Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


 Мобильді технологиялар стандарттары



Pdf көрінісі
бет51/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
10.3 Мобильді технологиялар стандарттары 
Мобильді технологиялар - кітапханалық-ақпараттық саладағы соңғы 
инновациялардың бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. 
Мобильді кітапханалар мен мобильді кешендер көптеген елдер жүзеге 


110 
асырып келе жатқан қолданыстағы жобалардың бірі, Еуропа, АҚШ, 
Австралия, Африка және т.б. елдерде талай онжылдықтан бері 
қолданыста. 
Мақсаты
- адамдардың қажеттіліктерін өтеу.
Қазақстандық іс-тәжірибені қарастырайық. 
АҚШ Street Lab, Inc коммерциялық емес ұйымдарында және Алматы 
әкімдігінің қолдауымен 2012 жылы Қазақстанда «Алматыдағы мәдениет 
жылы» акциясы аясында құрылған «Мобильді кітапхана» жобасы іске 
қосылды. Ұйымдастырушылары – Қазақстандағы АҚШ елшілігінің 
қолдауымен С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы. 
Жылжымалы кітапханаға арналған ағылшын тіліндегі кітаптарды 
Америка елшілігі және «American Corner» америка бұрышы ұсынды. 
Елшіліктің арқасында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған балалар 
басылымдары бар. 
Мобильді технологиялар ұялы телефон пайдаланушының кез келген 
кажеттілігін қамтамасыз етеді, мысалы: жаңалықтар қарау, нарықтық 
акпараттан әлеуметтік қарым қатынасқа дейін, пайдаланушылық фото 
мен видионы айырбастау және өз контентін құру. 
Мобильді қосымшалар ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен қатар 
іскерлік және түрлі жарнамалық науқандарды пайдалануда бүгінгі күні 
адам қызметінің көптеген салаларында өз орнын алды. Қазіргі заманғы 
технологиялар мүлдем басқа ұялы құрылғыларға бағдарламаларды 
бейімдеу және қарапайым адам оқи алатындай жасауға мүмкіндік береді.
Мобильдік қосымша (ағылш. «мобильді қосымшасы») - смарт-
фондар, планшеттер мен басқа мобильді құрылғыларда жұмыс істеу үшін 
арналған бағдарламалық қамтамасыз ету. Көптеген ұялы қосымшалар 
құрылғыда алдын ала орнатылған. Бастапқыда, мобильдік қосымшалар 
тек электрондық поштаны тексеру үшін пайдаланылады, бірақ жоғары 
сұраныс мысалы, ұялы телефондар үшін ойындар мен GPS, байланыс, 
бейне көру және интернет пайдалану сияқты басқа да салаларда, олардың 
тапсырмаларын кеңейтті.
Соңғы жылдары телекоммуникациялық радиожүйелердің дамуы 
көшкін түрінде болады. Әсіресе бұл жылжымалы жүйелерге қатысты. 
Қазір кең таралым алған әлемде арналарды уақыттық, жиіліктік және 
кодтық бөлудегі мобильді жүйелер эксплуатацияланады (ұялы 
байланыстың AMPS, GSM, CDMA, транкингтік EDACS, MPT1327 және 
т.б. стандарттар) және де жылжымалы телекоммуникациялық 
радиожүйелер қызметінің пайдаланушылары әрдайым өсіп жатыр. Бұл 
пайдаланушылық терминалдың және қызмет ету тарифтер бағасының 
күрт төсуімен байланысты. 
Бірақ, бұл жүйелер бір-бірімен сәйкес келмейді және пайдаланушы 
әртүрлі жағдайда әртүрлі терминалдарды қолдануға міндетті (ұялық, 
пикоұялық DECT, транкингтік, спутниктік, пейджер). Сонымен қатар 
глобалдық роумингті қамтамас ете алмайтын әртүрлі мемлекеттерде 
әртүрлі сымсыз радиобайланыс стандарттары қолданылады. 


111 
Сымсыз 
байланыс 
жүйелері 
келесі 
белгілер 
бойынша 
классификацияланады: 
а) ұрпақ бойынша: бірінші ұрпақтық аналогтық; екінші ұрпақтық 
сандық; үшінші ұрпақты әмбебап; төртінші ұрпақты кеңжолақты 
мультимедиалық; 
б) тағайындауы бойынша: ұялық; пикоұялық (сымсыз телефондық); 
транкингтық; спутниктық; оптикалық; пейджингтік; 
в) көпстанциялық рұқсат ету әдістері бойынша: арналарды жиіліктік 
бөлу арқылы FDMA; арналарды уақыттық бөлу арқылы TDMA; 
арналарды кодтық бөлу арқылы CDMA; қиыстырылғандар; 
г) 
байланыс 
каналының 
ұйымдастыру 
әдісі 
бойынша: 
симплекстік; дуплекстік; жартылай дуплекстік. 
Барлық технологияларды бір терминалда сыйстыру үшін 1998-1999 
жылы жасалынған жаңа әмбебап мобильді телекоммуникациялық 
жүйелер стандарты (UMTS) қолданылады. UMTS (Universal Mobile 
Telecommunications System) концепциясы қазіргі кезде 3-ші дәуірлі 
жылжымалы телекоммуникациондық радиожүйесінің пайда болу 
шегінде іске асады. Бір диапазоннан екінші диапазонға өту, стандарттан 
стандартқа өту немесе серікті арнадан ұялы арнаға өту мүмкіншілігі 
абонентке өзіне ыңғайлы келетін қызмет түрін таңдауға мүмкіншілік 
береді. Сондықтан UMTS терминалдар бірнеше стандарттарда жұмыс 
істейтін, көпрежимді болып келеді.
GSM сияқты UMTS-ке және басқа да сымсыз байланыс жүйелеріне 
қосылу мүмкіншілігі бар көпрежимді абоненттік аппараттар UMTS 
абонентттеріне UMTS қызметтерге қосылу мүмкіншілігі болмаған 
жерлерде GSM стандартты ұялы байланысқа қосылу мүмкіншілігін 
сақтайды. 
Транкингтік жүйесінің ерекше айырмашылығы бұл- бір-бірімен ортақ 
басқару шина көмегімен байланысқан, бірнеше ретрансляторлардан 
тұратын ретрансляциондық пункттің ортақ жиіліктік ресурсына қосылу 
мүмкіншілігін ұйымдастыруы арқылы жиілік жолағын эффективті түрде 
пайдалану мүмкіншілігі болып табылады. Транкингтік жүйесінің икемді 
архитектурасы жеке, әрі бірнеше абоненттердің немесе барлық 
абоненттердің шақыруларын өткізуге мүмкіншілік береді. Мұндай 
жүйелерде сәулеленуде станция жұмысы үзіліссіз емес, тек эфирдің аса 
жүктелуін азайтатын радиотелефонның тангентін басқанда ғана іске 
асады. 
Бірақ бірінші дәуірлі профессионалды транкингтік жүйесінің 
желілері жоғары конфиденциалдылыққа жауап бере алмайды және 
абоненттік 
құрылғылардың 
идентификациясын, 
абоненттердің 
аутентификациясын қамтамасыз ете алмайды. Бұл тапсырмалар бір-
біріне сәйкес келмейтін аналогты стандарттардың үлкен санының орнын 
баса алатын, екінші дәуірлі (АРСО, TETRA) профессионалды 
байланыстың цифрлық жүйелерінде шешілген. TETRA-ға байланыс 


112 
протоколдары ерекше болатын және түрлі жиілік диапазондарда жүйені 
минималды шығынмен іске асыра алатын универсалды техникалық 
шешімдер кіргізілген.
Сонымен бірге, TETRA техникалық мүмкіншіліктерді көбейтудегі 
саласының мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Бірінші дәуірлі (Inmarsat-
A стандартты) сымсыз серіктік байланыстың жер станциялары негізінен 
үлкен орталық станциялары бар, радиалды-түйінді корпаративті 
желілерді істеу үшін арналған. Мобильді серіктік байланыста 
революциялық түрлендірулер 90-шы жылдарда болды. Олар келесі үш 
фактормен шартталған:

космостық программалардың коммерциализациясымен,

төмен және орташа орбиталарды қолданумен,

цифрлық сигналдық процессорлардың қолдануы арқылы цифрлық 
байланысқа өтумен.
Нәтижесінде төменгі орбиталарда (Iridium, Globalstar), орташа биік 
(ICO) орбиталарда серіктік байланыстың глобальды жүйелердің бірнеше 
жобалары іске асырылды, және екі регионалды жүйелер (AceS и 
Thuraya). 
Транкинг - бұл көптеген абоненттердің шектелген арналар санына 
еркін қосылу мүмкіншілігінің тәсілі. Қандай-да бір уақытта барлық 
абоненттер белсенді болмағандықтан, керекті арналар саны жалпы 
абоненттер санынан анағұрлым аз. Мысалы, арналар саны 5 болғанда (4 
сөйлеу арнасы және 1 басқару арнасы), транкингтік жүйе 300 абоненттке 
қызмет ете алады. 
Ұялы жүйелермен салыстырғанда транкингтік радиожүйелерінің 
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: 
1.
шақырулардың икемді жүйесі - индивидуалды, топтық, аварийді 
және басқалар; 
2.
нөмірлеудің икемді жүйесі - екімәнділерден бастап толық дыбыс 
нөмірлеріне дейін; 
3.
байланысты орнатудың аз уақыты - ұялы жүйелердегі бірнеше 
секундына қарсы секундтың бір бөлігі; 
4.
тиімділігі - құрылғылар және оларды пайдалану шығыны бойынша 
ұялы жүйелерге қарағанда транкингтік радиожүйелер бірнеше есе тиімді. 
Абоненттер арасында байланыс ретрансляторлар арналарын 
автоматты түрде орналастыруды іске асыратын жылжымалы жер 
радиобайланыстың радиалды-аумақтық жүйелердің принципі SmarTrunk, 
MPT 1327 - тан бастап жаңа TETRA-ға дейін барлық транкингтік 
жүйелерді біріктіреді. 
TETRA - бұл цифрлық радиобайланыстың еуропалық стандарты 
болып табылады. Бұл стандарт қоғамдық қауіпсіздік, көлік және 
коммуналдық қызмет саласындағы қолданушыларға негізделген. Уақыт 
арқылы бөлетін көпшілік қосылу мүмкіншілігі бар технологиясын 
қолданатын TETRA стандарты көбінесе адамдар саны үлкен болатын 


113 
қалалық жерлер байланысында қолданылуы керек (мысалы, Еуропаның 
солтүстік-батыс елдерінде). Ол тек шектеулі деңгейлі қуаттарды және 
жиіліктердің тар диапазонын қолданып, транкингтік байланыс 
режимінде ғана жұмыс істеуді қалайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет