Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


(community cloud) - ортақ мақсаттары бар  қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.  Аралас бұлттар



Pdf көрінісі
бет50/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
 
(community cloud) - ортақ мақсаттары бар 
қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.

Аралас бұлттар
 
(hybrid cloud) - екі немесе одан көп бұлт 
түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға 
болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде 
орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері 
бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.
Бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтары 

үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін 
тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар 
тарапынан пайдалана алады;

тұтынушы кез-келген жерден, кез-келген уақытта интернетке 
қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дерек көздерімен 
жұмыс істей алады;

тұтынушы компьютерлік құралғының осалдығына, немесе оның 
сынып бұзылуына, немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, 
бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз 
бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

жеке компьютердегі бағдарламалармен салыстырғанда бұлттық 
қызметтер көбінесе тегін, немесе бағалары айлық жалақы ретінде өте 
арзан келеді;

кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға 
тиімді болатын жағы – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз 
етулерді администрациялауға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға 
кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

сонымен қоса сол бағдарламаларды жүргізетін білікті мамандар 
тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше 
алады.
Бұлтты технологиялар (Cloud computing) - бұл компьютерлік 
ресурстарды интернет-қолданушыға онлайн-сервистік қызмет көрсету 
түрінде ұсынатын, деректерді өңдеуші технологиялар. Бұл жерде «бұлт» 
термині метафора ретінде қолданылады, ол барлық техникалық 
қосымшалар жасырулы тұрған күрделі инфрақұрылым бейнесі ретінде 


108 
сипатталады. Әртүрлі деректер жан-жақтан жиналып, виртуалды бұлт 
түзеді 16-сурете көрсетілген. 
16-сурет. Виртуалды бұлт 
Миллиондаған қолданушыларды өзіне қаратып алған Dropbox 
бастамасының құпиясы да осында. Ол Google-дан көрі көлемі ірі 
виртуалды қойма ұсынады. Dropbox компьютеріңізге арнайы бума ашып 
береді. Оның өзгелерден басты айырмашылығы бұл бумаға сақталған 
барлық деректеріңіз виртуалды қоймада синхронды түрде сақталып 
отырады. Dropbox қолданушының барлық әрекеттерін жіті бақылап, 
кейін интернетке қосылған кез-келген компьютерден профайлды 
ашқанда жеке компьютердегі құжаттарды көруге болады. Компания 
сонымен қатар файлдардың көшірмелерін ғаламторда сақтайды. Бір 
қызығы, компьютердегі сақталған ақпараттар интернетте сақталуы үшін 
жаңартып отырудың қажеті жоқ. Әрі dropbox-тағы файлды кез келген 
үшінші біреумен бөлісу мүмкіндігі қарастырылған. Орын алған 
өзгерістің барлығы барлық компьютерлерде бірдей қайталанады. 
Бұлтты технологияларды АҚШ-тың ақпарат бөлімінің бас маманы 
Вивек Кандра былай сипаттайды. Ол бұлтты технологияны, ас 
бөлмесіндегі ағып тұрған суға теңейді. Оның айтуынша: ”Келіп тұрған 
суды қажет кезде кранды ашып аласың, қажет емес кезде жауып қоясың 
жәнеде ол 24 сағат бойына қол жетімді. Суды қанша пайдалансаң, сонша 
төлейсін. Пайдаланбасаң төлемейсің”, - деп сипаттайды.
Білім беру саласына да бұлтты технологиялар үлкен өзгерістер алып 
келері анық. Ақпараттық және аппараттық технологиялардың даму 
қарқынымен бірге білім беру саласының да қалыспай ілесіп отыруы 
қиынға соғады. Себебі, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу ұзақ 
уақытты және қаражатты талап етеді. Дамыған шет елдердің 
тәжірибесіне сүйенсек, жоғарыда айтылған қиындықтарды шешу үшін 
оқыту процесіне «Бұлтты есептеулерді» енгізген дұрыс.


109 
Соңғы жылдарда компьютер қолданушылар ақпараттарын қатқыл 
дисктерінен 
гөрі 
желіде 
сақтайтын 
болды, 
ал 
екі 
бірдей 
бағдарламалардың ішінен компьютерге жүктемей, онлайн пайдалануға 
болатын түрін таңдауда. «Интернеттен тауып, компьютерге сақтау» 
деген ұғымның орнын «жасап, желілік қызмет көрсету бұлтында 
басқалармен бөлісу» деген ұғым ауыстырады.
Бұлтты технологиялар оқыту процесіне жаңа кеңістіктерді енгізуде, 
бұл кеңістікте әр студенттің желіге қосылған өзінің жеке ноутбугы 
болады. Желі, студент компьютерлік аудиториядан шықса да 
ажырамайды, ол кез-келген жерде қол жетімді. Моделі «1 студент: 1 
компьютер» түрінде болады. Ал Hewlett Packard компаниясы салмағы 
жеңілдетілген Hp Mobile Thin Client ноутбугы жаңа оқу процесіне өте 
қолайлы. Олар өзіңмен бірге ұстап жүруге ыңғайлы және оларды «жұқа 
клиент» деп те атайды. Бұл ноутбуктерге тек браузер орнатылған болса 
жеткілікті. Қалған оқыту процесіне қажетті оқулықтарды және басқа да 
ресурстарды «бұлттан» алуға болады. Ал «бұлтқа» студенттер кез-келген 
жерден қосыла алады.
«Бұлттағы» оқу процесі үш негізгі бөліктерден тұрады: сақтау, 
деректерді өңдеу, бірігіп жұмыс істеу. «1 студент: 1 компьютер» моделін 
қолданғанда, желіде электронды кітаптарды, студенттердің жұмыстарын 
және т.б. қажетті материалдарды сақтауға және ортақ пайдалануға 
болады.
«Бұлтты технологияның» оқыту процесіндегі негізгі артықшы-
лықтары: 

бағдарламалық қамтамасыздандыруды сатып алуда ақшалай 
үнемдеулер;

кең кабинеттердің қажетсіздігі; 

әр түрлі жұмыстардың атқарылуы; 

online бақылау және бағалау; 

техниклық мамандарға төленетін ақшадан үнемдеу. 
Сонымен қатар, мысалы, ауа-райының қолайсыздығынан сабақтар 
кейінге қалдырылса, оқушылар үйлерінде отырып–ақ, сабаққа 
толыққанды қатыса алады. 
Қорытындылай келе, біздің еліміздегі білім беру саласы «бұлтты 
технологияларға» көшуі қажет. Кез-келген өркениетті мемлекеттің 
тәжірибесін алатын болсақ, «бұлтты технология» бүгіннің, я ертеңнің 
емес, кешегі күннің еншісіндегі дүние. Сондықтан алдыңғы қатарлы 30 
мемлекеттің қатарынан табылу жолында «бұлтты технологияға» көшу 
уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет