Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

 
 


89 
8.2 Киберқауіпсіздік және Интернетпен басқару 
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, олар: киберқауіпсіздік, 
бұлтты және мобильді технологиялар, Smart технологиялар, E-
технологиялар. 
Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі: 

Киберқауіпсіздік индустриясы.

Киберқауіпсіздік және Интернетті басқару.

Зиянды бағдарламалар.

Ақпаратты қорғанудың шаралары мен құралдары.

Ақпараттық 
қауіпсіздік 
саласындағы 
стандарттар 
мен 
спецификациялар.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 
реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы.

Электрондық цифрлық қолтаңба.

Шифрлау.

Бұлтты және мобильді технологиялар.

Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері.

Бұлтты есептеулер қағидалары.

Виртуалдау технологиясы.

Бұлтты Web-қызметі.

Мобильді 
технологиялардың 
негізгі 
терминдер 
мен 
тұжырымдамалары.

Мобильді сервистер.

Мобильді технологиялар стандарттары.

Smart технологиялар.

Үлкен деректер.

Блок чейн технологиясы.

Жасанды интеллект.

Smart-сервистерді пайдалану.

АКТ-дағы жасыл технология.

Телеконференциялар.

Телемедицина.

E-технологиялар.

Электронды бизнес.

Электронды оқыту.

Электронды үкімет. 
Электрондық бизнес: Электрондық бизнестің негізгі модельдері. 
Электрондық бизнестің ақпараттық инфрақұрылымы. Электрондық биз-
нестегі құқықтық реттеу. 
Электрондық оқыту: архитектурасы, құрамы және платформалары. 
Электрондық оқулықтар. 
Электрондық үкімет: тұжырымдамасы, архитектурасы, қызметтері. 
Дамыған елдерде электрондық үкіметті іске асырудың форматтары. 


90 
Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялы АКТ. 
Мамандандырылған 
кәсіби 
саланың 
міндеттерін 
шешудегі 
бағдарламалық жасақтама. Медицина, энергетика және т.б. кәсіби 
салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу 
жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану. Индустриялық 
ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қауіпсіздігі. 
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты 
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», деп Елбасы 
атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық 
технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары 
ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа 
компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану 
айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік 
сауаттылығы ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудағы 
жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. 
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің 
барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман 
ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай 
нәтижелер беруде. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы 
уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып 
табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-комму-
никациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ 
маманның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын 
арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын 
қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар 
даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет