Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Үстелдік қосымшалардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет16/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
3.4 Үстелдік қосымшалардың жіктелуі 
Microsoft корпорациясы бүкіл әлемдегі корпоративтік және жеке 
қолданушыларға өз жұмысы мен үйінде жаңа мүмкіндіктерге қол 
жеткізуге жағдай жасайтын құрылғылар мен қызметтердің кең түрлерін 
әзірлеп шығарады.


45 
Корпорацияның шығаратын құрылғылары мен қызметтері арасында 
үстелдік және желілік операциялық жүйелер, клиент-серверлік орталарға 
арналған серверлік қосымшалар, қолданушыларға арналған үстелдік 
бизнес және кеңсе қосымшалары, интерактивтік бағдарламалар мен 
ойындар, интернет желісінде жұмыс жасауға арналған құрылғылар мен 
бағдарлама жасап шығаруға арналған құралдар бар.
Сондай-ақ, Microsoft интерактивтік (online) қызметтерді ұсынумен
компьютер 
тақырыбымен 
байланысты 
кітаптарды 
шығарумен, 
компьютерлерге арналған перифериялық жабдықты өндірумен, зерттеу 
қызметімен және жаңа компьютерлік технологияларды жасап 
шығаруымен айналысады. Microsoft әлемнің 190-нан аса елінде қызмет 
жүргізуде. Microsoft өнімдері 45-тен аса тілге аударылған және де дербес 
компьютерлердің көпшілігімен үйлесе жұмыс жасай алады. 
Windows-те қолданбалы программалар 
қосымша
деп аталады, 
мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, 
дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, 
антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты 
бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word 
текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен 
тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл 
болу керек. Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, 
кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows 
ортасында мұндай объектілер 
құжаттар
деп аталады.
Мобильдік қосымша бұл бағдарламады арнайы смартфондар және де 
басқа мобильдік құрылғыларда қамтамасыз етуге негізделген. Ең 
алғашқы мобильді құрылғылар телефондағы контактілер тізімін реттеуге 
және қызметке хабарлама жіберуді/қабылдауды орындады. 
Мобильдік қосымшалардың ерекшеліктері: 

графикалық және видеоақпараттарды хабарлама арқылы жіберу 
ұзақтығы шектеусіз; 

қосымша қозғалысының ыңғайлылығы; 

қосымшада деректер жинау ыңғайлы(орналысқан жері,тілі және 
тағы басқа); 

интерактивті мүмкіндіктері шексіз. 
Мобильді қосымшаларды интернеттен жүктеу интерактивті процеске 
қатысушыларды тартып қана қоймай және жарнама ортасы да бола алды. 
Мобильді қосымшаларды құруға арналған программалық жабдықтарға 
тоқталайық. 
Мобильді қосымша құру кезінде басты мына операциялық жүйелер 
қолданылады: Android, iOS, BlackBerry, HP webOS, Symbian OS, 
Windows Mobile және т.б. 


46 
Мобильді қосымшаларды құрудың бірнеше бағдарламалары бар. 
Солардың ішінде ең тиімдісі AppsGeyser бағдарламасына тоқталып 
өтейік. 
AppsGeyser сізге 2 оңай қадаммен кез-келген Android App веб-
мазмұнды түрлендіруге мүмкіндік беретін тегін веб-платформа. 
Адамдарға өз қиялдарынан туындаған мобильдік қосымшалар құруға 
көмектесу үшін жасалынған. 
AppsGeyser Android үшін қарқынды дамып келе жатқан Do-It-Yourself 
App генераторы болып табылады: 
2011 жылдың 25 қаңтарында іске қосылды; 
2011 жылғы 14 сәуірде 1 миллион данасы жүктеп алынған; 
2011 жылдың 2 маусымында 29000 қосымшалар платформада 
жасалынған; 
2011 жыл 21 шілдеде күнделікті пайдаланушылар саны 1000000 
жетті; 
2012 жылдың 4 маусымында жүктеп алушылар саны 50 миллион 
бірлікке жетті; 
2012 жылдың қазан айында 100 млн жүктеп алушылар және 4 млрд 
жарнама көрсету; 
2013 жылдың шілде айында 500000 қосымшалар платформада 
салынған. 
AppsGeyser – ақпаратты ұсыну үшін сөзсіз жаңа көзқарас. Платформа 
Онлайн ортада өздерінің клиенттерін, пайдаланушыларын және сіздің 
брендіңізді ойлайтындарға арналған. 
AppsGeyser клиенттердің жаңа аудиториясын тарту және іскерлік 
байланыстарды орнату үшін жаңа маркетингтік арнаны ұсынады. 
Адамдар интернетті пайдаланып ақпаратты іздеуіне байланысты 
Google 
Play 
күштірек дамып және өзгеріп отыр. Android 
пайдаланушылар үшін ақпаратты алуға немесе қызметті пайдалануға 
браузерден гөрі бағдарламаларды қолданған оңай және ыңғайлы. Google 
Play ортасына өз бағдарламаңызды жібере отырып, оны миллиондаған 
пайдаланушылар қол жетімді түрде оңай таба алады. AppsGeyser 
көмегімен сіз өз Android App бағдарламаңызды тез жасай аласыз. Ол 
үшін сізге кодтауды немесе оның қалай жасалатыны туралы білудің 
қажеті жоқ. Жай жеңіл екі қадамды орындай отырып, сіздің қосымшаңыз 
жұмыс істеуге дайын болады. 7-суретте AppsGeyser бағдарламасының 
интерфейсі көрсетілген. 
Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру 
ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру 
ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі 
– ұлттық бірыңғай тест. 


47 
7-сурет. AppsGeyser бағдарламасының интерфейсі 
Қосымшада екі пән таңдап алынды: физика және математика. Пән 
бойынша тақырып тарауға, бөлімдерге бөлінген. Әр тараудан кейін, әр 
бөлімнен кейін, әр тақырыптан кейін бақылау жүйесі құрылған. 
Тапсырмалар мен оқу материалдары оқушының бiлiм деңгейiне сай 
оқыту процесiндегi дараландыру әдiсiн жоғары деңгейде жүзеге 
асырады. Бiлiктiлiк пен дағдыны автоматты түрде бақылау жүйесi 
оқушының бiлiмiн объективтi түрде бағалауға мүмкіндiк бередi. 
Қайталанбайтын көпнұсқалы және ерекше жағдайларға арналған 
тапсырмалар жүйесi оқушының білім деңгейін арттырады. 
Қорыта келгенде айтатынымыз, заман талабына сәйкес ақпаратты 
таратудың жаңа үрдісі болып отырған планшет пен смартфондар тек 
қана ойын – сауық кұралы ғана емес оқушылардың білім сапасының 
деңгейін артуына пайдалы болатынына нақ сенімдіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет