Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
5.3 SQL негіздері
SQL - әдетте «сиквел» деп айтылады - құрылымдық сұраулар тілі 
(Structured Query Language). Ол реляциялық деректер базасын құруға 
мүмкіндік береді. 
SQL тілі – компьютердің деректер базасында сақталған ақпараттарды 
таңдауға және өңдеуге арналған құрал. SQL - құрылымдалған сұраныс-
тар тілінің аббревиатурасы (Structured Query Language). SQL 
аббревиатурасы әдетте «сиквел» деп оқылады, бірақ «эскюэль» 
альтернативті түрде айтылуы да қолданылады. SQL - қолданушының 
деректер базасымен қатынасы үшін қолданылатын бағдарламалау тілі. 
Деректер базасы (ДБ) - ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттан-
дыру үшін арналған логикалы байланысқан деректердің сипатталуымен 
бірге қолданатын жиынтық.
SQL реляциялық деп аталатын біртиптес деректер базасымен жұмыс 
жасайды. Есептеу жүйелерінде маңызды ақпараттарды сақтайтын 
деректер базасы болып табылады. Егер қолоданушы деректер базасынан 
ақпараттар алғысы келсе, онда ДББЖ-нен (Деректер базасын басқару 
жүйесі - деректер базасын басқаратын компьютердің бағдарламасы) SQL 
көмегімен сұраныс жасайды. SQL Server-ін қолдайтын SQL диалектісі 
Transact-SQL деп аталады. Бұл Transact-SQL Server қосымшаларын 
қолданатын негізгі тіл. 13-ші суретте SQL жұмысының сызба-нұсқасы 
көрсетілген: 
13-сурет. SQL-серверінің жұмыс принципі 
ДББЖ сұраныстарды өңдейді де керекті деректерді тауып, оларды 
қолданушыларға жібереді. Деректерді сұрау және нәтиже алу процесі - 
деректер базасына сұраныс деп аталады. Осыдан келіп ол 
құрылымдалған сұраныстар тілі деп аталған. Бүгінгі күнде бұл атау 
шындыққа жанаспайды, себебі SQL тілі тек сұраныстар жасауға 


65 
арналғандығымен қоса әлдеқайда терең түсініктерді де қамти алады. 
Деректерді таңдау қазірдің өзінде де SQL-дің маңызды функциясы болып 
табылады. Қазіргі жағдайда тіл барлық функционалды мүмкіндіктерді 
жүзеге асыру үшін қолданылады және қолданушыға ДББЖ–нен атап 
айтқанда мыналарды ұсына алады: 

Деректерді ұйымдастыру. SQL деректерді ұсыну құрылымын және 
деректер базасының элементтрері арасындағы қатынастарды анықтауға 
мүмкіндік береді.

Деректерді 
таңдау. 
SQL 
қолданушыға 
немесе 
қосалқы 
бағдарламаларға деректер базасынан деректерді алуға және оларды 
қолдануға мүмкіндік береді.

Деректерді 
өңдеу. 
SQL 
қолданушыға 
немесе 
қосалқы 
бағдарламаларға деректер базасын өзгертуге: жаңа деректерді қосуға, бар 
деректерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.

Деректерге қатынауды басқару. SQL көмегімен қолданушының 
деректерді өзгерту, таңдап алу және оларды рұқсатсыз кіріп қолданудан 
базағау мүмкіндіктерін шектейді.

Деректерді ортақ пайдалану. SQL паралель жұмыс істеуші 
қолданушылардың деректерді бірге ортақ қолданылуын ұйымдастырады.

Деректердің тұтастығы. SQL деректер базасының тұтастығын 
қамтамасыз етуге, келісімсіз өзгеруден немесе жүйенің қабылдамауынан 
базағауға мүмкіндік береді. 
Деректердің құрылымдық типі деректердің күрделі құрылым 
тапсырмасы үшін арналған. Деректердің құрлымдық типі компонент деп 
аталатын құрамдас элементтермен жобаланады. Олар өз кезегінде 
құрылымға ие болады. Деректердің құрылымдық типі ретінде келесі 
деректер типін қарауға болады: Массивтер. Жазбалар (Құрылымдар). 
Құрылымдық типтері жиындар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар 
- SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді. Бұлардан өзге типтер 
бағдарламаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты 
сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға болады, 
ал айнымалылар мен функциялар типтері бағдарламаның сипаттау 
бөлімінде көрсетіледі. Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу 
пішімін былай көрсетуге болады: Туре=; Логикалық шамалар екілік 
сандар жүйесіне сәйкес «1» және «0» деген мәндерді ғана қабылдайды. 
Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның 
орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал «0» сол шарттың 
орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән 
бағдарламада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (0) 
болып жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет