Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Деңгей  Салыстырмалы аналогиясы



Pdf көрінісі
бет36/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

Деңгей 
Салыстырмалы аналогиясы 
Қолданбалы 
деңгей 
Хат қағазда жазылып дайындалады. Оның мазмұны анықталады. 
Ұсынылу 
деңгейі 
Хат конвертке салынады. Конверттің сырты толтырылады. 
Марка жапсырылды. Мәлімет жөнелтуші клиент жеткізу 
хаттамасының барлық талаптарын орындады. 
Сеанстық деңгей 
Хат пошта жәшігіне салынды. Оны жеткізетін қызмет түрі 
таңдап алынды (хатты бөтелкеге салып, өзен арқылы да жіберуге 
болар еді, бірақ басқа қызмет түрі таңдап алынды). 
Тасымалдау 
деңгейі 
Хат поштамқа жетті. Ол жергілікті жерге баратын хаттардан 
бөлініп алынды. 


81 
Желілік деңгей 
Сұрыпталған соң, хат қапшыққа салынды. Енді қапшық 
тасымалданады. 
Байланысу 
деңгейі 
Хаттар салынған қапшықтар вагонға салынды. 
Енді вагон тасымалданады. 
Физикалық 
деңгей 
Вагон тепловозға тіркелді. Енді поезд тасымалданады. 
Тасымалдау бұдан былай басқа хаттама арқылы жұмыс атқаратын 
мекемеге жүктелді. 
 
7.3
 
 Жергілікті және глобальді желілер 
Жергілікті желі
 
- бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын 
орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. Олардың бірі 
көбінесе 
орталық сервер (басты компьютер) 
ролін атқарады. Жергілікті 
компьютерлік желіге қосылған әр түрлі ЭЕМ-дердің дискілеріндегі 
бумалар мен файлдарда орналасқан мәләметті пайдалану өз 
компьютерінде орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып 
келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет 
орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір компьютердің мәліметтер 
бумасын ашу керек. 
Ауқымды (ғаламдық) желілер
 
бүкіл дүние жүзіндегі компьютерлерді 
немесе олардың топтарын байланыстыруға арналған желілер түрі, олар 
көбінесе ғарыштық (спутниктік) байланыс арналарын пайдаланылады. 
Компьютерлік желілердің барлық түрлерінің атқаратын қызметі екі 
функциядан тұрады, олар: 

Аппараттық және бағдарламалық желі ресурстарының бірігіп 
жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 

Мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды 
қамтамасыз ету. 
Егер желіде барлық компьютерлер ортақ пайдалануға арналған 
арнайы бөлінген компьютер-сервер болмаса және барлық компьютерлер 
бір-бірімен ― тең құқықты мүмкіндікпен мәлімет алмасатын болса, ондай 
желілер 
біррангілі 
(әдетте олар шағын желілер) деп аталады. 
Бір мәселені шешу мақсатында жергілікті желі арқылы байланысып 
жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тобын жұмысшы топтар деп атайды. 
Желіге қосылған компьютерлердің құқықтарын бөлу және шектеу 
тәсілдері жиынын 
желі саясаты 
деп атау қалыптасқан. Желі саясатын 
реттеп отыру істерін 
желіні басқару 
деп атайды. Ал жергілікті желідегі 
компьютер жұмысын басқаруды ұйымдастырушы тұлға желі басқару-
шысы (әкімі) болып табылады. 
Әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс атқаратын бірнеше жергілікті 
желілерді бір- бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар шлюздар 
(тоғандар) пайдаланылады. 
Мекеменің жергілікті желісін ауқымды (жаһандық, ғаламдық) желіге 
қосар кезде желі қауіпсіздігі деген ұғым туындайды. Жергілікті желім 
мен ауқымды желі арасында мәліметтер алмасуы кезіндегі олардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
брандмауэрлар 
арқылы жүзеге асырылады. 


82 
Желілер арасында мәлімет тасымалдауда оларды қорғау, пайдалануды 
шектеу істерінде брандмауэр ролін арнайы компьютер немесе 
бағдарлама атқаруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет