Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


  Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет43/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

8.4 
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік 
саласындағы реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы
Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. 
Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқаты-
ның артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi 
басымдық ретінде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi 
ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады. 
Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени 
өмiрiндегi ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық 
қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды. 
Мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ақпарат алу 
саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен 
бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техни-
калық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi 
көзқарасты пайдалануды, оны конституциялық құрылыстың мызғымас-
тығын, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық 
тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты, 
заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, 
ақпараттық 
қауiпсiздiк 
саласында 
өзара 
тиiмдi 
халықаралық 
ынтымақтастықты дамытуды талап етедi. 
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы 
(бұдан әрi - Тұжырымдама) ҚР Конституциясының және "Қазақстан 
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусым-
дағы, "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы, 
"Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi, 
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 
жылғы 7 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамыр-
дағы, "Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы 
Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 2006 жылғы 18 тамыздағы №163 Жарлығымен 
мақұлданған Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңiстiгiнiң бәсекеге 


94 
қабiлеттiлiгiн дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырым-
дамасының негiзiнде әзiрлендi. 
Сондай-ақ Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiк 
саласындағы халықаралық тәжiрибе және 1999 жылғы 4 шiлдедегi 
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери 
саладағы ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасының ережелерi 
ескерiлдi. Тұжырымдама ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 
саласында Қазақстан Республикасының бiрыңғай мемлекеттiк саясатын 
қалыптастыру мен iске асыру кезiнде негiз болып қызмет етедi, оның 
ережелерi Қазақстанның бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру мен 
дамыту және ақпараттандыру саласында мемлекеттiк саясатты одан әрi 
жетiлдiру кезiнде ескерiлетiн болады. 
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 
саласындағы мемлекеттiк саясат (бұдан әрi - мемлекеттiк саясат) ашық 
болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 
заңнамалық актiлерiнде көзделген шектеулердi ескере отырып, қоғамның 
мемлекеттiк органдар мен қоғамдық институттардың ақпараттық 
қауiпсiздiк саласындағы қызметi туралы хабардар болуын көздейдi. Ол 
жеке және заңды тұлғалардың кез келген заңды тәсiлмен ақпаратты еркiн 
жасауға, iздестiруге, алуға және таратуға құқықтарын қамтамасыз етуге 
негiзделедi. 
Ғылым мен техника саласында 
Ғылым мен техника саласындағы ақпараттық қауiпсiздiктiң неғұрлым 
осал объектiлерi мыналар болып табылады: 

жоғалуы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне залал 
келтiруi мүмкiн, елдiң ғылыми-техникалық, технологиялық және 
әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн әлеуеттi маңызы бар мәлiметтердi, 
деректер мен бiлiмдi қамтитын iргелi, iздестiру және қолданбалы 
ғылыми зерттеулердiң нәтижелерi; 

құпиялылық мәртебесi әлi айқындалмаған және сондықтан 
Қазақстан Республикасының заңнамасының күшi жүрмейтiн әрi шетелге 
сатылуы мүмкiн патенттелмеген технологиялар, ноу-xaу моделдiң 
өнеркәсiптiк үлгiлерi мен эксперименттiк жабдық; 

құқықтық қорғалғандығына қарамастан ұрлануы және заңсыз 
таратылуы немесе пайдаланылуы мүмкiн зияткерлiк меншiк объектiлерi 
(жаңалықтар, өнертабыс патенттерi, өнеркәсiптiк үлгiлер, бағдарламалық 
өнiмдер және басқалары). 
Бұл саладағы қатерлер жiктеу кезiнде шетел мемлекеттерi арнайы 
қызметтерi мен қылмыстық құрылымдардың өнеркәсiптiк шпионаж 
жасау мүмкiндiгiн зерделеуге ерекше назар аудару қажет. 
Ғылыми және зияткерлiк әлеуеттi заңсыз иеленудiң немесе 
пайдаланудың алдын алу мақсатында қатердiң таралуының әрбiр нақты 
жағдайы немесе ғылыми, техникалық және технологиялық өнiм үшiн 
ұсынымдар тұжырымдайтын қоғамдық ғылыми кеңестер мен тәуелсiз 


95 
сарапшылар институтын қамтитын қатерлердiң көрсетiлген объектiлерге 
әсер етуiнiң ықтимал зардаптарын бағалау жүйесi ұйымдастырылатын 
болады.
Мемлекет тарапынан қатерлерге қарсы әрекет етудiң шынайы жолы 
осы саладағы заңнаманы және оны iске асыру тетiктерiн үнемi жетiлдiру 
болып табылады. Бұл саладағы қатерлердiң алдын алу немесе залалсыз-
дандыру жөнiндегi, әсiресе ғылыми кадрларға қатысты бөлiгiндегi 
көптеген iс-шаралар мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясаты 
саласына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет