Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


 Деректер базасын жобалау және құру



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
5.4 Деректер базасын жобалау және құру 
Деректер базасын кұру үшін, алдымен оның 
жобасын ойластырған 
жөн. Жобасыз құрылған деректер базасында жиі қателіктер туып, оларды 


66 
қалпына келтіру үшін база обьектілеріне үнемі өзгерістер енгізіп отыруға 
тура келеді. 
Деректер базасының концепциялары: 
1.
ақпараттық жүйелердің мәліметтері операциялық жүйелерді сақ-
тайтын файлдарда орналасады; 
2.
файлдардың физикалық құрылымы белгіленеді, ал мәліметтердің 
логикалық құрылымы оның негізінде көрсетіледі (мәліметтердің физика-
лық және логикалық құрылымы және бөлінуі); 
3.
мәліметтердің сұранысын өңдеу мәлiметтердi манипуляция жасай-
тын (ұйымның мәліметтерінен бағдарламаның тәуелсіздігі) арнайы 
интерфейс арқылы жүзеге асады; 
4.
бағдарламалар біртұтас пікірдің негізінде мәлiметтердi өңдейтiн 
процедурада жасалады. 
Жобалаудың жеті кезеңі
Жобаны тереңірек ойластырған сайын, кәделік жүйені оңай жүзеге 
асыруға болады. 
Жобалау
- үлкен көлемді құжаттар кұру емес, оның 
негізгі мақсаты- қажетті қосымшаны іске асырудың айқын жолын анық-
тау. 
1-кезең. 
Концепциядан бастап іске асуға дейінгі жалпы жобалау
Бағдарламалаушылар мен қолданушылар арасында ұқсас мәселелер 
кездесуі мүмкін. Мәселелердің алғашқы тобы соңғы қолданушының 
талаптарына қатысты. Құру әрекеттерін бастамай тұрып, жүйеге қойыл-
ған 
жалпы талаптарын
айқын анықтап алу керек. Жобалау әрекеттері 
итеративтік процесс:
әр кезең біткеннен соң, анықталған жобадан 
ауытқып кетпеу үшін алдыңғы қадамдарды мұқият тексеріп, қарап шығу 
қажет. 
2-кезең. 
Базадағы есепті жобалау: өрістерді орналастыру 
Көрсетілген жобалау концепциясында, өрістердің орналастырылуы 
базадағы есепке айтарлықтай әсер етпейді. Кейде болашақ базадағы 
есептің бетіне тор салып, әр өрістің орнын дәлме-дәл анықтап шығуға 
болады. 
3-кезең. 
Деректердің кұрылымын жобалау
кестенің кұрылымында 
қандай өрістер болуы қажет. 
Сонымен, келесі қадам - базадағы есептерге кіретін өрістердің тізімін 
кұру. Ең оңай жолы - әр базадағы есептің элементтерін анық-тап, тізімін 
құру. Содан соң кұрылған тізімдердегі екі немесе бірнеше базадағы 
есептерге қатар кіретін элементтерді анықтап алу керек. Ескерту: 
бірнеше базадағы есептердегі деректердің элементтерінің аттары бірдей 
болса, онда оларды бір элемент деп санауға болады. Осы кезеңде 
деректердің элементтері үшін 
логикалық топтастыру
әрекеттері 
орындалады. Өрістерді кестелерге үлестіру әрекеттері функционалдық 
негізінде жүзеге асырылады. 
4- кезең. 
Кестелерді жобалау және біріктіру


67 
Деректердің құрылымын жобалау әрекеттері орындалғаннан кейін, 
кестелердің құрылымы айқындалады. Жобаланған кестелерді бір бірімен 
байланыстыру барысында қайталананып келетін деректерді қалай өңдеу 
жайында шешім алдын-ала қабылдануы керек. 
5-кезең. 
Өрістерді жобалау
деректерді енгізу және олардың мүмкін 
мәндерін тексеру ережелері 
Келесі кезең кестелер мен өрістерді толық анықтауды қажет етеді. 
Әрбір өріске және кейбір жаңа кестелерге деректерді қатесіз енгізу үшін, 
деректердің мүмкін мәндерін тексеру ережелерін қолдануға болады. 
Өрістердің аттарын, тектерін және өлшемдерін жобалау 
Ең алдымен әр өрістің атын анықтап, меншіктеу керек. Өрістің аты 
жеңіл есте сақталынып, өрістің мағынасына сәйкес келіп, мәнді болуы 
керек. Өрістің аты өте ұзын немесе өте қысқа болмауы тиіс. 
6-кезең. 
Үлгілерді жобалау
енгізу 
Үлгілер кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде дерек-
терді қарап шығу мүмкіндігін береді. Үлгілердің түрі өздеріне сәйкес 
құжаттардың түріндей болуы керек. 
Деректерді енгізу үшін экрандық үлгілерді жобалау 
Үлгілерді жобалау барысында экранда үш текті объектілер қамтыла-
ды: 

белгілер және деректерді енгізу өрісінің 
текст
ік жазуы; 

арнайы басқару элементері; 

сәндік графикалық элементтер. 
Деректер өрістерінің реті құжаттағыдай болғаны жөн. Енгізілетін 
таңбалардың мөлшерін қалауымызша өзгертуге болады. Деректер өріс-
тері бір келкі орналасуы міндетті емес және олардың арасында бос орын 
қалдырылуы тиіс. 
Өрістердің тақырыбы мен сұқбаттасу хабарларын көрсету үшін қысқа 
жазулар (надписи) пайдаланылады. 
Текст
ік өрістерге 
текст
және сандар 
енгізіп, оларды көрсетуге болады. 
7-кезең. 
Автоматтандыру тәсілдерін жобалау
Үлгілер компоненттерін бір-бірімен батырмалы немесе әдеттегі меню 
жүйелері арқылы байланыстыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет