Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

Бақылау сұрақтары:
1. Адам-компьютер өзара әрекеттесуі қандай ғылыми бағытты қамтиды?
2. Компьютерлік интерфейстің аппараттық қамтамасыздандыруына не жатады? Оларды
сипаттаңыз.
3. Адам-компьютер өзара әрекеттесуіне арналған қандай факторларды білесіздер?
Түсініктеме беріңіз.
4. Интерфейстің юзабилити мағынасын түсіндіріңіз.
5. Пайдаланушы интерфейсі ретінде нені түсінесіз?
6. Пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың тәсілдері. Олардың артықшылықтары
мен кемшіліктері.
7. Пайдаланушының командалық жолдар интерфейсі мен графикалық интерфейсі.
8. WIMP аббревиатурасымен не белгіленеді? Олардың артықшылықтарымен қатар про-
блемаларын түсіндіріңіз.
9. Интерфейсті құрудың негізгі принциптерін келтіріңіз. Әрқайсысына жеке-жеке тоқта-
лыңыз.
10. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің қандай элементтерін білесіз? Қысқаша
түсіндіріңіз.
11. Иконкаларды бойындағы функцияны нақты көрсетуіне байланысты қалай жіктеуге
болады?
12. Айналдыру жолағын құрастыру кезінде ескерілетін талаптар.
13. Құрал-сайман тақтасы дегеніміз не? Ол неден тұрады? Олардың артықшылықтары
мен кемшіліктері.
14. Мәзірдің кездесетін негізгі жіктелуі.
15. Тәжірибелі пайдаланушыларға арналған құрал-саймандар тақтасы. Статус жолы.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
54
 
5-тарау
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
 
 
5.1. Деректер қорын басқару жүйесі:
ұғымы, сипаттама, құрылымы
 
Кейбір нақты объектілердің (жүйенің) пән аймағының бар болуы, мысалы, кәсіпорын-
ның кадрлық құрамы, қорытындылау емтихандарының үрдісі, кітапханада кітап қорының бар
болуы, нақты бір объекті атрибуттарының, сипаттамаларының жәнеқасиеттерінің бар болуы,
компьютерлік іске асыру мүмкіншілігінің бар болуы ДҚ-ны құрудың ең негізгі критерийі
болып табылады.
ДҚ – арнайы бір пән аймағында жататын берілгендер жиынтығы.
ДҚБЖ –ДҚ-ны құруға арналған программалық құрал. ДҚБЖ деректер қорын толықты-
руға, өзгертуге, ақпаратты іздеуді жүзеге асыруға, сұрыптау, топтастыру және есеп беру құжат-
тарын алуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты сақтау қажеттілігі оның мәні болып табылады.
ДҚ-ны иерархиялық, желілік және реляциялық болып 3 түрге түрге бөледі.
1. Иерархиялық – осылай деректерді сақтауда әрбір ақпарат белгілі бір мән ретінде қол-
данылады, осы мәнге тәуелді еншілес элементтері болады, бірақ барлығы басталған бір элемент
бар.
Ақырында мұндай қордың түрін ағаш ретінде көрсетуге болады. Мұндай ДҚ-да ақпа-
ратты іздеу ыңғайлы емес және көп уақытты талап етеді. Иерархиялық ДҚ ағаш түрінде
берілгендіктен, ақпаратты іздеу кезінде сол ағаштың әр бұтағын және ондағы бұтақтарды
жапырақтарымен аралап шығуымыз керек болады. Осыған байланысты иерархиялық ДҚ рела-
циялық ДҚ ретінде кеңінен қолданыс таппады. Күрделі емес ДҚ-ны құрған кезде және бірі-
бірімен байланысы аз ақпараттарды өңдеуде иерархиялық ДҚ-ның бір артықшылығы бар, сон-
дай-ақ деректер көзі және уақытқа байланысы ақпараттардың өсуіне байланысты емес.
2. Желілік ДҚ – бұл иерархиялықтың толықтырылған түрі, өйткені бір ғана бұтағы
бар объектілер болады. Желілік модельдерде объектілер арасындағы байланысқа шек қойыл-
майды. Бұған мысал ғаламтор болып табылады. Бірыңғай үлестірмелі желілік ДҚ бір-бірін
гиперсілтеме арқылы байланыстыратын миллиондаған құжаттардан тұрады.
3. Реляциялық ДҚ қазіргі заманда үлкен қолданысқа ие болды. Объектілер бағандар
параметрін көрсететін екі өлшемді кестелер түрінде ДҚ-ның ішінде сақталады. Бағандар саны
санаулы. Ал жолдар саны шексіз. Сонымен қатар бағандар бір-бірімен логикалық байланысқан.
Реляциялық ДҚ-ның ерекшеліктері:
– деректердің кесте түрінде берілуі;
– логикалық және физикалық тәуелсіздік. Әртүрлі пайдаланушылардың бір тұжырым-
дамалық модельді пайдалануы логикалық тәуелсіздікті береді. Ал физикалық тәуелсіздікте
ешқандай физикалық сипаттамасы жоқ модельді пайдалану болып табылады;
– жоғары деңгейлі тілдерді қолдану. Программист процедуралық тіл (сұраныстарды
жазу) көмегімен деректерге қол жеткізу стратегиясын құра алады;
– ДҚ-ға қол жеткізуді оңтайландыру. Оңтайландыру физикалық тәуелсіздік және проце-
дуралық емес программалау тілдерін пайдалану есебінен жүзеге асады;
– деректердің тұтастығы мен оларды қорғау. Логикалық схемалар есебінен тұтастыққа,
ал процедуралық емес программалау тілдерін қолдану арқылы деректерді қорғауға қол жет-
кізіледі;


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
55
– кеңінен қолданылуы. Реляциялық ДҚ программистер үшін ғана емес, қарапайым қол-
данушыларға да есептелген (мысалы, Miсrоsоft Оffiсе Ассsеss).
Байланысты жасау үшін артық өрістердің болуы реляциялық ДҚ-ның кемшілігі болып
табылады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет