Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Инфрақұрылымға түсінік беріңіз. 
2.
Әлеуметтік инфрақұрылым қандай жүйе тармақтарынан құралады? 
3.
Өндірістік инфрақұрылым нені қамтамасыз етуге әсерін тигізеді? 
4.
Нарықтық инфрақұрылым жүйесінің құрамы? 
5.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі 
заманғы кезеңі қандай мүмкіндіктерін көздейді? 
6.
Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен қалай түсіндіруге болады? 
7.
Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді не деп атайды? 
8.
«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай неше түрге бөлінеді? 
9.
«Бұлттағы» оқу процесі неше негізгі бөліктерден тұрады? 
10.
«Бұлтты технологияның» оқыту процесіндегі негізгі 
артықшылықтары? 
11.
Мобильді технологиялардың қызметі? 
12.
Сымсыз байланыс жүйелері қандай белгілер бойынша жіктеледі?
13.
Ұялы жүйелермен салыстырғанда транкингтік радиожүйелерінің 
артықшылықтарына нені жатқызуға болады? 
 
ТАҚЫРЫП 11. Мультимедиялық технологиялар 
 
11.1 Мультимедиа элементтері 
11.2 Ақпаратты қысуға арналған негізгі технологиялар 
11.3 Мультимедиалық қосымшаларды әзірлуге арналған 
құралдар 
Бақылау сұрақтары 
 
11.1 Мультимедиа элементтері 
Мультимедиа
- визуалды және аудио эффектілердің өзара әрекеттес-
тігі интерактивті бағдарламалық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы 
техникалық және бағдарламалық тәсілдер арқылы мәтінді, дыбысты, 
графикалық сызбаларды, суреттер мен видеоларды біріктіріп бір ғана 
цифрлы қойылым ретінде корсетеді. 
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, 
тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін 
жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде 
бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және 
мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады. 
Мәтін
, түрлі-
түсті 
графика
, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте 
көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. 


114 
Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға
дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында 
көрсетуге, 
тыңдауға 
толық 
мүмкіндік 
бар. 
Мультимедиалық 
бағдарламалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік 
мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет