67
Деректердің құрылымын жобалау әрекеттері орындалғаннан кейін,
кестелердің құрылымы айқындалады. Жобаланған кестелерді бір бірімен
байланыстыру барысында қайталананып келетін деректерді қалай өңдеу
жайында шешім алдын-ала қабылдануы керек.
5-кезең.
Өрістерді жобалау
деректерді енгізу және олардың мүмкін
мәндерін тексеру ережелері
Келесі кезең кестелер мен өрістерді толық анықтауды қажет етеді.
Әрбір өріске және кейбір жаңа кестелерге деректерді қатесіз енгізу үшін,
деректердің мүмкін мәндерін тексеру ережелерін қолдануға болады.
Өрістердің аттарын, тектерін және өлшемдерін жобалау
Ең алдымен әр өрістің атын анықтап, меншіктеу керек. Өрістің аты
жеңіл есте сақталынып, өрістің мағынасына сәйкес келіп, мәнді болуы
керек. Өрістің аты өте ұзын немесе өте қысқа болмауы тиіс.
6-кезең.
Үлгілерді жобалау
енгізу
Үлгілер кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде дерек-
терді қарап шығу мүмкіндігін береді. Үлгілердің түрі өздеріне сәйкес
құжаттардың түріндей болуы керек.
Деректерді енгізу үшін экрандық үлгілерді жобалау
Үлгілерді жобалау барысында экранда үш текті объектілер қамтыла-
ды:
белгілер және деректерді енгізу өрісінің
текст
ік жазуы;
арнайы басқару элементері;
сәндік графикалық элементтер.
Деректер өрістерінің реті құжаттағыдай болғаны жөн. Енгізілетін
таңбалардың мөлшерін қалауымызша өзгертуге болады. Деректер өріс-
тері бір келкі орналасуы міндетті емес және олардың арасында бос орын
қалдырылуы тиіс.
Өрістердің тақырыбы мен сұқбаттасу хабарларын көрсету үшін қысқа
жазулар (надписи) пайдаланылады.
Текст
ік өрістерге
текст
және сандар
енгізіп, оларды көрсетуге болады.
7-кезең.
Автоматтандыру тәсілдерін жобалау
Үлгілер компоненттерін бір-бірімен батырмалы немесе әдеттегі меню
жүйелері арқылы байланыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: