Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
... ...
Инженер Ставка
... 
Код Петров
... ... 


62 
қорларын өңдеу күрделі және көп еңбекті қажет ететін процесс болып 
табылады.
1970 жылы ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд реляциялық 
модель деп аталған деректер базасының жаңа моделін ұсынған бірқатар 
еңбектерін жариялаған болатын. Сонымен қатар, реляциялық деректер 
қорларын өңдеу үшін Кодд деректерді өңдеудің тілдерін - реляциялық 
алгебра мен реляциялық есептеуді әзірлеп шығарды, олар бір 
командамен бүкіл деректер базасын өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді, 
ал иерархиялық және желілік модельдерде бір жолы тек бір ғана жазба 
өңдеуден өткізіледі. Физикалық көрсеткіштердің орнына Кодд 
деректердің тасымалдағышта физикалық орналасуына тәуелсіз оларды 
өздерінің ішкі логикалық қарым-қатынастарына сәйкес байланыстыру 
идеясын ұсынды.
Реляциялық модельдің мәні - ол деректерді реляциялар немесе 
қатынастар деп аталатын екі өлшемді кестелер түрінде беруді 
ұйымдастырады және ұсынады. Бір кесте бір нысанды, мысалы, сауда 
фирмасының клиенттерін сипаттайды. Кестенің бағандары деректер 
базасының өрістеріне сәйкес келеді және 
атрибуттар
деп аталады. Сол 
арқылы атрибут нысанның жеке қасиетін сипаттайды. Кестенің жолдары 
жазбаларға сәйкес келеді және 
кортеж
деп аталады. Сонымен, кортеж 
нысанның бір элементіне арналған атрибуттар мәндерінің жиынтығын
ал қатынас – кортеждердің жиынын сипаттайды. Деректер базасының 
құрылымын әзірлеу және сипаттау кезінде әрбір кестедегі атрибуттарға 
атаулар беріледі және олардың типтері анықталады, мысалы, атауы 
Name, типі CHAR немесе атауы Amount, ал типі REAL. Сонымен қатар 
INTEGER типі, DATA типі және басқа да типтер болуы мүмкін. 
Кестеге де атау беріледі. Деректер базасының біреуі бірнеше кестеден 
тұруы мүмкін және қандай да бір құрамдас нысанды сипаттайды. 
Деректер базасына да атау беріледі. Мысалы, қандай да бір сауда 
фирмасын сипаттайтын Orion оқу деректер базасы келесі үш кестеден: 
Salecpeople, Customers, Orders кестелерінен тұрады. 
Егер кестенің элементі әлі анықталмаған болса немесе ешқандай 
мәнге ие болмаса, онда оған Null - мәні меншіктеледі.
Деректердің арасындағы логикалық байланыс бастапқы және сыртқы 
кілттердің көмегімен жүзеге асырылады. 
Бастапқы кілт
- деп кестенің 
әрбір жолын бір мәнді анықтайтын кестедегі атрибуттардың ең аз 
жиынтығы аталады. Мысалы, Salecpeople кестесінде бастапқы кілт Snum 
бағаны, ал Customers кестесінде Cnum бағаны болып табылады. 
Осылайша, 
бастапқы 
кілтті 
құрайтын 
атрибуттар 
мәндерінің 
комбинациясы әр жазба үшін бірегей, қайталанбайтын болып табылады. 
Сыртқы кілт
- деп мәндерінің комбинациясы кейбір жазба үшін 
бастапқы кілттің жиынтығы аталады. Сыртқы кілттер бір деректер 
базасының 
кестелеріндегі 
деректердің 
арасындағы 
қажетті 
байланыстарды қамтамасыз етеді.


63 
Деректердің реляциялық моделінің артықшылығы оны ЭЕМ-де 
физикалық жүзеге асырудың қарапайым, түсінікті және ыңғайлы 
болуында. Пайдаланушы үшін дәл осы қарапайымдылығы мен 
түсініктілігі оларды кең түрде қолдануға негізгі себеп болды. Осы 
типтегі деректерді өңдеу тиімділігінің мәселелері техникалық тұрғыдан 
шешілетін болып шықты.
Реляциялық модельдің негізгі кемшіліктері:

жеке жазбаларды идентификациялаудың стандарттық құралдары-
ның болмауы;

иерархиялық және желілік байланыстарды сипаттаудың күрделілігі 
жатады. 
Мысалы, Orion деректер базасында Orders кестесінің Cnum және 
Snum бағандары сыртқы кілттер болып табылады. Деректер арасындағы 
байланыстарды 12-суретте көрсетуге болады. 
Orders 
Onum 
Amount Date 
Cnum Snum 
… 
0813006 
… 
… 
1098.16 
… 
… 
10.03.2005 
… 
… 
2008 
… 
… 
1007 
… 
Customers 
Cnum Cname City 
… 
2008 
… 
… 
Pereira 
… 
… 
1004 
… 
Salecpeople
12-сурет. Реляциялық модельдегі жазбаларды байланыстыру 
Сонымен реляциялық кестенің анықтамасынан келесілер шығады: 

бастапқы кілттің және оған сәйкес келетін сыртқы кілттің 
атрибуттарының атаулары бірдей болуы міндетті емес, бірақ та бір типті 
болуы тиіс;

деректер базасының әрбір кестесінің бірнеше сыртқы кілттері 
болуы мүмкін, ал бастапқы кілт тек біреу ғана бола алады;
Snum Sname City 
Manager 
… 
1007 
… 
… 
Rifkin 
… 
… 
Barselona 
… 
… 
1004 
… 


64 

жалпы жағдайда кестеде екі және одан да көп бірдей кортеждер 
болуы мүмкін емес;

кестеде кортеждер реттелмеген, еркін түрде болуы тиіс;

атрибуттар да реттелмеген, еркін түрде болуы тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет