65
арналғандығымен қоса әлдеқайда терең түсініктерді де қамти алады.
Деректерді таңдау қазірдің өзінде де SQL-дің маңызды
функциясы болып
табылады. Қазіргі жағдайда тіл барлық функционалды мүмкіндіктерді
жүзеге асыру үшін қолданылады және қолданушыға ДББЖ–нен атап
айтқанда мыналарды ұсына алады:
Деректерді ұйымдастыру. SQL деректерді ұсыну құрылымын және
деректер базасының элементтрері арасындағы қатынастарды анықтауға
мүмкіндік береді.
Деректерді
таңдау.
SQL
қолданушыға
немесе
қосалқы
бағдарламаларға деректер базасынан деректерді алуға және оларды
қолдануға мүмкіндік береді.
Деректерді
өңдеу.
SQL
қолданушыға
немесе
қосалқы
бағдарламаларға деректер базасын өзгертуге: жаңа
деректерді қосуға, бар
деректерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
Деректерге қатынауды басқару. SQL көмегімен қолданушының
деректерді өзгерту, таңдап алу және оларды рұқсатсыз кіріп қолданудан
базағау мүмкіндіктерін шектейді.
Деректерді ортақ пайдалану. SQL паралель жұмыс істеуші
қолданушылардың деректерді бірге ортақ қолданылуын ұйымдастырады.
Деректердің тұтастығы. SQL деректер базасының тұтастығын
қамтамасыз етуге, келісімсіз өзгеруден немесе жүйенің қабылдамауынан
базағауға мүмкіндік береді.
Деректердің құрылымдық типі деректердің күрделі
құрылым
тапсырмасы үшін арналған. Деректердің құрлымдық типі компонент деп
аталатын құрамдас элементтермен жобаланады. Олар өз кезегінде
құрылымға ие болады. Деректердің құрылымдық типі ретінде келесі
деректер типін қарауға болады: Массивтер. Жазбалар (Құрылымдар).
Құрылымдық типтері жиындар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар
- SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді. Бұлардан өзге типтер
бағдарламаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы қажет.
Тұрақты
сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға болады,
ал айнымалылар мен функциялар типтері бағдарламаның сипаттау
бөлімінде көрсетіледі. Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу
пішімін былай көрсетуге болады: Туре=;
Логикалық шамалар екілік
сандар жүйесіне сәйкес «1» және «0» деген мәндерді ғана қабылдайды.
Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның
орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал «0» сол шарттың
орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән
бағдарламада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (0)
болып жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: