Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Сұрақ: - адамдар үшін ақпаратты қабылдау немесе беру не үшін қажет?
Оқулықпен жұмыс: Мұғалім «Жаңа білім» «Есіңде сақта» айдарларына түсіндірме береді. Түйінді сөздерге талдау жүргізу.
Топтық жұмыс: «Ақпараттың берілу түрлері» 1-сурет
бойынша білім алушылар ақпарат түрлеріне ойдан мысалдар құрастырады.
Жұптық жұмыс: Айналаңнан бір затты алып, зертте. «Зат атауы?», «Қандай ақпарат береді?», «Зерттеуде қай сезім мүшесін көбірек пайдалануға болады?» «Неліктен?» сұрақтарына жауап іздеп, пікіріңді жұбыңмен бөліс Топтық жұмыс: Қоршаған ортадан (орманда, тауда, шөл
далада, теңіз жағасында, жайлауда) адамға ақпараттың
берілуін және қабылдауын қалай түсіндірер едіңдер? Қандай
сезім мүшесі бәрінен артық ақпарат қабылдайтынын
дәлелде.
Дескриптор:
айналадағы қоршаған ортадан түрлі ақпарат көздерін қабылдауды біледі;
- сезім мүшелерінің қызметін түрлі ақпаратты ажырату үшін қолдана алады;
- ақпараттың берілуі бойынша түрлерін ажырата алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Сергіту сәті «Жақсылық тамшысы»
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.