Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

Бақылау сұрақтары: 
1.
Деректерді тасымалдау құрылғылары? 
2.
Желілердің типтері? 
3.
Стектік хаттамалар: TCP/IP, OSI, IP-адрестеу? 
4.
Жергілікті және глобальді желілер артықшылықтары? 
5.
Телекоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері? 
6.
Маршрутизаторлар нені анықтайды? 
7.
Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі? 
8.
Байланыс моделінің деңгейлері? 
9.
Байланыс жүйелерінің қызметі? 
10.
Деректерді жіберу жүйелерінің қызметі? 
 
ТАҚЫРЫП 8. Киберқауіпсіздік 
 
8.1
 
 Ақпаратты қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі 
8.2
 
 Киберқауіпсіздік және Интернетпен басқару 
8.3
 
 Ақпаратты қорғау құралдары мен шаралары 
8.4
 
 Қазақстан 
Республикасының 
ақпараттық 
қауіпсіздік 
саласындағы реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы 
Бақылау сұрақтары 
 
8.1 Ақпаратты қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі 
Ақпараттық қауіпсіздік
- мемкелеттік ақпараттық ресурстардың
сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдде-
лері қорғалуының жай-күйі. 
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе 
болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық
Бағдарламалық, техникалық шаралар қажет. 
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды үш жайын атап кетуге 
болады:

қол жеткізерлік (оңтайлық); 

тұтастық; 

жасырындылық. 
Қол жетерлік (оңтайлық)
- саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық 
қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпарат-
тың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа 
кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің 
оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті. 
Тұтастық 
- ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. 
Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған 
(бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтанды-
рылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін 
қабілетін айтады. 
Жасырындылық 
- заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. 


86 
1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар 
«Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын 
кітап шығарды. 
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет 
жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою 
құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құрал-
дар арқылы басқаратын жүйе. 
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру 
құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтама-
сыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және Бағдарламалық құралдарды 
қолданатын жүйе. Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі 
өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік. 
Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп 
дегеніміз - бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы 
мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің 
жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы 
мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі. 
Қауіптердің жіктелуі: 

Пайда болу табиғатына қарай 
табиғи 
және 
жасанды
болып 
бөлінеді. 
Табиғи
- бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процесстер 
мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз 
кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіп-
тің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т.б. айтса 
болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы - оны болжаудың қиындығы 
және мүмкін еместігі. 

Ниеттілік дәрежесіне сәйкес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет