«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет39/81
Дата24.08.2023
өлшемі7,33 Mb.
#105550
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
(С) Жоспарлау және 
орындау
(С1) Орындалатын іс-
әрекеттер жөнінде команда 
мүшелерімен байланыс жасау 
(С2) Жоспарларды қолданысқа 
енгізу 
(С3) Өзара байланыс 
ережелеріне жүгіну 
(D) Бақылау және 
бейнелеу
(D1) Жалпы түсінікті 
тексеру және реттеу 
(D2) Іс-әрекетті тексеру 
нәтижелері және мәселені шешудегі 
үлгерімді бағалау 
(D3) Тексеру, кері 
байланыс құру және 
команданың ұйымы мен 
рөлдерге бейімделу 


62 
МБШ блоктары чатқа негізделген тапсырмаларды қамтиды. 
Олар чатта білім алушылар ұсынылған мәселені шешу үшін, 
команданың үлгі мүшелерімен немесе бір немесе бірнеше 
өкілдерімен өзара әрекеттеседі. Білім алушыларға чаттың 
опцияларының жиынтығын ұсынады және анағұрлым сәйкес келетін 
нұсқаны таңдауды сұрайды. Одан кейін, олардың таңдауы чаттың 
тарихынан көрінеді, ал содан кейін бір немесе бірнеше өкілдің 
берген жауаптары шығады. Оқушылар қажеттігіне қарай чаттың 
тарихын тінтуірдің көмегімен айналдыра отырып қарай немесе оқып 
шыға алады.
Өкілдерден алынған жауаптар білім алушылның таңдауына 
негізделген. Нәтижесінде әрбір блок үшін жұмыс барысының бірнеше 
жолдары болады. Оқушылар кез-келген қате немесе тиімсіз жауап 
үшін, болмаса тапсырманың орындалуына байланысты ешқандай 
жазаланылмайтынына кепілдік беру үшін, әр блок өзара байланысты 
немесе бақылау нүктелері ескеріле отырып әзірленген. Бұл 
нүктелерде өкілдердің бірі қажетті ақпаратты ұсынады немесе 
оқушыларды тапсырмамен одан әрі жұмыс жасау үшін мәселені 
бірлесе шешу процесін алға жылжытуға көмектеседі. 
Чаттағы өзара байланыстармен бірге МБШ блоктары экранның 
оң жағындағы тапсырмалар саласын қамтиды. Онда білім алушылар 
бір-бірімен байланыс жасап, өкілдер жазған ескертпелерді қарады 
немесе тапсырма бойынша жұмыстың барысын қадағалай алады. 
Төменде көрсетілген Сапар блогының 1-бөлімінде үлгі экрандағы 
тапсырмалар саласы команда үшін белгіленген мәселені шешуге 
қажетті ақпараттары бар үш веб-сайтқа берілген интерактивті 
сілтемелерді, сондай-ақ команда мүшелері негізгі ақпаратты жазып 
отыратын блокнотты қамтиды. 


63 
Чат жолы Тапсырма жолы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет