдық қызметтің әр түрлі саласын қамтитын: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, педагогикалық, ғылыми мониторинг және т.б. сияқты түрлері
белгілі. Бірақ мониторинг эмпирикалық зерттеулер түрінің бірін көрсететінін
есте сақтау қажет.
Сондықтан да ол әмбебап болып табылмайды және басқа зерттеулер
барысында әрқашан лайықты бола бермейді. Негізінен, мониторингті танымдық
тәжірибе және тәжірибелі ғылым әдісі ретінде түсіндіруге болады. Дәл осы
ереже біздің жағдайға қатысты. Біздің жүргізген мониторингтің мақсаты
ғылыми зерттеулер нәтижесін білім беру тәжірибесіне енгізу деректерін іздеу
болып табылады. Біздің жүргізген мониторингте алынған деректер қоры
әлдеқашан әзірленген теориялық ережелер және жүргізілген зерттеулердің
4
Мониторинг процесса и результатов исследования.
https://author24.ru/spravochniki/
pedagogika/metody_ pedagogicheskogo_issledovaniya/monitoring_processa_i_rezultatov_issledovaniya/
7
қолданбалы нәтижелерін ескере отырып ғылыми зерттеу бағдарламаларын
құрастыру үшін негіз ретінде қызмет етеді.
Сондықтан біздің жүргізген мониторингтің негізгі өлшемшарттарының
бірі алынған нәтижелердің негізделген жаңалығы болып табылады.
Біздің жүргізген мониторингтің басқа өлшемшарттары зерттеудің сол және
басқа да нәтижелерін көрсететін басылымдар туралы ақпараттар болуы тиіс,
өйткені нақ ашық баспасөзде жариялау арқылы зерттеу нәтижелерін практикаға
алғаш енгізу жүзеге асады. Зерттеу нәтижелері мен материалдарын рәсімдеу
ғылыми зерттеудің құрамдас бөлігі және еңбекті көп қажет ететін және өте
жауапты іс, өйткені онда жиналған материалдар сараланады және негізгі
идеялар, ережелер, тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптасады. Зерттеу
барысында алынған нәтижелерді тәжірибеге енгізу тәсілінің маңыздылығы кем
емес, адресаты, оның өзектілігі мен қажеттілігінің мақсаты және негізделуі оны
қолдану бойынша ұсыныстар болып табылады. Сондықтан бұл біздің
мониторингтің тағы бір өлшемшарты болып табылады.
Мониторингтік зерттеу барысында ақпараттар жинауда оның нақтылығын
қамтамасыз ету маңызды. Бұл осы ақпаратты кім ұсынады сол тұлғаның жеке
жауапкершілігімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан рәсімдеу мен
тапсырудың міндетті жағдайы оның ең алдымен жобаның ғылыми
жетекшісімен ресми расталуы болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға
сүйене отырып, біз үштілді білім беру саласындағы ғылыми зерттеу
нәтижелерін енгізу туралы ақпараттарды жинау және өндеуге бағытталған 10
бөлімнен тұратын мониторинг құрылымын дайындадық. Сонымен бірге
технологиялық карталарды толтыруға қойылатын негізгі талаптар мыналар
болып табылады:
−
барлық ақпарат үштілді және көптілді білім беру, көптілді оқыту,
екінші тіл (Т2) ретінде қазақ және орыс тілдеріне және шет тілі ретінде
ағылшын тіліне (ШТ) оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына
байланысты болуы қажет;
−
ақпарат 2012-2016 жылдар аралығындағы орындалған ғылыми-зерттеу
жұмыстарына байланысты болуы қажет.
Педагогика үшін «үштілді білім беру» түсінігі біршама жаңа түсінік
болуына байланысты осындай нақтылық қажет болды. Мысалға, үштілді білім
берудің қостілді оқытудан және көптілді білім беруден айырмашылы.
Сондықтан ол түсінік беруді қажет етеді. Жаңа түсінікті енгізу бірқатар
принциптерді енгізуге негізделді, соның бірі қарап тексеруді қажет етеді. Біздің
жағдайда бұл аспект білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен және
халықаралық байланысты күшейтумен байланысты.
Бұл ұстаным жұмыс істеу үшін, тілдің білім беруде екі жақты қызмет
атқаратынына көңіл бөлуге тура келеді. Ол оқу пәні ретінде және оқыту
құралы ретінде қызмет етеді. Бұл классикалық дидактика принциптерінің бірі :
«білімге екіжақты ену» принциптеріне тура шығу болады. Осы принциптерді
байланыстыру үштілді білім беруді келесі түрде: қазақстандықтардың (CEFR)
8
Халықаралық стандартына сәйкес үш мақсатты тілдерді бір мезгілде меңгеруі
үшін қажетті жағдайлар жиынтығымен түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, нақты ұлттық білім беру жүйесінің шынайы тәжірибесі
контекстінде келесідей түрде: үштілді білім беру – бұл қазақстандықтардың
халықаралық стандарттарға сәйкес үш мақсатты тілдерді бір мезгілде меңгеруі
үшін қажетті жағдайлар жиынтығы «үштілді білім беру» түсінігінің мәнін ашып
көрсетуі мүмкін.
Бірақ қаншалықты осы түсінік кең ғылыми қолданысқа әлі енбегендіктен,
осы саладағы ғылыми зерттеу бойынша ақпаратты нақтылау қажет. Сондықтан
үштілді білім беру тәжірибесін жақсарту үшін ғылыми зерттеу нәтижелерін
енгізу мониторингін жүргізуге қажетті ақпараттар алаңы кеңейтілді.
Негізінен,
мониторинг
құрылымында
бастапқы
құжаттарды
орындаушылардан келесі ақпараттар көрсетілуі тиіс:
−
бірінші бөлім – ізделіп отырған мәселе бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстары нәтижелерін орындаушы және енгізуші ұйымдардың атауы туралы;
−
мониторингтің екінші бөлімі – жобалардың атауы туралы;
−
үшінші бөлім – келесі нақтылаулармен: гранттық қаржыландыру
(3.1); бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру(3.2); мемлекеттік тапсырма
(3.3);бастамашы жоба (3.4), бұған докторлық, кандидаттық диссертациялар,
PhD диссертациясы жатады; шауашылық шартты жоба(3.5); қаржыландыру
түрі туралы
−
төртінші бөлім – жобаны қаржыландыратын мемлекеттік органдардың
атауы туралы (бұл бөлім жоғарыда көрсетілген 3.1; 3.2; 3.3 ұстанымдар үшін
толтырылады);
−
бесінші бөлім – қаржыландыру көлемі туралы (бұл бөлім де жоғарыда
көрсетілген 3.1; 3.2; 3.3 ұстанымдар үшін толтырылады);
−
алтыншы бөлім – ғылыми жобаларды жүзеге асыру мерзімі және
уақыты туралы;
−
жетінші бөлім – тегін, әкесінің атын және атын (7.1), ғылыми
дәрежесін(7.2), ғылыми атағын(7.3), лауазымын(7.4), және байланыс
мәліметін (7.5 және 7.6) көрсетумен, жобалардың ғылыми жетекшілері
туралы;
−
сегізінші бөлім – жарияланған өнімнің атауы және алынған
нәтижелердің түрі көрсетілген басылымдар туралы;
−
тоғызыншы бөлім – ғылыми жұмыс нәтижесі енгізілген білім беру
ұйымдарының, аймақтардың, елдердің, халықаралық ұйымдардың атауы мен
заңды мекенжайы көрсетумен жоба нәтижесін енгізу масштабы туралы;
−
оныншы бөлім – білім беру тәжірибесінде оны қолдану (пайдалану)
бойынша авторлардың алынған нәтижелері мен ұсыныстарындағы жаңалықтар
туралы.
9
2
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру
саласындағы ғылыми зерттеулерге мониторинг жүргізуде ақпараттар
жинау және мәліметтер базасын өңдеу әдістері
Мониторингтік зерттеу әдісі көп жағдайда негізінен ғылыми зерттеу
әдіснамасымен үндеседі. Осы мағынада мониторинг әдісі – бұл өз кезегінде
уақыт бойынша ашып көрсетілген зерттеу моделі. Сонымен әдістерді таңдауда
көптеген факторлар, ең алдымен зерттеу пәні, мақсаты, міндеттері ескеріледі.
Сонымен қатар, зерттеу әдісі өзіндік қасиетіне қарамастан нақты міндеттерді
шешуде арнайы компоненттердің белгілі құрылымы болады.
Көрсетілген жалпы ережелерден Ұлттық академиямен білім беру
тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін енгізуге мониторинг жүргізу
жүзеге асырылды.
Осыған байланысты мониторинг жүргізудің құрылымы мен технологиялық
карталары әзірленді (қараңыз, сы құжаттың 1 бөлімі).
Алдын ала дайындық: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясымен ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарына, елдің
бірқатар ғылыми ұйымдарына үштілді білім берудің озық тәжірибесі үшін
зерттеу нәтижелерін енгізуге мониторинг жүргізуге қатысуға хат жіберілді.
Бастапқы мәліметтерді жинау және ақпараттар ағынын өңдеудің негізгі
әдісі мониторинг жүргізудің технологиялық картасы түрінде құрылымдалған
форма бойынша сұрау, сонымен қатар орындаушымен жеке сұхбатта бастапқы
құжаттарды (технологиялық карталар) анықтау болып табылады.
Сонымен қатар, мониторинг сауалнамаға жауап берушілердің басты
жиынтықтан шығатын жиынтық іріктеу есебін болжамдайды. Сонымен
мониторингке еліміздегі 37 жоғары оқу орындарынан 75,7% құрайтын 28 ЖОО
қатысты. Осы іріктеу толығымен қайталанып таныстырмалы болып табылады,
сондықтан талдамалық анықтамада көрсетілген ақпарат көлемі фактілердің
нақтылығын көрсетеді.
Ақпараттар ағынын жинау әдістерінің бірі жоғары оқу орындарының,
ғылыми ұйымдардың және басқа құрылымдардың сайт материалдарын
зерделеу болып табылады.
Келесі әдіс Академияның жұмысшы топтарында алынған және өңделген
талдау нәтижелерін талдау, содан кейін Академияның ғылыми кеңесі
мүшелерінің арасында талқылау болып табылады.
Ақпаратарды өңдеуде статистикалық деректерді математикалық өңдеу
әдісі қолданылды.
10
3
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру
саласындағы ғылыми зерттеулерге жүргізілген мониторинг мәліметтерін
талдау нәтижелері
Қазақстан Республикасындағы білім беру саясатының басты міндеттерінің
бірі үштілде білім беруді жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан
Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың
"Қазақстан - 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты"
атты Қазақстан халқына Жолдауында тағы да «біздің балаларымыз қазақ
тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін белсенді зерделеуі үшін жағдай
жасау бойынша» қажетті шаралар әзірлеу қажеттілігі атап көрсетілген.
Қазақстанда көптілді/үштілде білім беру тәжірибесі өзінің тарихын 2007
жылдан бастайды. Қысқаша тарихи экскурстың арқасында келесіні баяндауға
болады:
2007 жыл
Қазақстан Республикасы Президенті «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени
жобасына бастамашылық етті.
2008 жыл
Көптілді білім беруді жүзеге асыру бойынша базалық ЖОО-ы Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Абылай хан атындағы
Қазақ халықаралық қатыныстар мен әлем тілдер университеттері болды. (ҚР
БҒМ-нің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың
басым бағыттары бойынша базалық білім беру ұйымдарын бекіту туралы» 2008
жылғы 22 шілдедегі №441Бұйрығы»).
Қазақстан Республикасында көптілді білім беруді дамытудың
Тұжырымдамасы әзірленді (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті).
Көптілді білім беру бағдарламаларын ЖОО-да ретімен енгізудің
нормативтік құжаттары әзірленді (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті).
Көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылды (Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті).
«Жоғары мектеп жүйесіндегі көптілді білім беру: мәселелері мен
болашағы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. (ҚР
БҒМ мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен
бірге).
Бұл конференцияның екі күндік бағдарламасына мынадай іс-шаралар енді:
1)
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абылай
хан атындағы Қазақ халықаралық қатыныстар мен әлем тілдер университеті,
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті ЖОО-дың көптілді білім
берудегі оқу-әдістемелік базаларының көрме-таныстырылымы;
2)
Президенттік мәдениет орталығындағы пленарлық отырыс (Астана қ.);
3)
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде үш
секциясының жұмысы (Қарағанды қ.):
11
−
«Көптілді білім берудің теориялық аспектілері»;
−
«Көптілді білім берудің қолданбалы аспектілері»;
−
«Басқа тілде оқытатын білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді
оқыту мәселелері»;
4)
Көптілді білім беру орталығының таныстырылымы;
5)
Жоғары оқу жүйесіне көптілді білім беруді енгізу мәселелері бойынша
семинар.
Аталған конференция Қазақстан Республикасының ЖОО басшылары,
ғалымдар мен оқытушылардың жоғары білім беру сапасын арттыру мен даму
перспективасының өзекті мәселелерін шешудегі терең мүдделерін көрсетті, оны
конференция секцияларының жұмысы барысында талқылауға шығарылған кең
ауқымдағы мәселелер дәлелдейді.
Баяндамалар тақырыптарын талдау барысында төменде көрсетілген
күрделі және ғылыми мүддені арттыратын мәселелерді көруге болады:
−
көптілді
тұлғаны
қалыптастырудағы
теориялық-әдіснамалық
аспектілері (Алекс Бортолан, Бірінші хатшы, Қазақстанда Франция елшілігін
құру жөніндегі мәселелер бойынша атташесі (2002-2008жж).-Қазақстанда
француз тілін оқыту перспективалары (Франция); Хасанов Б., ф.ғ.д., проф.-
Қазақстан ЖОО-ларындағы көптілді оқыту мәнмәтіндегі үштілдік мәселелері
(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.);
Абдрахманова Т.М., ф.ғ.к. – Шетел тілін оқытудағы мәселелер: заманауи
үрдістері (Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті, Өскемен қ.); Шелестова Т.Ю. – Көпмәдени білім: мәдениеттер
диалогы және билингвалдық оқыту (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті); Қажығалиева Г.А., п.ғ.д., проф. – Қазақстандық
жоғары оқу орнында орыс тілін оқытудағы мәдениеттанулық аспектілері
(Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.);
Сыздықова Ш.М. – ЖОО-да орыс тілі оқытуды жетілдіру жолдары
(
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті); Аяпова Т.Т.,
ф.ғ.д., проф. – Кез келген ана тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде
үйрету үрдісі (Абылай хан атындағы ХҚ және ӘТУ, Алматы қ.);
−
шынайы оқу үдерісінде тілдерді бірге оқу (Кондубаева М.Р., п.ғ.д.,
проф., Кубаева И. - Жоғары оқу орнындағы маманның көптілді тұлғасын
қалыптастыру тұжырымдамасы (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатыныстар мен әлем тілдер университеті, Алматы қ.); Исмагулова Б.Х., ф.ғ.д. -
Жоғары мектеп жағдайында маманның билингвалды (көплингвалды) тұлғасын
қалыптастырудағы мәселелер (М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және
коммуникациялар академиясы, Алматы қ.); ) Баркибаева Р.Р., ф.ғ.к., доцент -
Техникалық ЖОО-да көптілді тұлғаны қалыптастыру мәселесіне орай (Қ.
Сатбаев атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.); Агманова А.Е.,
ф.ғ.к., доцент - Көплингвалды социум жағдайында қайталама тілдік тұлғаны
қалыптастыру (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
қ.); Колмогорова Г.Б., п.ғ.к., - Мемлекеттік тілде оқитын топтардағы орыс тілі
сабағында қайталама тілдік тұлғаны қалыптастыру (Шәкәрім атындағы Семей
12
мемлекеттік университеті); Жанкина Б.Ж., доцент, Тлеужанова Г.К., п.ғ.к.,
доцент - Мәдениет аралық коммуникациялар контекстіндегі тілдік тұлға
(
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті); Гекман М.Л. -
Жаһандастыру дәуіріндегі көптілді тұлға (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті)
−
қазақ тілін оқудағы дидактикалық және инновациялық аспектілері
(Қасым Б., ф.ғ.д., проф. – Мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің деңгейлеріне
арналған стандарттардың мазмұнын құрастырудың әдіснамалық негіздері
(Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.);
Авакова Р.А., ф.ғ.д., проф. – Халықаралық кеңістіктегі қазақ тілінің мәртебесі
(Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ); Құрманова Б.Ж.
ф.ғ.к. – Қазақ тілін оқытудығы мультимедиялық дәрістің маңызды қызметі
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті); Жақсылықова К.,
п.ғ.д. – Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан оқыту
мультимедиалық кешенінің ерекшелігі жайында (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университеті, Алматы қ.); Мұқанова Қ.Қ., п.ғ.к., доцент –
Орыс топтарында қазақ тілін жаңа технология арқылы оқытудың
педагогикалық аспектілері (Семей мемлекеттік педагогикалық институты);
Атажанова З.М., ф.ғ.к., доцент – Ағылшындарға қазақ тілін үйретудегі
мәтінмен жұмыс (Орталық Азия университеті, Алматы қ.).
Бұл Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының білім және
ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің,
Германия академиялық қызмет алмасудың, Халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі корей агенттігінің өкілдері, елдегі 70 ЖОО-дың басышылығы мен
ғалымдары, сонымен қатар, педагогтар, Астана қаласының орта мектептерінің
мұғалімдері қатысты.
Жоғары мектеп жүйесіндегі көптілді білім беруді енгізу мәселелерін
талқылау нәтижелерін ескере отырып, конференцияға қатысушылар Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігіне:
−
«Қазақстан Республикасында көптілді білім беруді дамытудың
Тұжырымдамасын» бекітуді;
−
көптілді білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталық
құруды;
−
көптілді мұғалім дайындығы бойынша мамандандыруды қарастыратын
педагогикалық мамандарға арналған МЖМБС және көптілді білім беру аясына
кіретін пәндерге арналған Типтік оқу бағдарламалар әзірлейтін ЖОО-ды
анықтауды;
−
базалық ЖОО-лардың «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге
асырудағы тәжірибелерін мақұлдауды;
−
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне көптілді
білім беру аясында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік және оқу-
әдістемелік базасын дайындау мен басып шығаруды тапсыруды;
13
−
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне ҚР БҒМ-
ның грифімен үштілдік терминологиялық сөздігін дайындау мен басып
шығаруды тапсыруды;
−
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту бойынша оқу құралдардарын әзірлеу
мен басып шығаруды тапсыруды;
−
Республика ЖОО-ларына:
−
«Қазақстан Республикасында көптілді білім беруді дамытудың
Тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында басқа тілде білім беруді
дамытудың Тұжырымдамасы», сонымен қатар, «Тілдердің үштұғырлығы»
мәдени жобасын жүзеге асырудағы базалық ЖОО-лардың тәжірибелерін ескере
отырып көптілді білім беруді енгізуді орындауын;
−
көптілді білім беруді дамыту Орталықтарын құруды;
−
көптілді білім беру үдерісінің қағидаларын анықтайтын ЖОО-лардың
ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуін ұсынды:
−
Бұл конференция жалпы республиканың ғылыми-педагогикалық
қауымдастығының өмірінде аса маңызды оқиға болды, оған қатысушылар
контингентінің сандық және сапалық құрамы куәлік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |