Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет47/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Бақылау сұрақтары: 
1.
Интернеттің негізгі түсініктері? 
2.
Интернетте жұмыс істеу үшін не қажет? 
3.
URL - дың тағайындалуы және құрамдас бөліктері? 
4.
Web-парақтарды көру құралдарын атаңыз. 
5.
Web-парақтарды ашу және көру ненің көмегімен атқарылады? 
6.
Web-парақтарда не арқылы сілтеме жасауға болады? 
7.
Броузер параметрлерін тағайындау қандай факторларға 
байланысты болады? 
8.
World Wide Web құжатары ішінен информация іздеу жүйесі қай 
жұмысқа арналған? 
9.
SMTP, РОРЗ, IMAP хаттамаларның қызметі? 
 


103 
ТАҚЫРЫП 10. Бұлтты және мобильді технологиялар 
 
10.1
Қазіргі инфрақұрылымдық шешімдерінің даму үрдістері 
10.2 Бұлтты технологиялар 
10.3 Мобильді технологиялар стандарттары 
Бақылау сұрақтары 
10.1
Қазіргі инфрақұрылымдық шешімдерінің даму үрдістері 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 
елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру формасы – 
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», деп атап көрсетті. 
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет 
дәуірі, 
айналадағы 
дүниеге, 
адамның 
денсаулығына, 
кәсіби 
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі күні ақпараттық 
технологияларды меңгеру – басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз 
– ХХІ ғасырдың «ақпараттық технология ғасыры» деп аталуында. 
Ақпараттық технология ғасыры өз алдына «ақпараттық қоғамды» 
қалыптастырды. 
Инфрақұрылым 
- (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - 
құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің 
жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы 
салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, 
көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- 
тұрмыстық инфрақұрылым – тұрмыстық, коммуналдық, шаруашылық, 
сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, 
денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым тазалаушы 
құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.). 
Әлеуметтік инфрақұрылым
– материалдық игіліктерді ұдайы өндіру 
(қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын 
қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени 
мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық 
тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік 
инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз 
өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. 
Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде 
материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, 
коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан 
құралады.
Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық, тұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық 
тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың 
материалдық тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін 
қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық 


104 
сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарын, туристік ұйымдарды қамтиды. 
Рухани-білім беру тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани 
қажеттерін (білім алу, мәдениет, өнер) қанағаттандыруға бағдарланған. 
Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы көлігі және халыққа 
байланыс қызметін көрсету аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық 
тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие 
операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассалары, банкілер, 
құқықтық мекемелер – заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер) 
қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны 
дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдық, қаржы және 
еңбек 
шығыны); 
өндірістікэкономикалық 
көрсеткіштермен 
(кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым 
дамуының тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік нәтижелермен 
(халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер 
көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне 
халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет